а)кім? не? ?) кімге? неге? ?айда? б) не істеді? не ?ылды ??айтті?
4.Баяндауыш дегеніміз не?
а)кімге? неге? ?айда? деген с?ра?тар?а жауап беретін с?здерді баяндауыш дейміз ?)с?йлемні? негізгі м?шесін баяндауыш дейміз б)Бастауышты? ісін, ?имылын білдіретін с?здерді баяндауыш дейміз.
Сабақтың мақсаты:1.Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру.Сөйлемнің жалаң жайылма болып бөлінуі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту.
2.Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың дербес жұмыс жасай білуін,сөздік қорын арттырып, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Жаңа технология:сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы:
1.Қызығушылықты ояту
2.Мағынаны тану
3.Топтастыру
Сабақтың барысы:
1Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық
Үй тапсырмасын тексеру1)74- жаттығу.Сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауышын табу.
2)Өткен сабақты қайталау мақсатында шағын сауалнама жұмысын жүргізу. Сұрақтарға компьютер слайдтарынан оқып, дұрыс нұсқаларын парақшаларға белгілеу.
1.Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
а)Сөйлемдегі мағынасыз мүшені сөйлем мүшесі дегеніміз?
ә)Бас әріппен жазылған сөзді сөйлем мүшесі дейміз.
б)Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшесі дейміз.
2.Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері деп аталады?
а)Тұрлаусыз мүшелері ә)Тұрлаулы мүшелері б)Анықтауыш мүшелері
3.Бастауыштың сұрақтарын тап
а)кім? не? ә) кімге? неге? қайда? б) не істеді? не қылды ?қайтті?
4.Баяндауыш дегеніміз не?
а)кімге? неге? қайда? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді баяндауыш дейміз ә)сөйлемнің негізгі мүшесін баяндауыш дейміз б)Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейміз.
5.Сөйлем дегеніміз не?
Жаңа сабақ:1.Қызығушылықты ояту.Ойлан тап» ойынын ойнату.
Көбейту кестесін сұрау арқылы дұрыс нәтиженің тұсындағы сөздерді шығарып алып отыру.
4*6=24(жалаң)
3*9=27(және)
7*5=35(жайылма)
36:4=9(сөйлем)
Жаңа сабақ тақырыбын тақтаға жазу.Мақсаты мен міндетін анықтау.Ал, оқушылар,
Дәптерімізді ашайық
Қолға қалам алайық
Салақтықтан қашайық
Әдемі етіп жазайық.
1.Бүгінгі күннің ретін жазу
2.Көркем жазу минуты.
2.Мағынаны тану.
Сөздерден сөйлем құрап оқиық, оларды сөйлем мүшелеріне талдайық. Құрған жалаң,жайылма сөйлемдерді тиісті пойыз вагондарына орналастырайық.
Мысалдарды ұғыну арқылы талдау-жинақтау әдісімен ереже шығарып оқу.
83-жаттығу.ребусты дұрыс шешсең,мақал шығады.1-тапсырма.Сызықшаны тиісті орнына қой.Неге сызықша қойылғанын түсіндір.
Ақыл-азбайтын тон,
Білім-таусылмайтын кен.
2-тапсырма.Берілген сөздерді пайдаланып, жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып айт.
Ешкі лақтады.. Қоңырау сыңғырлады
Жел соқты. Гүлназ тазалады.
Керекті сөздер:күміс,жылы,көк,үйді.
6.Сергіту сәті:1.Тақпақ айту.
2.Тізбек ойыны.»
Үш бала дөңгелене тұрады.Ойынды бастаушы «бірінші!» дегенде,1-ші оқушы 1 жалаң сөйлем айтады.Екінші» дегенде 2-ші оқушы бір сөз қосып айтады.Үшінші» дегенде 3-ші оқушы тағы да бір сөз айтады.Сөйтіп тізбектелген бір жайылма сөйлем құрастырады.
7.Топтастыру:Жалаң және жайылма сөйлемдердің өздеріне тән ерекшеліктерін жеке-жеке топтап айту.Тірек сызбасын іліп,оқушыларға айтқызу.
8.Венн диаграммасы.Келесі тапсырма жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемдерді салыстыру.Яғни әр сөйлемнің өзіне тән және ортақ белгілерін айту.
9.Сабақты қорытындылау:Қонжықтың тапсырмасына жауап беру.