-Сәлеметсіздер ме, балалар! -Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен өткізу үшін, біз бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. «Жүректен жүрекке» ойыны (тілектер айтылады. ) -Денің сау болсын! -Ұқыпты бол! -Батыл бол! -Кішіпейіл бол! -Ізетті бол! -Әдепті бол! -Ақылды бол! -Білімді бол! -Сүйкімді бол! -Қазақтың баласы бол! -Отаныңның баласы бол! -Еліңе қорған бол! -Арманшыл бол! -Әжеңнің шуағы бол! -Атаңның ұрпағы бол! –Өнерлі бол! -Биші бол! -Әнші бол! -Өнерің өрге жүзсін! -Нұр жаусын! -Мерейің үстем болсын! -Білім беріп, жақсылыққа тәрбиелегеніңіз үшін рахмет! -Рахмет! -Міне, балалар, бір-бірімізге денсаулық тілеп, жақсылық жасасақ, ол өзімізге жақсылық болып оралады екен. Берілген күннің, гүлдердің суреті арқылы бөліну -Балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Табиғат-анамыз. Тапсырма №1 «Табиғат» сөзіне кластер Тапсырма №2 Мәтінді оқып, топ болып аудару Табиғат-анамыз Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өңеді. Ол өзіңдегі барды адамға, жан-жануарларға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештене жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайды қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездері табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп тұр. Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем алдында экология мәселелері тұр. Адам ақыл-ойының нәтижесі-алып зымырандар, атом стансылары, зауыттар, т.б. ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта, жеңілдете түсумен қатар қауіп-қатер туғызуда. Осының бәрі экологиялық сананың жеткіліксіздігінен, адамдардың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін жете сезінбеуінен. Адам өміріне экологиялық зардаптардың әсер ете бастауы-олардың қоршаған ортаға жыртқыштықпен қарауының салдары. Жабайы табиғатты бағындырып, адамдар өздерін жердің «иесіндей» сезінді. Бірақ ұқыпты иеленуші болу қажет екенін бірден ұғына қоймады. Табиғат байлықтарының шектеулі екенін, табиғаттың байлығын сақтауға, молайтуға қамқорлық қажет екенін түсіну үшін қаншама уақыт өтті. «Сергіту сәтін» өткізу. Қимылдарды қайталау. Тапсырманы орындағаннан кейін бір-бірімен дәптерлерімен ауысып бағалау парағы бойынша бағалау. Тапсырма №3 Керекті сөздерді орындарына қойып, сөйлемді толықтырып жазыңдар. Халқымыз ... анаға теңеген. Өйткені табиғатта ... өсіп-өңеді. Ол өзіңдегі барды ... , жан-жануарларға, өсімдікке берген. Бүгінгі таңда адам баласына ... апат аса үлкен қауіп төндіріп тұр. Жабайы табиғатты бағындырып, адамдар өздерін жердің ... сезінді. Керекті сөздер: Табиғатты, экологиялық, «иесіндей», адамдарға, тіршілік, Тапсырма №4 Табиғат Тамаша, жабайы Өседі, өзгереді, береді Табиғатты қорғау-Отанды қорғау Жаратылыс Тапсырма №5 Парақшаға тест әдісін орындау. Бір- бірімен ауысып тексеру. Халқымыз нені анаға теңеген белгіле а) көлді ә) ағашты б) табиғатты 2. Кімнің қолына бәкі беріп тауға жіберсең өлмейді а) өзбектің ә) корейдің б) қазақтың 3. Жабайы табиғатты бағындырып, адамдар өздерін жердің несіндей сезінді. а) иесіндей ә) құрылысшысындай б) аңшысындай 4. «Стихийное бедствие» сөзінің аудармасын тап а) тіршілік ә) аяусыз б) апат 5. Табиғатты қорғау дегеніміз- а) өзіңді қорғау ә) Отанды қорғау б) жерді қорғау 1. б 2. ә 3. а 4. б 5. ә «Табиғат» эссе жазу Жинаған ұпайлары бойынша бағалау. Сабақтан алған әсерлері. Блум ағашы. Қаншалықты меңгергендерін белгілеу. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! |