Просмотр содержимого документа
«Сын есімді қайталаймыз»
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы : Сын есімді қайталаймыз .
Сабақтың мақсаттары :
Сын есім туралы алған білімдерін еске түсіріп , өз біліктіліктерін анықтауға үйрету ;
Ойлау , жүйелеу , талқылау қабілеттерін жетілдіру ;
Сауатты , көркем жазуды дағды ету ;
Сабақтың түрі : педагогикалық шеберхана ;
Сабақтың барысы :
Индуктор : Әр топқа бір жеміс-жидектің суреті беріледі . Сол сурет арқылы заттың түрі , түсі , иісі , дәмі , көлемі туралы көбірек сөздер келтіріп , жазу керек .
Мысалы : Алма – қызыл , сары , жасыл , дөңгелек , хош иісті , дәмді , қышқыл , шырынды , тәтті , ірі , кішкентай , ұсақ ;
Бұл сөздерге қандай сұрақ қойылады ?
Бұл сөздер қай сөз табына жатады ?
Сын есім туралы не білеміз ?
Деконструкция : Топ мүшелері сын есім туралы тірек сызба құрастырады.
Ірек жолмен сызылады
Сөз табы
Заттың сынын білдіретін сөздер
Қандай?Қай ? деген сұрақтарға жауап береді
Сөйлемде анықтауыш рөлін атқарады
Сын есім
Реконструкция :
1 жаттығу : Мәтінде қандай аң туралы айтылып тұрғанын анықта . Мәтінде қандай аң туралы айтылып тұрғанын қай сөздер арқылы білдік ? Ол сөздер қандай сөз табы болады ? Мәтінге ат қой .
Әр топ мүшелеріне тапсырма : бір жануар туралы осындай мәтін құрастырып , жазу керек .
Мысалы : Балалар орманда үлкен жануарды көрді . Ол ірі , салмақты , қоңыр аң. Оның қалың жүні , өткір тырнақтары , мықты денесі бар . Ол балды ұнатады . Оның ақырған дауысы қорқынышты болады .
Афишалау :
Топтар құрастырған мәтіндерін ортаға салады . Құрастырған мәтіндерінде қандай сын есімдер бар екенін түсіндіреді , сол сөздер сын есімге жататынын дәлелдейді .
Жануарды / қандай ? / үлкен , аң / қандай ? / ірі , салмақты , қоңыр .
Ағынан жарылу :
3 жаттығу : Өлеңді көшіріп жаз . сын есімдердің астын сыз . сын есімдер қай сөзбен байланысып тұрғанын көрсет , дәлелде .
Кең дала біздің тамаша ,
Әдемі өзен - көлдері .
Секілді жайған алаша ,
Көк орман – тоғай өрнегі .
Дала / қандай ? / кең , дала / қандай ? / тамаша , өзен – көлдері / қандай ? / әдемі ,
орман – тоғай / қандай ? / көк , өрнегі / қандай ? / секілді жайған алаша .
4 жаттығу : Суреттегі заттардың атауын салыстыра отырып жаз .
Үлгі : Бұрыш ащы – бал тәтті .
Мағынасы бойынша қарама – қарсы сын есімдерді ата .
Ащы – тәтті , кең – тар , ақ – қара , ауыр – жеңіл , ірі – ұсақ , мықты – әлсіз .