Жаңа сабақтың маңызды белгілерін ажырату. - ал, балалар қандай маңызды белгілері бар екен, байқап көрейік. Барлығымыз тақтадағы плакатқа назар аударайық. Тұйық етістіктің септелу үлгісі 1 А.с бару сөйлеу айтуы көрулері келуім 2 І.с барудың сөйлеудің айтуының көрулерінің келуімнің 3 Б.с баруға сөйлеуге айтуына көрулеріне келуіме 4 Т.с баруды сөйлеуді айтуын көрулерін келуімді 5 Ж.с баруда сөйлеуде айтуында көрулерінде келуімде 6 Ш.с барудан сөйлеуден айтуынан көрулерінен келуімнен 7 К.с барумен сөйлеумен айтуымен көрулерімен келуімнен Тұйық етістіктің тәуелдену үлгісі 1 І жақ келуім келуіміз келулеріміз 2 ІІ жақ келуің келулерің келуіңіз келулеріңіз 3 ІІІ жақ келуі келулері - Ал осыдан нені байқап отырсыңдар? Тұйық етістік қалай жасалады екен? Көру диктанты. Мына сөйлемдегі көп нүктенің орнына тұйқ етістікті қойып жаз. 1. Тапсырманы уақытында ... керек. 2. Мектепте және үйде тәртіпті ... керек. 3. Үлкендерді ... керек. 4. Ұйым жұмысына ... керек. 5. Мәдениетті ... керек. 6. Сабаққа белсенді ... керек. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау |