Белгілі ақынымыз С. Торайғыров өзінің бір өлеңінде:
« Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Қүлағыма сіңірген таныс үнін »,- деп жырлағандай, ана тілін қадірлеп, кастерлемейтін адам жоқ. « Халықтың мәңгі ғұмыры -оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін - ұлы », - дейді Ш. Айтмато В.
Біздің тіліміз - бай, ең таза тіл.
Мәселе соны дұрыс пайдалана білуімізде. Сонымен бүгінгі «Тілім -тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты қазақ тілі пәнінің апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
Әдеби - сазды кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Казакстан Республикасының Әнұраны орындалады.
1 - Жүргізуші: Тіл туралы тұңғыш заң 1989 жылы 22 қыркүйекте, ал екінші заң 1989 жылы 17 шілдеде кабылданды. Әрбір адамға ана тілі ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы- әрбір елдің, ұлттың мақтанышы. сондықтан да әрбір адам ана тілін көзінің қарашығындай корғауы.онын орынсыз шұбарлануына жол бермей, қалай да қарсы тұра білуі тиіс.
2 – Жүргізуші: Казак тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. « Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегеннің үшін өзіңді бақытты сезінесің », - дейді Қабдеш Жұмаділов.
Балқия: - Тілім барда, қазағым бар, халкым бар,
Дәстүрі бар, ата жолы - салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы
Аңкау , ашық мінезім бар анқылдақ.
-Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер. Жүрегімді суырып - ақ алындар!
1- Жүргізуші: Елбасы Н. Назарбаевтың 1989 - ші жылдың 20 - ІllЫ кантарындағы Жарлығына сәйкес 22 - қыркүйек - Қазақстан халықтарынын тілдер күні ретінде аталып келеді. Тіл халыкпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр ұлтгың тілі - оның бақытты тірегі.
6 Г - сынып оқушысы
Иманғали: Ата - анамды таныстырған осы тіл,
Танымасты таныс қылған осы тіл.
Төле би боп, Қазыбек боп, Әйтеке, Бітпес дауды жалғастырған осы тіл, Жау тигенде біріктірген осы тіл. Індет келсе дүрліктірген осы тіл.
Күштілерден кугыи көрген сиякты,
Туыстырып, кіріктірген осы тіл.(К.Төлуұлы) Ән: « Қазақтың ерке қызы». 8 В - сынып оқушысы Батырбек Д.
6 Г -сынып окушыларыныңорындауында Би.
Көрініс.
Ауыл ақсақалдарының жасы үлкен ақсақалдар мен бишешендердің жиналған ортасы.
Төле би:- Ей , әлеумет! « Құс арыса канаты талады, ат арыса тұяғы талады» деген, алыс қияннан келіп отырсыздар, осы аттың күші қай жерінде болады?
-Аттың күші алдыңғы аяғында болар!
Қазыбек: - Алдыңғы екі аяғында емес, ортасында болады.
Төле би оған жалт қарап: - « Оны қайдан білесің? Себебін айт», - дейді.
Қазыбек: - Астында төрт тіреуі жоқ жерде күш кайдан болсын, күш тіреу ортасында. Алдында ағасы бар, ортада өзім, артымда ерген інім бар. Әділ билік маған лайық емес пе?
Төле би ( қолын жайып) :
Айтқан сөзің аталы болсын, жүрген жерің бәтуалы болсын! Даулы ауыз, әділ жан атан, осы - саған берер батам.
2-жүргізуші: « Өнер алды - кызыл тіл», - дейді халқымыз. Сол өнердің де білімнің де адамдар қатынасының да басты құралы - тіл. Біздің егемен еліміздің мемлекеттік тілі -- қазақ тілі.
Дәуренбек Ирада: - Ана тілім,
Дана тілім - бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің – менің қасіретім, пәктігім,
Сенсің - менің тазалығым, шаттығым!
-Ана тілім - сенсіз менің ұлы анам,
Мен - ақынмын , сен тұрғанда дін-аман. Сонша қатал сүргіндерге жоғалмай,
Бұл күндерге жеткеніне қуанам !
Би: 8 Г сынып оқушылары.
Айшат:
-Казак тілі - дана тілі, асыл тіл,
Казак тілі - баба тілі, ғасыр тіл. Қазағымның қуанышын сен жырлап, Елдігімнің дәрежесін асыр тіл.
-Қазақ тілі - сөз байлығы молынан,
Тусын мәңгі Ай мен Күн оңынан!
Өз тілім деп тебіренген ерлердің Ерейікші бүгінгі күн соңынан!
Жандаралы Зарина: Қуан, анам!
Ұзағынан сүйініп, Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп.
Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді.
Пір тұтамын мен алдына иіліп.
- Куан далам, қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста, мұңды жүрек түндігін.
Тіл туралы 3аңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін. Қазақ тілі
Ұрпақтар талайынын. Сен тілісің.
Адамзат Абайының!
Ақын М. Шахановтын «Төрт ана» атты өлеңін Баттал Эльнура \.І
оқиды :
l-Жүргізуші: «Ақынмындеп мен қалай айта аламын, Халкының өзі айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтын қара өлеңін
Шекпен жауып өзіне кайтарамын» - деп ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай біздің жас жазба ақын окушыларымыз жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл
жырларымен бөліспекші.
Сманқұл Аружан « Тілім менің » өлені.
Тілсіз өмір - күнсіз өмір, караңғы,
Айыра алмас жақсы менен жаманды.
Беу, карағым, тілім үшін күрескен,
Ана тілім әлдилесін ғаламды.
Тілге, қазақ берік болғын сүйгеніңдей анаңды,
Өз тіліңде тәрбиеле періштеңді, балаңды. Мәңгүрттердің жүрегіне жебе болып қадалғын,
Табанына таптатпағын, уландырма санаңды.
Мен тілімді байлығым деп білемін,
Тіл жеткізер бабалардың тілегін. Киналғанда тілін болар тірегің,
Өзге тілдін бәрін сыйлап болдық қой,
Өз тіліңнің қадірін біл,ұлы елім!
Иса Қазыбек 8 В СЫНЫПоқушысы « Ана тілім, ардағым!» Тағдырдың көріп салғанын,
Айта бергім келеді, айта бергім! - деп жырлайды тұтас бір ұлттың атынан ән ұранға пара - пар поэма жазған, көзінің тірісінде - ақ қазақ өлеңінің жыр - дариясы атанған Жұбан Молдағалисв.
2-Жүргізуші: Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра ексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.- деп Абай атамыз өз өкінішін білдіре отырып, жастарды ғылым - білім үйренуге үндейді.
\.!
Елбасымыз: « Болашақ еліміздің гүлденуі - жастардың қолында »деп
жастарға сенім артады. Білім мен өнер қуатын шағымызды бос өткізбей
Бір тұрып, бір құладың,
Сан талып, неше сұладың?! Қалтырап жеттің бұл күнге, Ана тілім, ардағым.
Тәуелсіздің төріне, Тілім шықты өріне.
Кестелеп өрнек салады Әсем сөзбен өріле.
7 Всынып оқушысы Үрістембек Ерлан « Ана тілі ».
2 – Жүргізуші: Қараша айында Түлкібас өңірінде « Мархаббат
оқулары » өткізілгені баршаға аян. Өзіміздің жерлес ағамыз Мархаббат Байғүт сияқты шоқ жұлдыздай жарқырауларыңа тілектеспіз дей отырып, ендігі кезекте 7 В сынып окушыларынын мың бұралған биіне назар аударайық. « Шашу ».
Түған тілім - анам тілі, өз тілім!
біз сендерді еңбектенуге шақырамыз.
6 Г СЫНЫП оқушысы Батырбек Назерке Балалар, бұл - жол басы даналыққа, Келіңдер, түсіп, байқап, каралық та.
Бұл жолмен бара жатқан озіндей көп,
Соларды көре тұра калалық па ?!
Данаық - өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріндер, іздеп тауып алалық та! ( А. Байтұрсынов ).
1 - Жүргізуші:« Ән сал жаным,
Әніңмен тербет мені,
Бір сәтке тынысын тірлік жер - көктегі.
Дала ұйысын, дамылдап таулар жатсын,
Таулар жатсын мәңгілік жөргектегі» деп келесі кезекті 6 Г сынып оқушыларының орындауындағы « Жаса Қазақстан ! » атты әніне берейік.
2-Жүргізуші:Ей,өлең маған тигененшім едің,
Бой жазайын, қасыма келші менің.
Менің саған шамалы жақсылығым,
Сен де маған, әрине, көншімедің.
( М. Мақатаев «Ей, өлең!»),
1-Жүргізуші: Ғылым, білім қалталыға қарап калды,
Ғұмырыңның күндерін санап қалды. Ащы күйін коғамның талғап тартар
Әр заманға Абайы керек екен.
2 – Жүргізуші:Туған тілім - бабам тілі, өз тілім!
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар! ( Д. Әбілов ).
1 - Жүргізуші: -Аз ғана уақыттың ішінде елімізді, халқымызды шартарап танып үлгерді. Бірде жүгіріп, бірде жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым.
Ли Диана 8 В сынып
Ана тілім -- бәрін сөйлер шежірем, Тілсіз нені білдіре алам, не білем ?!
Кілтің табар саналысы сезінем.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің - анаң, сыйлап өтіндер.
2-Жүргізуші : -Елін ерлікке, бірлікке үндеген қазақ халқының
. .
жырлары мәңгі жасап, ана тіліміз қастерлеуге , баи ТІЛІМіЗДІ
қадірлеуге күш салайык. Ол - әрбір қазақ азаматының міндетті борышы, азаматтығымыздың ең шынайы түрі.
Оқушылар ортаға шығып Қ.Мырзалиевтың «Нағыз қазақ» өлеңін хормен орындайды.
1 - Жүргізуші: Осымен « Tілім - тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты әдеби - сазды кешімізді аяқтаймыз. Көріскенше сау - саламат болыңыздар !
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым
МИНИСТРЛІГІ
ОңтүстікҚазақстан облысы Түлкібас ауданы
А. Пушкин атындағы жалпы орта мектеп
Тілдер апталығына орай өткізілген әдеби - сазды кеш