Әуежай туралы мағлұмат алады.
Диалогтік қарым-қатынасқа түседі.
Мәтіннен түсінгенін мазмұндай алады.
Сөздік қоры молаяды.
Топтық, жұптық жұмыс жүргізіп, өз ойларын жеткізе алады.
Сұрақтар құрастырып,оларға жауап бере алады.
Мемлекеттік тілге деген қызығушылығы артады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы сабақ барысында ғаламтордан қажетті мәліметтер таба алады.
Көкірегі ояу, елін, жерін құрметтейтін, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптасады.
Уақыты | Сабақ кезеңдері. Жұмыс түрлерінің мазмұны. | Мұғалімнің іс-әрекеті. | Оқушының іс-әрекеті. |
1 минут | Ұйымдастыру кезеңі Сыныпта ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру. | Қайырлы күн көк аспан! Қайырлы күн жер-ана! Қайырлы күн қонақтар! Қайырлы күн достарым! | Қайырлы күн көк аспан! Қайырлы күн жер-ана! Қайырлы күн қонақтар! Қайырлы күн достарым! |
2 минут | Топқа бөлу кезеңі. | Түрлі-түсті кәмпиттерді ұсыну арқылы топтарға бөлу.Сары түсті кәмпит таңдаған оқушылар «Сұңқар» тобына, көк түсті кәмпит таңдағандар «Қыран» тобына, қызыл түсті кәмпит таңдағандар «Тұлпар» тобына бөлінеді. | Оқушылар кәмпиттердің түсіне қарай топтарға бөлінеді. 1-топ «Сұңқар» 2-топ «Қыран» 3-топ «Тұлпар» |
2 минут | Топ жетекшісін тағайындау. | Мұғалім топ жетекшісін таңдауды ұсынады. | Әр топтағы оқушылар топ жетекшісін тағайындайды. |
1 минут | Бағалау парақшаларын таратады. | Мұғалім әр топ жетекшісіне бағалау парақшаларын таратады. | Топ жетекшілері бағалау критерийлерімен танысады. |
6 минут | Үй тапсырмасын тексеру. «Уақыт шеңбері» стратегиясын қолдану арқылы үй жұмысын тексеру. | «Уақыт шеңбері» стратегиясын қолдану арқылы үй тапсырмасын пысықтайды. | Оқушылар ортаға шығып, шеңберге тұрып бір-біріне доп лақтыру арқылы сөздік қорын тексереді, диалог , мәтін бойынша сұрақтар қойып, жауабын алады. |
2 минут | Жаңа тақырып. «Әуежайда» | Ой қозғау. Балалар біздің сүйікті қаламызға көптеген елдерден қонақтар келіп жатады.Олар бізге алыс-жақыннан қандай көліктермен келеді деп ойлайсыздар? | Оқушылар топтық жұмыс арқылы көліктер туралы білетін мәліметтерін ортаға салады,түсініктерін әңгімелейді,талдайды. |
6 минут | Слайд-презентация. | Жаңа тақырып: «Әуежайда» Слайд-презентация 1.Астана әуежайы 2.Ұшақтар,тікұшақтар 3.Жаңа сөздер 4.Сөзжұмбақ | Оқушылар интербелсенді тақтадан бейнероликті көріп, қандай көлік, қай әуежай екенін анықтайды. Жаңа сөздермен танысып,дауыстап қайталайды,сөз тіркестері мен сөйлемдер құрып, дәптерлеріне көшіріп жазады. |
5 минут | Оқулықпен жұмыс. Жұптық,топтық жұмыс | 1-тапсырманы орындау.Сурет бойынша әңгіме құру. 2.2-тапсырма диалогті оқу, ұқсас диалог құрастыру. Кубизм стратегиясын қолдану. Алты қырына сөз жазылған кубикті топтың біріне лақтыру арқылы түскен сөзді септеуді тапсырады. | Оқушылар оқулықпен жұмыс жүргізеді.Сурет бойынша әңгіме құрайды. Ұқсас диалог құрастырады. Топ жетекшілері қарама-қарсы топтарға кубикті лақтыру арқылы алты қырына жазылған сөздердің біреуін септеуді тапсырады. |
2 минут | Сергіту сәті. | «Төрт қадам алға, төрт қадам артқа» сергіту сәтін өткізеді. | Оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен сергіту сәтін орындайды. |
5 минут | Постер қорғау. | «Сұңқар» тобына Астана әуежайы, «Қыран» тобына Алматы әуежайы , «Тұлпар» тобына Қарағанды әуежайы туралы ғаламтор арқылы ақпарат әзірлеп, постерді безендіріп, тақырыпты қорғау тапсырылады. | Әр топ мүшелері тапсырылған әуежайлар бойынша ақпарат тауып,постерді түрлі-түсті маркерлермен безендіріп, ортаға шығып қорғайды. |
5 минут | Дәптермен жұмыс. | 5-тапсырма,155- бет,тапсырманы орындау. Талантты және дарынды балалармен жұмыс. «Менің сүйікті әуежайым» тақырыбына шағын эссе жазу | Оқушылар дәптерлеріне тапсырманы орындайды. |
2 минут | Бекіту. | Сөзжұмбақ шешу,сөздердің аудармасын табу. | Оқушылар интербелсенді тақтадағы сөзжұмбақты шешеді.Сөздердің аудармасын сәйкестендіреді. |
2 минут | Бағалау. | Топ басшылары бағалау парақшаларын толтырады. | Топ жетекшілері әр оқушының белсенділігін ескере отыра, тиісті бағаларын қояды. |
2 минут | Кері байланыс. | Оқушылардың пікірлерінің жазылуын қадағалайды. | «Бағдаршам» әдісін қолдану арқылы оқушылар тілектерін жазып, «Бағдаршам» салынған плакатқа жабыстырады. |
2минут | Үйге тапсырма. | 154-бет,сөздік жаттау, мәтін бойынша диалог кұру. | Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады. |