Дайындаған: арнайы пәндер оқытушысы Жумабаева Г.Т.
Астана
2015
Сабақ жоспары
Оқытушы: Жұмабаева Гулзат Тулендиевна
Пән: Туризмді ұйымдастыру
Мамандық,топ: Туристік агент, ТАқ-2
Тақырыбы: Туристік ресмилік
Күні: 19.02.15
Сабақ түрі,өткізу үлгісі: жаңа білім, дағды және біліктілік беру сабағы; дәріс
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Сабақтың жаңа түсініктерін қарастыру, паспорт және визалық, кедендік ережелермен, санитарлық процедуралармен, валюталық бақылаулармен таныстыру
Дамытушылығы: ойлау қабілетін, танымдық біліктілігін, оқу еңбегін білуін дамыту, іскерлік, ұйымдастырушылық дағдыларын, сөйлеу мәнерін дамыту, логикалық ойлау қызметінің таным денгейін кеңейту.
Тәрбиелілігі: жаңа пәнге деген қызығушылықты, жауапкершілікті қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру
Әдістері: түсіндіру, сұрақ жауап, топпен жұмыс.
Сабақ жабдығы: интерактивті тақта, ақпарат, сызба, слайд.
Пәнаралық байланыс: туризм маркетингі, экскурсия жүргізу
Әдебиет:
Негізгі:
Дурович В. «Организация туристической деятельности», Москва, 2002 г.
Ертавлетов С.Р. География туризма. Алматы: 2000 ж.
Қосымша: Введение в туризма. Биржаков М.Б. 2004 г.
Сабақтың барысы және уақытының өлшемі
№
Сабақтың кезеңдері
Уақыты
1
Ұйымдастыру кезеңі
2 мин
2
Білімдерін тексеру
10 мин
3
Жаңа тақырыпты жеткезу кезеңі
20 мин
4
Студенттердің өздік жұмысы
8 мин
5
Сабақ қорытындысы. Бағалау
3 мин
6
Үй тапсырмасы
1 мин
Ұйымдастыру кезеңі
2 топқа бөлінеді. Туроператор және турагент
Білімдерін тексеру. Үй жұмысы.
Сұрақтар:
Экскурсия сөзі латынның қандай сөзінен пайда болған және қандай мағына білдірген?
Экскурсиялық қызмет дегеніміз не?
Экскурсияның заңдылықтары туралы қай жылы айтылды?
Экскурсияның үш мақсатын атап көрсет
Жауаптары:
Экскурсия сөзі латынның «экскурсио» сөзінен пайда болған. Кейін «ия» жалғанды. Бастапқы кезде «жүгіріп шығу», «әскери жорық», кейін «жол жүру», «серуенге шығу» деген мағынаны білдірді.
Экскурсиялық қызмет дегеніміз азаматтардың уақытша болатын елдегі туристік ресурстарды танымдық мақсатта аралап көруін ұйымдастыру жөніндегі қызметті көздемейді және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімді қамтиды.
Экскурсияның заңдылықтары туралы алғаш рет 1978 жылы өткен ғылыми конференцияда айтылды.
Көруге, естуге, сезінуге
Сұрақтар:
«Бәйтерек» монументі
Нұр - Астана Мәдениет Ислам Орталығы
Темір жол вокзалы
К.Байсейтова атындағы опера және балет театры
Ұлы Отан соғысының жауынгерлерінің ескерткіші
Қазақстан Республикасының Бiрiншi президентiнiң мұражайы
1 топ «Қытай, Хайнань» тапсырмасы: Сол ел туралы ақпарат, виза жасау үшін керек құжаттар, сол елге бару үшін дайындалатын құжаттар
2 топ «Вьетнам» тапсырмасы: Сол ел туралы ақпарат, виза жасау үшін керек құжаттар, сол елге бару үшін дайындалатын құжаттар
3 топ «Біріккен Араб Әмірлігі» тапсырмасы: Сол ел туралы ақпарат, виза жасау үшін керек құжаттар, сол елге бару үшін дайындалатын құжаттар
Сабақ қорытындысы. Сәйкесті табыңыз.
Туризм сферасында туристік формальдылықтар - бұл міндетті заң аясында бекітілген іс-әрекеттер. Бұл туристік саяхатты жасаумен, құжаттарды даярлаумен және шекарадан өту іс-әрекеттерімен байланысты.
Виза - (латын тілінде - көру , қарап шығу) – бұл шетелдік үкіметтің сол елден кіріп-шығуға арнайы рұқсаттамасы.
Іскерлік виза - іскерлік келіссөздер, форум, нарық зерттеулерін жүргізу мақсатымен, Қазақстан территориясында тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өтініші бойынша келген шет ел азаматтарына беріледі.
Туристік виза - Лицензиясы бар жергілікті саяхат агенттіктердің өтініштері бекітілгенінен кейін беріледі
Медициналық виза - Белгілі бір мекемелер мен ұйымдардың өтінішімен, шақыру мақсаты айқындалған, емдеу, медициналық тексеру, кеңес алу үшін шақырылған Қазақстан азаматтығы жоқ шетел азаматтарына беріледі.
Транзиттік виза - Баратын мемлекетке кіру визасы, ұшу күндері мен Қазақстандағы транзиттік мекен көрсетілген билеті бар жолаушыларға Қазақстандағы портқа немесе станцияға келгеннен кейін 5 күн ішінде беріледі.
Қортындылау: 3 топтың жинаған баллдарын санап, жеңімпазды анықтау.
Бағалау.
Үй тапсырмасы. Визаны рәсімдеу. Ердавлетов С.Р. Туристік ресурстар және туризм индстриясы 113- 115 бет