Аты- жөні: Жумашева Айнур Уразовна
Мекен- жайы: Атырау облысы,
Махамбет ауданы, Талдыкөл селосы.
Мектеп: Талдыкөл мектеп- балабақша кешені.
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп Талдыкөл мектеп – балабақша кешені Күні 25/04/2016 № 30
Тақырыбы: Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған.
Құндылық дұрыс әрекет
Қасиеттер: Сыйлау,ақылмен шешу,өнегелілік
Мұғалім _Жұмашева А.О
Сынып 7 Оқушылардың саны 18
Мақсаты: оқушылардың ұлы адамдар,олардың өмірі мен қызметінің мәні туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Оқушыларды ұлы адамдардан өнеге, үлгі алуға баулу;
- Ұлы адамдардың жақсы істерін сезініп көруге,оларды қадірлеп-бағалай алуға үйрету;
- Ақылмен шешуге,өнегелілікке,сыйластыққа тәрбиелеу.
Ресурсы:(материалы, источники)
Сабақтың барысы: Баяу ән қойылады.
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма? Қандай сезімде болдыңдар?
· 1.Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды жағдай туғызу.
2.Үй тапсырмасын тексеру. №30 сабақ «Б.Момышұлы туралы естелік» оқу
Сабақтың барысын
талдау
3.Дәйек сөз (цитата).
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»
Халық нақылы
Дәйексөзді топпен қайталау:
2 -рет қыздар, 2-рет ұлдар, барлық топ қайталайды.
Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінетіндері сұралады.
Мұғалім сыйы Б.Момышұлы туралы бейнефильм
4.Әңгімелеу (әңімелесу).
- Бауыржан Момышұлының өмірі неліктен ұлағатты деп ойлайсыңдар?
- Ана тілі жайында атамыз не айтқан?
-Өмір тәжірибесін қалай үйренуге болады?
-Ұлы адамдардың ұлағаты неліктен ұмытылмайды?
-Ұлы адамдардың өмірінен қандай өнеге алуға болады?
- Жастардың мінезі туралы не айтқан?
5.Шығармашылық жұмыс.
1 – топ. «Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші.» эссе
2- топ Бауыржан Момышұлының бойындағы қасиеттері туралы қысқа әңгіме құрастыру.
3 - топ «Батыр болу үшін мен не істей аламын?» әңгіме құрастыру.
6.Топпен ән салу. «Батыр Бауыржан» Сөзі А. Байғожаевтікі
Әні Ә. Бейсеуовтікі
7.Үйге тапсырма. Өздерің тұратын жерде туып –өскен белгілі адамдардың еліне сіңірген қызметі жайында кітапша жасау.
8.Қорытынды тыныштық сәті. Баяу ән қойылады.
Балалар, көздерімізді жұмып, ыңғайланып отыраыйқ. Еркін әрі терең тыныс алып, бүгінгі сабағымызды ой елегімізден өткізіп, осы жақсы қасиеттерден барлығын бойымызға жинайық.
Тыныштық, тыныштық,тыныштық, тыныштық бар жерде,
Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.
Бірнеше минут тыныштықта отыра тұрайық. Ал, енді жаймен көзімізді ашайық. Рахмет. Бүгінгі күндеріңе сәттілік тілеймін.