Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болы, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы «бөлінбеген еншісін бар» деп, жалынбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ берген. Оның үстіне қазақта «қырықтың бірі қыдыр», «қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сөйтіп, бөлінбейтін еншіге қиянат жасауға болмайды. Бір қызығы, алты аласы, бес бересі болмаса да қонақ үй иесі тойдырмаса, күтпесе, ашуланып жамандап кететін болған. Қазақ үшін мұны есту ұят, бетке шіркеу болған.
Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады.
4. Ендігі кезекте осы мәтінмен жұмыс.
Сөздікпен жұмыс жолаушы — путник
төрге отырады — сядет на почетное место
сыбаға сақтаған — берегли причитающуюся долю, предназначенную для гостей
арнайы қонақ — званый гость
сыйлы кісі — уважаемый человек
отағасы — хозяин
мылтық — ружье
қалауын береді — исполняет желание
Қонақ - гость
Тамақтану - поесть, подкрепиться
Асхана - столовая
Дәмхәна - закусочная
Қазы - казы, кушанье наподобие колбасы из брюшной и реберной части конской туши
Құрт - курт, сушеный творог в виде шариков
Сорпа - бульон, суп
Бауырсақ - жаренные в масле кусочки пресного или кислого теста
Қазақша ет - мясо по-казахски
Қуырдақ - жаркое, блюдо из жаренных в масле легких, печени, сердца, почек
Қымыз - кумыс, национальный целебный напиток, приготовленный из кобыльего молока
Шұбат - шубат.напиток из верблюжьего молока
Ас болсын - приятного аппетита
5. Осы мәтін бойынша синоним сөздерді табу және берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрау. "Дастарқан жаю, ұсақтап турау, буға пісіру, майға қуыру, табақ тарту, қонақ құту, ас қою, сусын құю" .
Осы мәтінді қорыту.
6. Қазақ халқының дәстүрі бойынша сырттан келген жолаушы рұқсатсыз үйге кірмеген. Ол үйдің сыртында тұрып: - Үйде кім бар? - деп сұраған. Содан соң оны қарсы алып, үйге кіргізеді. Қонақ аяқ киімін шешіп, үй ішіндегі адамдармен сәлемдеседі. Қонақ төрге отырады. Алдымен қымыз береді. Содан кейін шай береді. Қазақ елінде қонаққа деп әрқашан сыбаға сақтаған. Арнайы қонақ шақырғанда, сыйлы кісі келгенде қой сойған. Сыйлы қонаққа бас тартады. Кешке ауыл адамдары ән (ауылдың алтыауызын) айтады, содан соң қонаққа қолқа салып, ән (қонақ кәдені) айтқызады
1. Қонақ қойдан жуас...
2. Қонағым өз үйіңді де ойлай отыр.
3. Қонаққа бара білсең, шақыра да біл.
4. Қонақ бір күн қонса - құт, екі күн қонса - жұт.
5. Қонағы жаман болса, үй иесі қыдырады.
6. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.
7. Қонағын сүймеген баласын ұрады, не үйін сыпырады.
8. Қонақ келсе- құт келер
9. Қырықтың бірі – қыдыр
10. Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады