Просмотр содержимого документа
«“Т?ра?ты тіркестер ж?не оны? ерекшелігі”»
Сабақтың тақырыбы:
“Тұрақты тіркестер және оның ерекшелігі”
Пәні қазақ тілі
Сабақтың мақсаты
Білімділік: оқушылардың тұрақты тіркестер туралы
лингвистикалық білімдерін кеңейту және оның
ерекшелігін айту жаттығу жұмыстары мен қосымша
тапсырмалар арқылы бекіту.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке
баулу, Отанды сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық
дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген
қызығушылықтарын арттыру, қисынды ойлауға
дағдыландыру.
Сабақтың типі:ашық сабақ
Сабақтың түрі:Блум таксономиясы
Сабақтың әдіс-тәсілі:түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, мағынасын тану
Сабақтың барысы
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;
ә)Үй тапсырмасын сұрау:
б) зейіндерін сабаққа аудару.
Білу.Өтілген тақырыптарды пысықтау мақсатында «Бастаңғы» ойынын ойнау. Балалар, үй тапсырмасының қаншалықты орындалғанын тексеру үшін, сендерді«Бастаңғы»ойынына қатысуға шақырамын.«Бастаңғы»сөзінің мағынасын көбіміз біле бермейміз.Әуелі түсіндіріп өтейін. Халқымыздың жақсы дәстүрлерінің бірі – бастаңғы жасау. Үлкендер жолға шығып немесе қонаққа кеткенде үйде қалған қыз-бозбалалар өздері оңаша тамақ пісіріп, көрші-көлемдегі құрбыларын шақырады. Ән салып, домбыра тартып, әзіл-қалжыңдары жарасып отырыс құрады. Өнер жарысы болады.Балалар, сендер де бастаңғыға бара аласыңдар. Міне, бастаңғы дастарханы сіздерді күтіп тұр.Бірақ, онда бару үшін, мына үстел үстіндегі ұлттық тағамдарды дастархан үстіне апарып қою керек.Ал, ол тағамдарды апару үшін, артындағы сұрақтарға жауап беру керек.Қане, кім қай тағамды қояды?
Жаңа сабақ Міне, балалар, біз бастаңғы дастарханын жайып қойдық. Осындай мол дастархан қандай кезде жайылады? Қазіргідей бейбіт те тыныш заманға жарасады емес пе? Біздің заманымызды «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» десе бола ма? Осы сөздің мағынасын ашып көрейікші. Осындағы сөздердің орнын ауыстырып көрейік, «сиыр үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» десе мағынасы бола ма? Немесе «қой үстіне көгершін жұмыртқалаған заман» десе бола ма? Демек осындай сөздерді тұрақты тіркестер деп атайды екенбіз.
Тілімізде еркін сөз тіркестері, тұрақты сөз тіркестері деген ұғым бар.
Еркін сөз тіркестері мен тұрақты сөз тіркестерін
Еркін сөз тіркестері
Тұрақты тіркестер
Таза дәптер, әдемі киім, әдепті оқушы, баланың ісі, үздік оқушы, жақсы адам,кең бөлме, ашық есік, т.б.
Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөзбен орнын ауыстыруға бола беретін тіркестерді еркін тіркестер дейміз.
Бетінен оты шығу(ұялу), қолы ашық(жомарт),т.б.
2. Құрамындағы сөздер жеке-жеке мағынаны білдіреді.
1.Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөзбен орнын ауыстыруға болмайтын тіркестерді тұрақты тіркестер дейміз
3. Құрамындағы сөздер жеке-жеке сұраққа жауап беріп, екі сөйлем мүшесі болады.
2. Құрамындағы сөздер жеке-жеке мағына бермей, барлығы тұтас бір мағынаны білдіреді.
3. Бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болады.
Түсіну. Енді оқулықта берілген түсінікті өзіміз оқып, түсінгенімізді айтайық. Әр топқа абзац бойынша тапсырма беріледі. Оқушылар тақырыпты өздері ашады. 1. Тұрақты тіркес құрамындағы сөздердің мағынасы фразеологизмнің мағынасымен сәйкес келмейді.Ол сөздер тұтасып барып бір ғана мағына береді. 2. Тұрақты тіркестер бұрыннан қалыптасқан жүйемен айтылады. Олардың сыңарларының орнын ауыстыруға болмайды. 3. Тұрақты тіркестер даяр қалпында жұмсалады. Бір ғана сұраққа жауап береді де, сөйлемде бір ғана сөйлем мүшесі қызметін атқарады.
Оқулық,тақтамен жұмыс.
114-жаттығу ауызша орындау
117 -жаттығу жазбаша
Қолдану.Тапсырма. « Сөзбен сурет құрау » Берілген тапсырмадағы тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздер жасырынып қалған.Соны табу, мағынасын айқындау Сол сөздерге қатысты адамның дене мүшесінің суреттерін орнына қойып құрастыру. 1.....іне көк шыбын үймелету 2.....нын көкке көтеру 3.....і бүлк етпейді 4.....ын балта кеспейді 5.....етін жеді 6.....ы күйген үрлеп ішер 7....жармады 8Төбе ......тік тұру 9 ...... жар бермеу
Кітаппен, дәптермен жұмыс
114-жаттығу. Мәтінді түсініп оқыңдар.Мәтінге ат қойыңдар
Мәтіннен тұрақты тіркестерді табыңдар.
Өздеріңе ұнаған сөйлем не сөз тіркестерін теріп дәптерлеріңе көшіріп жазыңдар.
117-жаттығу. Түсініп оқыңдар.
Мәтіннен тұрақты тіркестерді бір бөлек,жай сөз тіркестерінбір бөлек көшіріп жазыңдар.
Сегіту сәті
Мысалдар
Тұрақты тіркес
Әдепті бала
Еркін тіркес
Бармағын тістеу
Қол ұшын беру
Үйге қайту
Бір аттам жер
Зәресі зәр түбіне кетті
Орындалған арман
Сабақ айту
Таяқ тастам жер
Домбыра тарту
Қой аузына шөп алмас
Ойын ойнау
Сөзінің аяғын жұту
Жинақтау.Тапсырма .Берілген тұрақты тіркестерді пайдаланып, берілген тақырыптар бойынша мәтін құрау. «Отбасы» . сүттей ұйыған, көрер таңды көзімен атыру, аузынан түскендей.