Саба?ты? ма?саты: Та?ырып бойынша м?лімет бере отырып, о?ушыларды? білімдерін ?р т?рлі тапсырмалар беру ар?ылы ке?ейту. О?ушыларды? ізденімпазды?, танымды?, шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту ,с?здік ?орларын молайту.
Біз ?зімізді ?орша?ан таби?и ортаны, таби?атты аялай, ??рметтей , тани білуіміз екенін о?ушы бойына сі?іре отырып, с?йіспеншілік сезімдеріні? ?алыптасуына ы?пал ету.
Просмотр содержимого документа
«тема урока ?аза?станны? таби?аты »
Құрманова Тұрсын Бағаналықызы,
Солтүстік Қазақстан облысының
Петропавл қаласындағы
№ 8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғаты
Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша мәлімет бере отырып, оқушылардың білімдерін әр түрлі тапсырмалар беру арқылы кеңейту. Оқушылардың ізденімпаздық, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту ,сөздік қорларын молайту.
Біз өзімізді қоршаған табиғи ортаны, табиғатты аялай, құрметтей , тани білуіміз екенін оқушы бойына сіңіре отырып, сүйіспеншілік сезімдерінің қалыптасуына ықпал ету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау, интерактивтік, оқу, әңгімелеу , сұрақ-жауап, түсіндіру, «Балық қаңқасы» әдістемесі
Сабақтың көрнекілігі: слайд видео сюжет, кесте, тапсырмалар,суреттер, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
1.1. Балалар, қараңдаршы күн нұрын төгіп ,бәрімізге жылулық сыйлап тұр.
Ендеше, нәрін беретін табиғатпен амандасайық.
1.2.Үй тапсырмасын тексеру
деңгей
1. Мәтінді әңгімелеп беріңдер
2. Зат есімге морфологиялық талдау жасаңдар
4 деңгей
1. Бір проблеманы жазып, шешу жолдарын көрсетіңдер.
5 деңгей
1.Осы тақырыпқа мазмұндама жазыңдар.
1.3. Ал бүгінгі сабағымызда сендер табиғатты қорғайтын, түсінетін экологтары боласыңдар.
Сондықтан сендер жан-жақты білімдерінді көрсетуге тиіссіңдер.
2. С / тақырыбы: Қазақстанның табиғаты
А) Ой шақыру.
- мына суретті қалай атаймыз?
- табиғатқа не жатады?
Видео сюжет көреміз
* Қай жердің табиғатын көрдіңдер?
* Бурабайда кім болды?
Мәтінмен жұмыс
* Мәтінге байланысты жаңа сөздермен танысу
қорғау –защищать ластама - не загрезняй
өз үлесіміз – свой вклад қазына - богатство
өндіріс – промышленность көлік - транспорт
* Мәтінді бір оқушы оқиды ал екінші тыңдап, сұрақ қояды.
- Мәтін не туралы...?
2.1Деңгейлік тапсырмаларды орындаймыз.
1 деңгей
1) Жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңдар.
2) 1 сөзге фонологиялық талдау жасаңдар.
3) Мәтінге байланысты сұрақ қойыңдар.
4) 1 сөзді жіктеңдер .
5) Сөздердің қосымшаларын табыңдар.
Табиғаттың, көктемде, қорғауға, ормандар .
2 деңгей
1) Сурет б-ша сөйлем құрастырамыз
2) Табиғаттың әсемділігін Абайдың қандай өлеңдерінде жырлаймыз .Неге?
3) Мәтіндегі негізгі идея қандай?Неге?
4) 5 жолды өлең құрастыру
3 деңгей
Мәтінді әңгімелеп беріңдер
2. Қоршаған ортаның тазалығына әсер ететін факторларды атаңдар,
себебі неде?( «Балық қаңқасы» әдістемесі )
4 деңгей
1. Слайдқа көңіл аударып, мәтінді жалғастырыңдар./жасыл ел/
Қоршаған ортаның тазалығын қалай сақтаймыз? ( слайд)
5 деңгей
Осы тақырыпқа шағын шығарма жазыңдар.
2.2 Оқушыларды бағалау, талдау : (тапсырмаларды қалай орындадық?)
2.3. Сабақты қорыту
осы сөздерді негіз ретінде алып, табиғатты қорғайық
3. Үй тапсырмасы: деңгейлік тапсырмаларды аяқтаңдар.