Просмотр содержимого документа
«Жаңа типті мектептердегі білім мазмұны»
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Педагогика
Тобы: 3БШ-15 б/б
«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі
Оқытушының аты-жөні: Хайруллаева А.Б.
Сабақтың тақырыбы
Жаңа типті мектептердегі білім мазмұны
Сабақ мақсаттары
1. Білім алушылардың жаңа типті мектепдердегі білім мазмұны және ерекшеліктері туралы білім, дағдыларын кеңейту, пысықтау, жаңа типті мектептердегі білім мазмұнының ерекшеліктерін айқындап, дарынды балалармен жұмыс мазмұнын ашу, меңгерту.
2. Қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаға шығармашылық тапсырмалар бере отырып, білім алушының ой-өрісін, танымдық қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, оны жан-жақты үйлесімді етіп дамыту.
3. Білім алушыларды ұйымшылдыққа, ұжымның намысын қорғауға, сыйластыққа, тапқырыққа, өзара жақсы қарым-қатынастағы көңіл-күйге, алғырлыққа тәрбиелеу және өмірде тиімді пайдалана білу.
Бағалау критерийлері
Жаңа типті мектептердегі білім мазмұынының даму тарихы, ерекшеліктерімен танысады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну, қолдану, меңгеру
Сөздік қор
Гимназия, лицей, интеллект, білім іскерлігі, дағды
Құндылықтарды дарыту
Топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу.
Пәнаралық байланыстар
Педагогика тарихы
(жаңа білімді меңгерту барысында пайдалынады)
Психология (қарым-қатынас, іс-әрекет
Қазақ тілі (үй тапсырмасына жауап беру барысында пайдаланады)
Ағылшын тілі, орыс тілі (жаңа білімнің мазмұнын табу барысында қолдана алады)
Шет тілін оқыту әдістемесі (жаңа білімді пысықтау барысында пайдалана алады)
Алдынғы меңгерілген білім
Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру жолдары
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақта жоспарланған іс – әрекет
Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу(түрлі-түстердің біреуін таңдау бойынша)