Білімділік: Жабайы аңдар туралы түсінік беру, қазақша атауларын еске түсіру.
Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік ой-пікірін, көзқарасын, таным-толғамын қалыптастыру. Жаңа сөздермен таныстырып, оларды қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, қорғауға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, жеке жұмыс карточкалары, интерактивті тақта. Жабайы аңдар - слайд.
Сабақтың түрі: интерактивті сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, аудару, сөздікпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, салыстыру, ойын элементтерін қолдану, тыңдап түсіну, ең негізгісін табу.
Жұмыс түрлері: топпен, жұппен, жекелей жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Оқушыларды түгелдеу.
б) Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
в) Сабақтың барысын айту.
Оқушыларға бағалау парағын таратып, бағалау критерийларын түсіндіру.
Бағалау парағы
_______________________________________
№
Тапсырма
Оқушының бағасы
Мұғалімнің бағасы
1
Үй жұмысы
2
Мәтінмен жұмыс
3
Диаграмма ВЕНН
4
Деңгейлік тапсырма
5
Ойын
6
Тест
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
1 «Терісі бағалы аңдар». Оқушылар «Ыстық орындыққа» отырып, үй жұмысын айтады. Олар үйде терісі бағалы аңдар атынан адамдарға өз ойларын айтады. Мысалы: «Мен тулкімін. Құрметті адамдар! Мен де сіздер сияқты тірі жанмын, менің де отбасым бар, сондықтан өлгім келмейді ... соны естен шығармаңыздар!».
lll. Жаңа тақырыпқа дайындық. Интерактивті тақтамен жабайы аңдардың суретін көрсету, атауларын айтқызу.
Жаңа сөздермен жұмыс: Сөз – сөз тіркес – сөйлем құрастыру.
Салмақ – вес
Сезеді – чувствует
Жем – корм
Ежелден – с давних времен
Тұмсық – хобот, нос
Аш ұсталады – держат голодным
lV. Мәтінмен жұмыс.
Ә) Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді , әрбір топқа мәтін беріледі. Осы мәтінді 4-5 минут ішінде аударып, мазмұнын ашады.
топ «Піл»
топ «Жолбарыс»
топ «Қасқыр»
Сөз – сөз тіркес – сөйлем құрастыру.
А) Әрбір топтан екі оқушы басқа топтарға барып, өз мәтінінің мазмұнын ашып, аудармасын айтады. Сөйтіп, 10 минут ішінде 3 топтың әрбір оқушысы үш мәтіннің мазмұнын түсініп, аудармасын білу керек. Сосын оқушылар өз топтарына қайтып келеді де, сол үш мәтінді қолданып диаграмма ВЕНН құрады.
піл
ортақ
жолбарыс
қасқыр
Тексеру: Тақтада плакат ілулі. Үш топтан бір оқушы шығып плакаттағы ВЕНН диаграммасын маркермен жазып, толтырады.
В) Енді оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Аударған үш мәтінді қолданып, диалог құрастырады.
Үлгерімі төмен оқитын оқушыларға жеке карточка беріледі.
Сұраққа жауап бер.
Қандай жабайы аңдарды білесің?______________________________
Қандай терісі бағалы аңдарды білесің?_________________________
Жабайы аңдармен үй жануарлардың айырмашылығы неде?______________________________________________________