Просмотр содержимого документа
«Сын есімнің түрленуі»
Қаракөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы» КММ-нің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Рахимова Мөлдір Сатыбайқызы
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы : Сын есімнің түрленуі
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Сын есімнің түрлену ерекшелігін түсіндіру арқылы сын есім туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Алған білімдерін талдауға, жинақтай білуге машықтандыру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,білім алуға ынтасын арттыру.
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап, түсіндіру,топтастыру
- Балалар бір-бірлеріңе есімдеріңнің бірінші әріптерінен басталатын мінездеріңе байланысты жақсылық сөзін сабаққа ұран етіп айтасыңдар.
Аружан,сен ақкөңілсің.
Нұрдәулет, сен намысшылсың.
Ақсәуле,сен ақылдысың.
Нұрсұлтан,сен нарқасқасың.
Елжас,сен ержүрексің.
Гүлзат, сен гүлдейсің.
Данияр,сен данышпансың.
Ермахан,сен ептісің.
Аслан,сен ашықсың.
Нұртас,сен нағыз адамсың.
Перхат,сен пысықсың.
Осы айтқан қасиеттерің қандай сұраққа жауап береді? (Қандай?)Қай сөз табының сұрағы? (Сын есім).- Ендеше,балалар біз бүгінгі сабақта сын есімнің түрленуін өтеміз.
ә) Үй тапсырмасын сұрау :
«Бүгінгі күннің сұрағы» әдісі
1) Қазақ тілінде неше жалғау бар?
2)Зат есім қалай түрленеді?
3) Қазақ тілінде неше септік бар?
4) Арман сөзін септеп,зат есімді қатыстырып,сөйлем құра.
5) Зат есімнің жіктелуі туралы не айтасың?
6) Әдет сөзін септеп,зат есімді қатыстырып,сөйлем құра
9) Дәйексөз сөзін септеп,зат есімді қатыстырып,сөйлем құра.
10)Зат есім сөйлемде қандай қызмет атқарады?
11)Гүлзар сөзін септеп,зат есімді қатыстырып,сөйлем құра.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Сын есімнің не екеннін сурет арқылы топтастыра отырып, ережесін шығарып алайық.
Қызыл жақсы (сапасы)
(түсі)
қатты (сыны)
Алма (қандай?)
Дөңгелек (көлемі)
Тәтті (дәмді)
Сын есімнің анықамысын шығару
Заттың сынын, сапасын, дәмін, түсін, көлемін білдіретін, қандай? деген сұраққа жауап беретін сөз табын айтамыз.
Сын есім құрамына қарай дара, күрделі болып екі түрге бөлінеді. Тұлғасына қарай негізгі және туынды. (ереже сұрау).
Мыс: көк, көкшіл, қып-қызыл,қара ала.
Сын есімнің мағынасына қарай түрлері болатынын біз білеміз. Олар: Сапалық және қатыстық сын есімдер.
Сапалық сын есім – түбір күйінде заттың сынын тікелей білдіретін сын есім. Мыс: жасыл, ала, қызыл, күрең.
Қатыстық сын есім – басқа сөз таптарынан жасалған сын есім. Мыс: қына-лы, алақан-дай, жиде-лі.
Сын есімнің шырай формасына енуі түрленуі деп аталады.
Бір тектес сапалақ сынның бірінен екіншісінің артық я кемдігін, әр түрлі дәрежеде болатынын білдіруді сын есімнің шырайы деп аталады.
Сын есімнің шырайы: Салыстырмалы және күшейтпелі шырай
Суреттерге қарап, мысалдар арқылы ережесін шығару.
Салыстырмалы шырай – бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін шырай түрі. Мыс: ауырырақ, кішірек,ақшыл, жылылау.
Күшейтпелі шырай – белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі. Мыс: Сап-сары, өте жарық, аса маңызды.
Шырайдың жасалуының өзіндік ерекшелігі бар:
1.Сын есімнің шырайлары сапалық сын есімдерден ғана жасалады. Біртектес сынның әртүрлі дәрежеде болуы тек сапалық сынға тән, ал қатыстық сында ондай қасиет болмайды. Мыс: үлкен-үлкенірек-аса үлкен. Ал таулырақ,таулылау, аса таулы деп айта алмаймыз.(тау сөзі зат есім, яғни басқа сөз табынан болып тұр, демек бұл қатыстық сын есім)
2.Шырай түрлері сапалық сын есімге: а)қосымша жалғану арқылы; ә) күшейткіш буын қосарлануы немесе күшейткіш үстеулер тіркесуі арқылы жасалады.
Мыс: Салыстырмалы шырай: қызыл-дау, қызыл-ырақ; Күшейтпелі шырай: қып-қызыл, тым қызыл, өте қызыл, ең қызыл, аса қызыл. (Кесте бойынша түсіндіру).
«Кітап - білім бұлағы»(Жаттығумен жұмыс жасау)
49-жаттығу. Берілген сын есімдерді түрлі реңге түрлендіріп көріңдер. Қайсысы түрленеді, шырай түрін анықтаңдар.
Әдемі-әдемілеу, әдемірек, өте әдемі; Көк-көкшіл, көгілдір, көкпеңбек, тым көк.
Жүдеу, сулы, денелі деген сөздер бізде түрлене ме? Жоқ, олар қатыстық сын есім.
«Біліміңді байқап көр»
Көп нүктенің орнына қарсы мәндес сөзді тауып, оларды түрлендіру.
Семіз – арық. (С.т-арықтау, К.ш-өте арық, тым арық)
Жаңа-көне (көнелеу, өте көне, ең көне)
Қараңғы-жарық (жарықтау, өте жарық, жап-жарық)
Сұйық-қою (қоюлау, өте қою, қоп-қою)
Жуас-пысық (пысықтау, өте пысық)
Үлкен-кіші (кішілеу, кішірек, өте кіші, тым кіші)
«Кітап - білім бұлағы»
50-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, ішінен сын есімдерді теріп жазып, шырай жасаймыз.
Сұлу, ару, қолаң қара, бұйра, әдемі, көк, қап-қара, әп-әсем.
«Сұраймын,жауап бер». (графикалық диктант).
Үлестірмелі кесте. Сын есім мен зат есімді сәйкестендіру.