Жарасымды қарым - қатынас
Қазақ халқының ұлттық дәстүріндегі «үлкен» мен «кіші» сыйласымды қарым – қатынасын ұлттық құндылық ретінде таныту. «үлкен» мен «кіші» арасындағы сыйласымды қатынасымның мәнін ұғындыру;
өзінен үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, инабатты болуға тәрбиелеу; Сабақтың дәйексөзі жазылған плакат, презентация материалы. Қызығушылықты ояту, пікірлесу сұрақтары, жаңа ақпарат , сабақтың дәйексөзі, мәтінмен жұмыс, шығармашылық жұмыс, сахналау, қорытынды, рефлексия. Әдебиет Жаңа білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыру сабағы Аралас сабақ 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Қызығушылықты ояту 3. Пікірлесу 4. Жаңа ақпарат 5. Сабақтың дәйексөзі 6. Мәтінмен жұмыс 8. Шығармашылық жұмыс 9. Сахналау 10. Рефлексия 11. Қорытындылау Сәлеметсіздерме ме, балалар? Көңіл – күйлерің қалай? «Ерте заманда бір отбасы өмір сүріпті, ол отбасында әрдайым достық, махаббат, түсіністік болған екен. Олар туралы сөздер билеушіге де жеткен екен, ол отағасын шақырып алып, одан: «Сендер ұрыс - керіссіз, бір біріңді ренжітпей қалай өмір сүре аласыңдар?» - деп сұраған екен. Сонда қария қағаз алып оған бір нәрсе жазады. Билеуші қағаздағы жазуды оқып, таң қалады, ал қағазда «түсіністік» деген сөз 100 қайтара жазылыпты. - Билеуші қандай сөз жазды деп ойлайсыздар? - Аңызда айтылған отбасы неліктен тату тұрған? «Түсіністік» сөзін қалай ұғасыңдар? Балалар, бүгінгі саағымыздың тақырыбы «Жарасымды қарым - қатынас» деп аталады. Енді осы тақырып төңіргінде ой өрбітейік. 1. Жарасымды қарым - қатынас дегенді қалай түсінесіз? Жарасымды қарым – қатынас шыңына жету үшін қажет қасиеттер: Дұрыс сөйлей білу дағдысы Түсіне білу қабілеті Өзін басқаның орнына қоя білу Сабырлылық,төзімділік қасиеттері Кешірім сұрай білу және кешіре білу қасиеті Достық Адалдық,шыншылдық қасиеттері Ақ ниет пен шынайы пейіл 2. Кез келген адаммен қарым - қатынас жасау үшін адамға қандай қасиет керек? 3. Адам өміріндегі дұрыс әрекет деген не? 4. Қарым - қатынастың адам өміріндегі маңыздылығы қандай? «Қазақтың ұлттық дәстүрінде кіші адам үлкенді сыйлауға міндетті.Үлкен адам алдында әдеп сақтау, ибалық көрсету, үлкенді сыйлау, қайырымды – рақымды болу, кіші адамға сай мінез- құліқ көрсету жас адамның адамгершілік қасиеттерінің көрінісі. Қазақ халқы «кішілік те кісілік» деп, кішілік әдептілікті, ізеттілікті, сыйласымдылықты көрсететін қасиет деп жоғары бағалайды». Оқулықта ұсынылып отырған Дорженовтың ізімен жазылған мәтінді оқиық. - Қазақ халқының үлкенді құрметтеуге байланысты қандай рәсімдері бар? -«Ақсақал» , «Ел ағасы» деп кімдерді атаған? - «Ізгіліктің басы- үлкенді сыйлаудан басталады» дегенді қалай түсінесіздер? «Ақсақал» деген қазақ халқына тән ұғым. Оның қария деген ұғымнан гөрі мағынасының тереңдігін «ақсақал» отбасында ата, не үлкен ғана емес, ол әулеттің, рудың, елдің амандығын, бірлігін тілейтін, елдің қамы үшін жүретін парасатты, үлкен жүректі адамдарды айтады. Бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде А. Линкольннің «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе оның басқа адамдармен қарым – қатынасы» деген қанатты сөзі. • Қалай түсінесіңіздер, өз ойларын ортаға салыңыздар? С.Ақатайдың қысқаша берілген мәтінін оқып, талдау жүргізу. Қазақ баласы амандықтан, соң бейтаныс адамның жасын сұрайды. Ол этикет – халық этикасының ең абзал бөлігі. Сұхбаттас адам өзінен үлкен болып шықса, ерте бастан інілік ізгілігімді білдірейін, үлкеннің жолын кес-кескестемейін деген ниет сездіру. Ал үлкен болып шықса, ағалық кәденің орны бөлек. Ағасын отырғызып қойып інісі сөйлегеннен безу кенжелеп туғандардың тілін жаттықтыру үшін шығарылған жаңылтпаш емес, көргенсіздікке тосқауыл болатын әдептіліктің жанашыры. Өз ойларымен бөлісу. Сахналау: «Үлкендер» мен «кішілер» тобына бөлініп, олардың көзқарасы тұрғысынан аға буын мен жастардың арасында келіспеушілік тудыратын жағдайларды ойнап көрсету. Келіспеушілік пен келіссөзді көрініс ретінде әдіс – тәсілдерін ұсыну. Адамдар арасындағы сыйласымды қарым – қатынастарға байланысты нақылсөздерді жазып келу. «SMS» рефлексиясы орындалады. Балалар, мына телефондарға бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді жазып, сыныппен бөлісіңдер. Балалар, олай болса бүгінгі сабағымды Бөлтірік шешеннің, Үлкен алдында иіліп сөйле, Кіші алдында сызылып сөйле, Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді, Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді. Деген сөзімен аяқтағым келеді. Жан жылуының көрінісі тек отбасында ғана емес, ол ұжымдағы адамдар арасында да, дос- жолдастар арасында да болатын жақсы қасиет. Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды, Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды. Қазақ халқының үлкенді сыйлау, құрметтеу әдебіне байланысты қағидаларды жазып келу. |