2.Көптік жалғау деген не? (ережелерін қайталап келу)
ІІІ.Жаңа сабақ
1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту
«Тақырыпқа байланысты жалпы түсінікті жалғастырып, оларды бір-бірінен ажырата білу және білетін сөздер мен сөзтіркестерді дұрыс қолдана білу»
2. Ал, енді менің бірнеше сұрақтарыма жауап беріндер.(СЛАЙД)
1. Жыл мезгілдері деген не?
2. Бір жылда неше мезгіл бар?
3. Қандай мезгілдер атап беріңдер.
4. Әр жыл мезгілінің айларын атап беріндер.
Ендеше, бүгінгі сабағымыз жыл мезгілдеріне байланысты болмақ. Ал, сендер білесіңдер ме осы жыл мезгілдерінің қайдан пайда болғандарын?
Олай, болса тыңдандар осыған байланысты мынадай аңыз бар екен.
(аңызды интерактивті тақта арқылы тыңдайды)
Ерте – ерте ертеде атақты Жыл атасының Қыс, Күз атты екі ұлы және Көктем, Жаз атты екі қызы болыпты.
Балалары өсіп , ер жеткен соң оларды жиып алып Жыл атасы былай депті:
Балаларым, сендер үлкен азамат болдыңдар, ақылдарың толды. Енді барып халыққа қызмет етіңдер.Төрт мезгілді үш – үштен бөліп алып ,кезекпен үш айдан өз міндеттеріңді атқарыңдар депті. Бірақ бір ескертерім; Әрқашан халық үшін, адам үшін жұмыс істейтіндеріңді ұмытпаңдар, - деді.
Осыдан бастап , үш айдан тұратын төрт жыл мезгілі пайда болыпты .
3. Балалар, біз осы жыл мезгілдеріне байланысты көптеген өлеңдер білеміз. Кәне, сол тақпақтарды есімізге түсіріп, айтып берейік.
(оқушылар білетін тақпақтарын айтады)
ІҮ «Жыл мезгілдеріне саяхат»
Мұғалім: Ал, қазір, балалар, біз «Жыл мезгілдері» еліңе саяхатқа барамыз. Әр жыл мезгілі бізге түрлі тапсырмалар дайындап қойды.
Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазамыз.
Тапсырмалар орындау.
А) ҚЫС
1. Қыс туралы қандай сөздерді білеміз? (мысалдар келтіреді)
2. Мәтінмен жұмыс: 1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2.Мәтінді аудару
Мәтінді мәнерлеп оқы және аудар.
Бір жылда он екі ай, төрт мезгіл бар. Олар қыс, көктем, жаз, күз. Әр жыл мезгілінде үш ай бар. Қыста қар жауып, аяз болады. Балалар шана, шаңғы тебеді. Көктемде қар еріп, күн жылынады.Гүлдер гүлдейді. Жазда күн ыстық болады. Біз жазғы демалысқа шығамыз. Күзде көкөніс, жеміс, жидек піседі.
Б) КӨКТЕМ
1) «Адасқан әріптер» ойыны. (кестемен жұмыс)
2) Тақтада берілген суреттерге лайықты сұраулы шылауларды қою.
(а)СЛАЙД, ә)дәптерлеріне жаздыру)
а)З, А, Қ, А, Н --- ҚАЗАН
Р, К, Ү, Қ, Ы, Й, К, Е --- ҚЫРКҮЙЕК
Л, Е, Ж, С, А, Н, Т, О, Қ --- ЖЕЛТОҚСАН
У,А,Р,З,Ы,Н --- НАУРЫЗ
Д, Е, Л, І, Ш --- ШІЛДЕ
ә)Ата ма? Бала ма?
Гүл ме? Қоян ба?
Орындық па? Телефон ба?
СЕРГІТУ СӘТІ:
Бір, екі, үш, Бір, екі, үш,
Ал, кәнеки, ұш.
Төрт, бес, алты, жеті, Төрт, бес, алты, жеті,
Мынау ауыл шеті.
Сегіз, тоғыз, он, Сегіз, тоғыз, он,
Ал, кәнеки қон.
Асықпа да саспа
Бірден қайта баста.
В) ЖАЗ
1) Тақтада берілген сөздерге лайықты көптік жалғауларын қою.