"Бүгінгі білім - болашақта бағындыратын биіктеріңнің бастауы"
Эпиграф.
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішінде қулық сақтап.
Өзіңе сен өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Абай.
Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында бүгінгі сабаққа алынған эпиграф сөйлем мен өлең шумағы слайдта көрсетіледі. Оқушылар өлеңнің авторын тауып, мазмұнын ашады.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1."Оңай және қиын сұрақтар" стратегиясы
1)Етіс дегеніміз не? Мысал келтір.
2)Табыс септіктегі сөзді қажет ететін етістіктің түрі?
3)Өздік етіс дегеніміз не? Мысал келтір.
4)Етістің қай түрі салт етістік болады?
5)Өзгелік етіс дегеніміз не? Мысал келтір.
6)Бірнеше жұрнағы бірдей жалғанатын етістің түрі?
7)Өздік етістің жасалу жолдары қандай?
8)Іс-әрекеттің өзі емес, екінші, үшінші, төртінші адам арқылы іске асуын білдіретін етістіктің түрі не деп аталады?
2.Үйге берілген жаттығу жұмысын тексеру.
(Оқушылар бір-бірімен дәптер ауыстырып, слайдтан үй тапсырмасының жауаптарын тексереді. Бұл жерде жұптық жұмыс орындалады.)
245-жаттығу.
айт
айт-қыз
айт-қыз-дыр
айт-қыз-ба
айт-қыз-дыр-ма
айт-тыр
айт-тыр-ма
III. Жаңа сабақ
Мағынаны тану.
Бұған дейін іс-әрекетті біреудің тікелей өзі орындайтығын және іс-әрекеттің өзге біреу арқылы іске асатындығын қарастырдық. Енді істі кімнің істегендігі көрсетілмей, не істелгендігі ғана көрсетілетіндігін зерттей бастаймыз. Мысалы: бөлме тазартылды, гүлге су құйылды, астық егілді, ағаш отырғызылды, сурет салынды.
Осы мысалдардан мынадай ереже шығады:
Істі кімнің істегендігі көрсетілмей, не істелгендігі көрсетілген етістің түрі ырықсыз етіс деп аталады.