СКО Тайыншинский район КГУ "Ильичевская средняя школа". Урок казахского языка в 4 классе на тему: Четыре вида домашних животных. Цель: повторить и обобщить пройденый материал; научить правильно говорить звуки казахского алфавита. Прививать любовь к языку, к традициям казахского народа.
на уроке ребята знакомятся с приплодом домашних животных и произносят их правильно на казахском языке. Так же они узнают какая есть польза от домашних животных. Разгадывают кроссворд.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Т?рт т?лік мал иелері»
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік мал иелері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптары бойынша білімдерін пысықтау, тиянақтау, сауатты сөйлеуге дағдыландыру, төрт түлік мал жөнінде түсініктерін дамыта отырып, үй жануарларының жүріс-тұрысын, сипатын тілімізде дұрыс айтуға баулу.
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелік: оқушылардың халық мұрасына, тіліне, жеріне аялы көзқарастарын қалыптастыру, қазақ халқының төрт түлік малмен байланыста екенін жеткізу, олардың адамға деген пайдасын көрсете отырып, малды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Диалог:
Қазір қандай сабақ?
Қазір қазақ тілі сабағы.
Қазақ тілі сабағы нешінші сабақ?
Үшінші сабақ.
Балалар, қазақша таза, жақсы сөйлеу үшін, сауатты жазу үшін біз қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта біліміз керек, сондықтан оларды қайталап жіберейік.
Хормен: Ә, Ө, Ұ, Ү, І, Қ, Ғ,Ң, Һ
Жаңылтпаштарды әуелі жекеше, содан соң хормен айтамыз.
Ай, Айдарбай, Айдарбай Сүт бетінде май қаймақ,
Мүйізі бар сиырыңды Майдан тәтті бал қаймақ
Үйіңе айдай бар.
Диалог:
Биыл қандай жыл?
Биыл мешін жылы.
Былтыр қандай жыл болды?
Былтыр қой жылы болды.
Қазақтар жыл атауларын қалай атаған?
Жылды жануарлардың атымен атаған.
Енді, балалар. «Жыл жануарлар» туралы айтып берейік. Содан кейін сабағымызды жалғастырамыз.
Тышқан, сиыр, барыс, қоян –
Деп, орнына дұрыс қоям.
Ұлы, жылан, жылқы, қой да –
Деп, сақтаймын мықты ойда.
Мешін, тауық, ит пен доңыз –
Деймін бұны: біткен болды іс.
Жыл аттарын болсақ талдап,
Енді пікір алысайық:
Әрқайсысын жорамалдап,
Жеке-жеке танысайық.
Оқушылар жыл атауларына өлең оқиды.
Тышқан
Тапқырлықпен түйені алдап,
Жылдар басы болған тышқан.
Жазда азығын түгел қамдап.
Мал – жан аман қалған қыстан.
Сиыр
Жан жалы көп, дауы көп,
«Жаман жылға» саналған
Сиыр – бейіт, жауы жоқ
Ырыс жылға саналған.
Барыс
«Жақсы да емен, жаман да емен,
Орташа жыл барыс», - деген
Бұл заманда, жылға демен,-
Жомарт жыртқыш табыс берген.
Қоян
«Жалпақ қоян жұты», - деп,
«Үлкен қоян жұты», - деп,
«Кіші қоян жұты», - деп,
«Тақыр қоян жұты», - деп, -
Жүрген қоян,
Қоты кеп,
Жылға айналды құты көп.
Ұлу
Жылан да емес,
Балық та,
Темсақ деген алып та.
Ол – сілеусін, қабылан
Төркінінен табылған –
Ұлитұғын тағы аң.
Кейін құрып кетіпті,
Керім жыл боп кетіпті.
Жылан
«Жылан жылы жылыс болды»,
Дейді көне жазбаларда,
Енді талай ұлы іс болды,
Ата-баба таң қалардай.
Жылқы
«Жылқы жылы ұрыс болды»,
Заманында ол дұрыс болды.
Бүгін бізге «жылқы мінез»
Осы жылда ырыс толды.
Қой
«Қой жылызеңгер тоғыс болды»,
Деп, қайтадан оңды іс болды –
Егемен ел сонда аттанып,
Қой үстңне «той құс» қонды.
Мешін
Маймылға ұқсас дене, өңі,-
«Азған адам» дейді оны.
Қалған сондай пішінде
Жыл иесі «мешін» де.
Бұрын екен жаман жыл,
Бүгін – елім аман жыл.
Тауық
«Тауық кірсе – тамақ көп,
Азық, астық мол болды», -
Деген сөзде ағат жоқ –
Дөп жорамал сол болады.
Ит
Бірі жеті қазынаның-
Ит – ежелден адам досы.
Балаларға қозы-лағың
Бағысатын жыл да осы.
Доңыз
Жылнаманың соңғы жылы –
Тағы шошқа –
Доңыз жылы
Баяғыдан мерекеге,
Берекеге толы жылы
Мұғалім:
Жыл атарын болдық талдап,
Әрі пікір алыстық біз.
Әр қайсысын жорамалдап,
Жеке – жеке таныстық біз.
ІІ. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымызда біз төрт түлік мал иелерімен танысамыз, бізге қандай пайдасы бар екенін білеміз, жазып отырамыз.
Дети посмотрите на рисунок, скажите, что изображено на нем, что связывает их с домашними животными.
Дұрыс балалар.
Көшпелі қазақ халқының өмірі, тіршілігі төрт түлік малмен тығыз байланыста болды. Жесе – азық, кисе – киім, мінсе – көлік. Малды қастерлеген, күтіп-баққан.
Енді осы төрт түлік мал иелері туралы айтайық.
Жылқы атасы – Қамбар ата,
Түйе атасы – Ойсыл қара,
Қой атасы – Шопан ата,
Сиыр атасы – Зеңгі баба.
Дәптерге жазамыз.
Түйе – малдың үлкені.
Жылқы – малдың үркегі.
Сиыр – малдың сүттісі.
Қой – тірліктің құттысы.
Төрт түлік мал иелеріне сипаттама беріндер.
Біз сөйлейміз, күлеміз, айқалаймыз осы күйімізді біз белгілі бір дыбыспен, қимылмен білдіреміз, төрт түлік мал да дыбыстайды.
Қой маңырайды.
Жылқы кісінейді.
Сиыр мөңірейді.
Түйе боздайды.
Енді біз оларды шақырып көрейік
Биені құрау-құрау,
Түйені көс-көс,
Сиырды аухау-аухау,
Ешкіні шөре-шөре. Осыны әр оқышы қайталап шығады.
Қазір қай жыл мезгілі?
Дұрыс көктем. Көктемде мал төлдейді. Малдың төлін қалай аталатының білесіңдер ме? Сурет бойынша малдың төлдерін атап шығу.
Түйе – бота,
Сиыр- бұзау,
Қой – қозы,
Жылқы – құлын,
Ешкі – лақ.
Сөзжұмбақ шешу.
Сабақ қорытындысы:
Төрт түлік малды ата
Малдың төлін ата
Малды қалай шақырамыз?
Сиыр не береді?
Жылқы не береді?
Түйе не береді?
Қой не береді?
ІІІ. Бағалау
ІV. Үйге тапсырма төрт түлік мал суреттерін салып келу.