Сабақтың ортасы (6-40 минут) | (МК, ¥) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлеу үлгісіне аударады. Мұғалім тапсырмада берілген сурет бойынша оқушыларға суреттегі балалардың қайда баратынын және мектеп, тау, саябақ сөздерінің мағынасын түсіндіреді. Аталған сөздер барамын етістігімен қолданылғанда өзгеріске түсетіні туралы түсінік береді. Мысалы: мектеп - мектепке, тау - тауга, саябақ -саябаща. (МК, Ұ) 2-тапсырма арқылы оқушылар мектеп, тау, саябақ сөздерін қайталайды, есте сақтайды, мұғалім оқушылардың қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетін сөзді (саябақ) дұрыс дыбыстауларына мэн береді. (МК, Ұ) 3-тапсырмада мұғалім оқушылардың мектеп, тау, саябақ сөздерінің барамын етістігімен қолданылғанда қандай өзгеріске түсетініне (барыс септігінің жалғауымен) аударады. Оқушылар кесте арқылы тауға, мектепке, саябаққа баратынын айта алуды үйренеді. (МК, Ж) «Есте сақта!» айдары арқылы мұғалім оқушыларға «Сен тауға (мектепке, саябаққа) барасың ба?» деген сұраққа жауап беру үлгісімен таныстырады. Оқушылар «Иә, барамын», «Жоқ, бармаймын» деген жауап үлгісін үйренеді. Оқушылардың берілген үлгіні жақсы есте сақтауы үшін қайталау, жаттықтыру жұмыстарын жүргізеді. Оқушылар жүппен жұмыс істейді. Олар бір-біріне сұрақ қойып, өз қалаулары бойынша иә/жоқ деп жауап береді. | Оқулық |