Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік-Мәңгілік Ел мұраты»
Тәуелсіздік-Мәңгілік Ел мұраты
« Қасиетті қазақ жері -
ата-бабаларымыздың даңқты тарихын атының тұяғымен жазып кеткен жер».
Нұрсұлтан Назарбаев
Киелі неткен жер!
Анадан асып туған ақиық, ардагер ата-бабамыз ғасырлар бойы тыным таппастан, кірпік қақпастан, "ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып", ата-жұртымыздың өз атамекенін өзінен қызғанған, ұлтымыздың туған жерге дарыған киелі қасиетін қасіретіне айналдырмақ боп жан-жақтан аранын аша анталаған қара-құрым қалың жауға қасқая тұрып, бастарын бәйгіге тігіп, тырнағымен жер бүріп,отбасынан басталған Отан-ордасының ойы-қыры мен сай-саласын қанымен жуып, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен шыбын жанын шүберекке түйіп жүріп сақтап қалып бізге жеткізген Ұлы даланы - барлық Әлем - Қазақстан деп таниды. Бұл Тәуелсіз Қазақстан!
Тәуелсіз Қазақстанға 25 жыл!
Қайсар қазақ.
1)Қазақ халқына тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Дербес ел болуды, ешкімнің қоласты құлы болмауды ғасырлар бойы бабаларымыз аңсап өтті.
«Мен-қазақ, қазақпын деп мақтанамын,ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен Алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды.
"Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек Мемлекет болар" Әлихан Бөкейхан, "Қазақ" газеті № 235, 1917 жыл.
Қазақ жерінде Кеңес үкіметі нық орнаған кезде Кеңес елінің басшысы Н. С.Хрущев еліміздің солтүстігіндегі 5 облысты біріктіріп, тың өлке құрып, Ресейдің бір аймағына айналдырмақшы болғанына қарсы шыққан .
Қайсар қазақтың бірі – Жұмабек Ташенов болды.
Сөйтіп,Қазақстан басшылығы мен оның халқының пікірімен Н.С.Хрущев та санасуға мәжбүр болып алғашқы ойынан қайтады.
Тәуелсіздікке қол жеткізудің шешуші кезеңі "Желтоқсан" оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасына биыл 3О жыл
толып отыр. Сол Алаш қайраткерлерінің
азаттық идеясын жалғастырған,
қыршын кеткен арыстардың аманатын
арқалаған кейінгі толқын - 1986 жылдың
желтоқсанында Тәуелсіздік үшін күресе
білді.
Видео
Тәуелсіздік жолында қаза болған жандарға мың тағзым!
Азаттық жыры – Ұрпақ жалғастығында
Анадан батыр да, ақын да туады демекші, қазақ анасынан елін жаудан қорғайтын батыры да, Азаттықты жырлайтын, өмірді сүюге шақыратын ақ иық ақындары да туған . Батыр бабаларымыздың арқасында ұлан байтақ жер қалса, ақын-жыршыларымыздан қасиетті сөз қалды. Ұрпақ жалғастығы ретінде үш кезеңде өмір сүрген сөз зергерлерін алсақ олар: ХХ ғ. басында «Тәуелсіздікті» армандап, «Мен жастарға сенемін» деп кеткен М.Жұмабаев, сол Алаш арыстарының арманы орындалғанына куәгер болған, бүкіл әлемге «Мен Қазақпын» деп жар салған Ж. Молдағалиев және тәуелсіздіктің төріндегі ерке ақындарымыздың бірі Қ.Сариннің «Еркіндік», «Тәуелсіздік» жайлы азаматтық ой толғауларына тоқталайық.
Қалқаман Сарин аман
Қалқаман Сарин аман
Қалқаман Сарин аман
Қалқаман Сарин аман
Мағжан Жұмабаев
Жұбан Молдағалиев
Қалқаман Сарин
Бағындырған белестер,
жеткен жетістіктер
Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан – бұл азат ел танысыңдар.
Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,
Қазақ еліегеменді, сан ұлты бар.
Қазақстан көк байрағының, елтаңбасының, әнұранының автоларын атаңыздар?
Жауабы:Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы - белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары - белгілі суретшілер Жандарбек Мәлібек пен Шот-Аман Уәлиханов.
2006 жылы жаңа Гимн қабылданды.
Жаңа Гимнің негізі өткен ғасырдың екінші жартысының елуінші жылдарындағы бақытты өмірді жырлаған, халыққа танымал патриоттық ән- "Менің Қазақстаным болды.Әуенін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Жұмекен Нәжімеденов жазған ән ондаған жылдар халық арасында кеңінен таралды. Қазақстан Гимнінің сөзін уақыт өлшемімен үндестірген бірлескен автор - еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті неше елдің қатарына енді?
Жауабы: Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді.
Елорда Ақмола қаласына қай жылы көшірілді?
Жауабы: 1997 жылы Елорда Ақмола қаласына көшірілді.
Ақмола қаласы қай жылы «Астана» деген атқа ие болды?
1998 жылы Ақмола қаласына«Астана» деген ат берілді.
Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналысқа қашан енгізілді?
Жауабы: 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның валютасы – теңге айналысқа енгізілді.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қанша жазғы Олимпиадаларға қатысты? Спортшыларымыз қанша медаль алды? Солардың ішінде неше алтын, неше күміс, неше қола медальдарға ие болды?
Жауабы: Қазақстан тәуелсіздіктен кейін 6 жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, 67 медаль, оның ішінде 19 алтын, 22 күміс және 28 қола жүлдеге ие болды.
Қазақстанның ЕҚЫҰ (ОБСЕ)қатысы туралы айтыңыздар?
Жауабы:Қазақстан 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) төрағасы болды. Төрағалықтың басты нәтижелі түйіні – ЕҚЫҰ-ның онжылдық үзілістен кейінгі 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда өткен Астана Саммиті.
БҰҰ на Қазақстан қай жылы мүше болып қабылданды?
Жауабы: 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.
БҰҰ да Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев қай тілде сөйледі?
29. 09. 2015. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясында қазақ тілінде баяндама жасады.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қай жылы халыққа таныстырылды?
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы
2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы
«Мәңгілік Ел» идеясы қашан айтылды?
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
2014 жылғы 17 қаңтар
Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!
Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.
:" Мәңгілік Ел" идеясының түп-тамыры қайда жатқандығын мына Видеодан көрелік.
Академик Мырзатай Жолдасбековтың сөзі.
Бұрынғы Түркі қағанаты дәуірінен бергі ата-бабаларымыздың арманы мәңгілік ел орнату еді. Бүгінде Елбасымыздың сол тарихты жаңғыртып, оны іс жүзіне асырып отыр, деді академик Мырзатай Жолдасбеков.
«Осыдан 1300 жыл бұрын, алтыншы ғасырда кейін Дешті Қыпшақ аталған байтақ далада Түркі қағанаты дейтін мемлекет құрылды. Оның орталығы біздің Қазақстандағы Шу бойынан орын тепті. Елдің негізін қалаушы біздің Бумын қаған мен Естеміс қаған үлкен реформаторлар еді. Одан кейін екінші түрік қағанатын құрған Елтеріс хан мен ұлы Күлтегін де, одан қалды кемеңгер бабамыз Тоныкөктің де мәңгілік ел орнатуды мақсат еткені белгілі. Бұл тарихи дерек бүгінде осы күнге дейін тасқа қашалып жеткен. Елбасы осы ұлттық идеяны қайта тірілтіп отыр. Бұл Президентіміздің тарихты қайта жаңғыртуы,» - дейді академик.
Оның айтуынша, Мәңгілік ел орнату үшін бүгінгі ұрпақ ең алдымен осы ұлы далада бүгінгі таңда салтанат құрған Тәуелсіз Қазақстанды мекен еткен халықтың нәсіліне, дініне, ұлтына қарамай тең көруі керек.
«Ынтымақты сақтау керек. Екіншіден көршілермен тату болып, олармен дұрыс қатынас құруы керек» - деді ол.
2015 жылдың 30 қарашасында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында :
Қымбатты қазақстандықтар!
Дағдарыстардың бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Мен айтып өткеннің барлығы жеңуге болатын, біз жеңе алатын бөгеттер. Біз көлденең шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз.
Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!
Мен халқыма сенемін. Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін! Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін!