Жаңа тақырып | Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыру арқылы көрсететін шырай түрі салыстырмалы шырай деп аталады Мысалы: үлкен-үлкенірек, жақсы-жақсылау, терең-тереңірек, көк-көкшіл т.б Салыстырмалы шырай мынадай жұрнақтар арқылы жасалады. –рақ,-рек,-ырақ,-ірек –лау,-леу,-дау,-деу –аң,-қай,-ша,-ше –шыл,-шіл,-шылтым,-шілтім Оқулықтағы тапсырмаларды орындау .Жеке оқушылармен жұмыс: Салыстырмалы шырай тұлғасында тұрған сын есімдерді тауып,жұрнақтарын дефис арқылы бөліп жазыңдар. Ақылды, от, ауырлау, сиректеу, көргіш, жинақы, сергек, қоңырқай, сарғыштау, ақшылтым, таяз, қышқылтым, тереңірек, тәуірлеу. Тақтамен жұмыс: Бірнеше сөйлемдерді синтаксистік талдау жасайды. |
Сергіту сәті | Әні: М. Жәутіков Сөзі: Я. Заханқызы Бақытымның бастауы, Арманымның асқары Айгөлек. Биіктерге самғайтын, Қанат берер талмайтын Айгөлек Қайырмасы: Айгөлек жастары өнер қуған, Айгөлек достары жаны нұрдан. Шырқайық бәріміз Айгөлекті, Жұлдызы болайық Айгөлектің. Мың бұралған бишіміз, Күміс көмей әншіміз, Айгөлек Өнер көзін ашқанда, Талап берген жастарға Айгөлек Қайырмасы: Айгөлек-ау, Айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Айдай толған кезімде, Би билейтін дөңгелеп. | Оқушылар сергіп, демалады |
Шығармашылық жұмыс | Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. 1.Сын есім қалай түрленеді? 2. Сын есімнің шырайы дегендіміз не? 3.Шырай нешеге бөлінеді? 4. Салыстырмалы шырай қандай жұрнақтар арқылы жасалады? | Оқушылар сұрақтарға жауап береді Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды |