Саттыбекова Куралай Саттыбековна
Алматы облысы Іле ауданы
К.Әзірбаев атындағы №15 орта мектеп
7-сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы
Зат біткен қимылға түспесе не пайда? (Етістіктен өткенді қайталау)
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларды туған тілі, туған елі, ата-анасын қадірлеуге, адамгершілігі мол, өз ұлтын сүйер патриот азамат болуға тәрбиелеу
2) Оқушылардың етістіктен алған білімдерін пысықтау.
3) Өз ойын еркін, дәлелді жеткізу, салыстыра, толықтыра білу, логикалық ойлау, жұппен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту
Сабақтың түрі бекіту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
интерактивті сабақ, жұппен жұмыс, талдау, Венн диаграммасы, салыстыру, сэккуэй.
Сабақтың көрнекіліктері:
интерактивті тақта, тест түрлері, мақал-мәтел жазылған плакат, кесте-сызба, суреттер.
Сабақтың құрылымы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
4. Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа аудару кезеңі
7. Білімдерін бекіту кезеңі
8. Үй тапсырмасын беру
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, кезекшінің есебі.
4. Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа аудару кезеңі
Сабақты қазақ тілі сабағының әнұранымен бастау:
Қазақ тілі – Атаң, анаң,
Қуат алар Отан да одан.
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған.
Дұшпаның да бас иетін
Тілің – ұлттық қасиетің!
7. Сабақты бекіту кезеңі
Интерактивті тақтада тест түрлері беріледі.
1. Дұрыс жауабын таңдау тесті. Оқушылар АCTIVote арқылы тест сұрақтарына жауап береді. (Тестте төрт жауаптың бірі дұрыс белгіленеді)
Мысалы:
1. Тіл білімінде қанша сөз табы бар?
А. 5 В. 6 С. 9 Д. 2
2. Ырықсыз етісті тап:
А. айтып В. жуынды С. салғызды Д. айтылды
3. Туынды етістікті тап:
А. сөйле В. тазала С. отырды Д. жүгірді
2.Баламалы тест. (Тестте берілген сұрақтарға ия немесе жоқ деп жауап беріледі)
Оқушылар сигналды белгілер арқылы жауап береді.
ИӘ ЖОҚ
Мысалы:
1. Етістік не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.
2. Етістіктің райлары 7-ге бөлінеді.
3. Көсемше тәуелденеді, септеледі, көптеледі.
3. Сәйкестендіру тесті. Оқушылар ActivPen арқылы жауаптарды сәйкестендіреді)
Мысалы: 1. Болымсыз етістіккөру
Тұйық етістік жазғалы
Көсемше тұр
Есімше ашпа
Күрделі етістік барар
Дара етістік ұшып жүр
4. Толықтыру тесті. (Оқушылар керекті сөзді толықтырады)
1. Көсемшенің жұрнақтары: - ып, - іп, - п, - ғалы, - гелі, - қалы, - келі ...
2. Етістің түрлері: өздік, өзгелік, ортақ ...
3. Ауыспалы, мақсатты, ... келер шақ
Оқушыларға кесте бойынша мәтін құрату, етістіктерге талдау жасату.
Қазақ халқы қандай халық? «Қазақ – қонақжай халық»
Бауырсақ пісіру | Қуырдақ дайындау |
заттар | етістіктер | заттар | етістіктер |
1 литр айран 1 шай қасық тұз 1-2 үлкен қасық қант 1 үлкен қасық өсімдік майы, таба, оқтау,қамыр | қосу, қыздыру араластыру илеу, жаю кесу пісіру | таба, өсімдік майы туралған ет 1-2 пияз, тұз қара, қызыл бұрыш картоп | қыздыру, қуыру (қабығын) аршу жуу, турау, салу араластыру тұздау, дәмін көру |
Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау және етістіктерді талдау
(ActivPen арқылы әр сөйлем мүшесіне түс таңдау)
Мен бақытты көрсем деуші едім.
Сырын білмеген адамға шыныңды айтпа.
Ерінген ұятқа қалар.
Абай да, Жұмабай да қызығып тыңдасты.
«Бес жол өлең» жазу. Сэккуэй
(оқушылар жұптасып етістіктерге талдау жасайды)
Интерактивті тақтада түрлі-түсті суреттер беріледі.
1- нұсқа «Ана» | 2 – нұсқа «Ұстаз» |
1. Зат есім 2. Сан есім 3. Сын есім 4. Етістік 5. Түйін |
8. Үй тапсырмасын беру кезеңі
Ұстаз, ана туралы 5 мақал-мәтел жазып, құрамындағы етістіктерге талдау жасау. Тұйық етістік пен етістікті, есімше мен көсемшені салыстыру:
тұйық етістік | ұқсастығы | етістік |
| | |
Оқушылардың білімін диаграмма арқылы бағалау, бүгінгі сабақты қорытындылау.