Үй жұмысын тексеру: Топтық жұмыс. «Ұмытылмас демалыс» деп аталатын жазғы демалысқа арналған бағдарлама дайындап, жарнама жасау берілген. Бағалау өлшемдері: Жарнаманың тақырыпқа сай жасалуы 2 балл Оқушылардың сауатты, дұрыс сөйлеуі 3 балл Бағдарламаның қызық әрі тартымды болуы 2 балл Регламентті сақтау 2 балл | Әр топ өз бағдарламасын ұсынады. Қарсылас топтың жарнамасын бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалайды. І топ ІV топ ІІ топ ІІІ топ | 7 мин |
Мағынаны тану. 1-тапсырма. Әр топқа бір сұрақтан қойылады. Үстеудің неше мағыналық түрі бар? Күшейткіш үстеу деген не? Туынды сын есім қандай сөз таптарынан жасалады? Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?Тәуелдік жалғауының басқа жалғау түрлерінен қандай айырмашылығы бар? Өткен шақ қай кезде болған қимылды білдіреді? Неше түрі бар? МОЗАИКА 2-тапсырма. Жаңа топтарға мәтін мазмұны бөлініп беріледі. Мәтінді оқып, түсінеді. Талқылайды, өзіне қажет жерін түртіп алады. Жаңа топ мүшелері өзінің бастапқы тобына оралады. Кезегімен мәтін мазмұнын әңгімелейді. 3-тапсырма. FILA кестесін толтыру. | Оқушылар топқа бөлінеді. Ақ түсті бейджиктер №1,№2,№3,№4,№5 Сары түсті: №1,№2,№3,№4;№5 Қызыл түсті: №1,№2,№3,№4;№5 Жасыл түсті:№1,№2,№3,№4;№5 Топ басшысын сайлап алады, топбасшысы бағалау парағына белсенді қатысқан оқушыларды белгілеп отырады. Сұрақтарға жауап береді. 2-тапсырма.Әр топ өзіне берілген мәтіннің мазмұнымен танысады. Ақ түсті үстелге №1-лер келіп отырады. Сары түсті үстелге №2-лер Қызыл түсті үстелге №3-тер Жасыл түсті үстелге №4-тер Нөмірсіз үстелге №5-тер келіп отырады. Жаңа топ мүшелері өзінің бастапқы тобына оралады. Кезегімен мәтін мазмұнын әңгімелейді. Топ басшысы өз тобындағы оқушылардың көркем, анық сөйлегендерін бағалайды. 3-тапсырма. І топ Мәтін бойынша нақты мәліметтерді теріп жазады. ІІ топ Мәтін идеясын ашады. ІІІ топ Мәтін бойынша сұрақтар дайындайды. ІV топ Мәтінге жоспар құрады. Өз жұмыстарын тақтаға іледі. Бір-бірін бағалайды. І топ ІV топ ІІ топ ІІІ топ | 6мин 5мин 5мин 10мин |
Рефлексия. | Сауалнама . 1.Сабақта мен .... жұмыс жасадым. (белсенді-енжар) 2.Сабақтағы өз жұмысыма ... . (ризамын-риза емеспін) 3.Сабақ маған ... болып көрінді. (ұзақ-қысқа) 4.Сабақ барысында мен ... .(шаршап кеттім-шаршамадым) 5.Менің көңіл-күйім ... . (жақсарды-түсіп кетті) 6. Маған сабақ материалы ... (түсінікті-түсініксіз) , (пайдалы-пайдасыз), (қызық- іш пыстырады), (оңай-қиын) | 5мин |