Әрине, оқушылар адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, тіпті ана құрсағында жатқан күннен бастап өле –өлгенше қарым –қатынасқа зәру.Олай болса, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Жарасымды қарым-қатынас» Сабағымызды әдеттегідей шаттық шеңберімен бастайық. Шаттық шеңбері Оқулықтағы ойланайық, пікірлесейік айдарындағы сұрақтар арқылы отбасындағы, туыстар мен достар арасындағы қарым-қатынас туралы білімдерін сұрақ қою арқылы естеріне түсіру. Жарасымды қарым-қатынас дегенді қалай түсінесіз? Кез-келген адаммен қарым-қатынас жасау үшін адамға қандай қасиет керек? Ол қасиеттер өз бойыңызда бар ма? Сонымен қарым-қатынастан ереже құрап көрейік: Қарым-қатынас дегеніміз бұл –адамдар арасындағы байланыс орнату мен дамытуда пайда болатын жеке бас белгілерінің формасы; Қарым-қатынас бұл- бір адамның екінші адамға ықпалы нәтижесінде пайда болатын адамдар арасындағы байланыс. т.б. Қарым-қатынастың бір-бірімен байланысты үш түрі бар. Коммуникативтік жағы – қарым-қатынас арқылы адамдар бір-бірінің ойын, мақсатын, алған беталысын айыруға тырысады.(Бұл процестің құралдарына сөз, сөйлеудегі ырғақ, мимика, денедегі әр түрлі қимылжатады) Интерактивтік жағы –адамдардың бірігіп жұмыс жасауы үшін статегиялық жоспар құру жатады.( міндеттерді өзара бөлісіп жасау кооперация, бақталастыққа бағытталған) Перцептивтік жағы- басқа адамның сыртқы пішініне қарай оның психологиялық қасиетін, мінез-құлқын білу, бірін-бірі қабылдау. |