Просмотр содержимого документа
«урок " Мені? елім" »
Менің елім – Қазақстан
І. Тақырыбы: Менің елім – Қазақстан
ІІ. Мақсаты: Егеменді елімізге арналады.
а) Білімділік: Сөз қорларын байыту. Сөз тіркестерімен грамматикалық тапсырмаларға сүйене отырып, сауатты, қатесіз жаза білу және Қазақстан Республикасы. Отанымыз, туған еліміз туралы әңгімелеу қабілеттілігін арттыру. Мәтінді, тақпақ, өлеңдерді мәнерлеп оқу.
б) тәрбиелік: Оқушылардың Отанға, өзінің туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру және саналы, тәрбиелі азамат болып қалыптасуына әсер ету.
в) дамытушылық: Ой - өрісін, дүниеге көзқарасын, есінде сақтап қалу қабілетін дамыту.
III. Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
IV. Сабақтың типі: Қортынды сабақ.
V. Оқыту әдіс тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап іздену, жарысу.
Осы сөз тіркестеріне сүйене отырып сөйлем құрастырыңдар
- Біздің Республикамыз 1991 жылы ....... өз егемендігін алды.
Қазақстан республикасының рәміздері...., ......, .......
Қазақстан республикасының ..... Н.А. Назарбаев
Мен ...ауданыңда тұрамын
Менің Отаным....
"Мен қазақпын" Т. Молдағалиевтің өлеңінен үзінді оқиды.
Республика!
Ерікті ел — Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып, армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
4. Балалар Отан туралы тақпақ оқиды.
5.Қазақстан республикасының рәміздері туралы жұмыс болады :
ту
Көк жүзінде көгілдір
Гүл жайнаған мөлдір нұр.
Қазақстан жалауы –
Азаттықтың алауы.
Желбірейді аспанда,
Отан орны асқарда.
Елтаңба
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала, күн сәулесіндей — тарап уықтар шаншылған, оны аңыз - әңгімелердегі пырақтар канаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғары жағында бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында "Қазақстан" деген жазу бар. Қ.Р. Мемлекеттік Елтаңбасының реңдік бейнесі екі түсті — алтын және көгілдір түсті .
Өр қанатты сұңқардың
Қанатымен шырқар кім?
Қазақстан – Отаным,
Әлем білген атағын.
Жарқыраған әр таңда
Мемлекеттік Елтаңба.
Халқымыздың бейнесін
Кең таныта өрлесін
в) Әнұранының авторлары кімдер?
Сөзін жазған: Ж.Дәрібаева, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, М.Әлімбаев.
Әуенін жазған: Е.Брусиловский, Л.Хамиди, М.Төлебаев — деп жауап береді оқушылар.
Ән ұраны сөздері өлеңге жазылып, салтанатты түрде айтылатын ән.
Жеңістерге қолбасыдай,
Ерліктердің жолдасындай
Еліміздің әнұраны
Жүректерде жаңғырады
Жаршысындай даңқымыздың
Жан серігі халқымыздың.
6.Мақал- мәтелдермен жұмыс істиміз
Қандай мақал –мәтелдер Отан туралы білесіндер.
Балалар ауысша айтқаннан кейін магнитный тақтаға жабыстыру. ...под кюй
1.«Отанды сүю отбасынан басталады» Любовь к Родине начинается с семьи