Ұйымдастырушылық – ізденістік | Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? - Қүз мезгілінде неше ай бар? - Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады? - Өте жақсы. Жарайсыңдар! - Балалар, тыңдаңдаршы, нелердің даусы? - Дұрыс айтасыңдар, балалар, осы сиыр, қойды үй жануарлары деп атайды. Үй жануарларына сонымен бірге жылқы,қой,сиыр, түйе, ешкі және ит пен мысық жатады. Мысық - ол үйде тұрады. Ал, ит үйдің сыртында, үйшікте тұрады. Ол үйді күзетеді. Ит - жеті қазынаның бірі. - Балалар, сендерді ата - әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?
Сендерді ата - әжелерің жақсы көріп, сүйкімді жануарлардың аттарымен еркелетеді екен, қандай тамаша! Тәрбиеші: Балалар, осы сүйкімді жануарлар төрт түлікке жатады. Олар: түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі. Түйенің төлі - бота, сиырдың төлі - бұзау, қойдың төлі - қозы, ешкінің төлі - лақ, жылқының төлі - құлыншақ. Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы малдар. Адамға пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім қыламыз. Сиырдың, қойдың, сүтінен май,құрт, айран, ірімшік жасайды. Адамдар да оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады, шөп, жем, су береді, сауады, көптеген күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн көре алмайды. Ата бабамыздан келе жатқан қасиетті жануарларды өте жақсы көрген, күтіп, қасиеттеп қараған. Үй құстарына не жатады? Сөздік жұмыс:үй жануарлары деп неліктен айтатынымызды түсіндіреді. Қостілділік компонент: жылқы-лошадь,сиыр-корова,қой-овца,ешкі-коза,түйе-верблюд, мысық-кошка,ит-собака. Сергіту сәті: Тіктеп титтей құлағың, Ботам былай жүреді. Сыртылдатып тұяғын, Бұзау былай жүреді. Алға созып мойынын, Ойнақтайды ботақан. Көкке қарай мұрынын, Шүйіреді бұзауқан. Төрт түлік туралы көп жырлар, өлеңдер, мақал - мәтелдер шығарған. Жарайды, балалар ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын шешуін кім табады екен? Кішкене ғана бойы бар Айналдырып киген тоны бар. (Қой) Қане, балалар ендеше қойдың дыбысын салыңдаршы.! Кезекті бір жануар Үстінде екі тауы бар (Түйе) Басында екі таяғы бар Төрт аяғы бар Бірақ тағы сақалы бар (Ешкі) Екі айнасы бар Екі найзасы бар Төрт жылтырмағы бар Бір шыпыртқысы бар (Сиыр) Екеуі елеңдеп келеді Төртеуі төбелесіп келеді (Жылқы) | -Қыс мезгілі. -Үш ай бар. Жаңбыр болады,жел соғады . -Үй жануарларының да-уысы. Мұқият тыңдайды. Ботақаным, қозым, құлы-ным, еркем, кішкентай лағым, қошақаным.
Мұқият зейін қойып тыңдайды. Тауық, үйрек,қаз,күркетауық жатады Үй жануарлары деп не-ліктен айтатынын түсініп алады. Сөздерді бірнеше рет қайталайды, Өлеңнің мазмұнына сай қимылдар жасайды. Ойланып,жұмбақтың шешуін табады. -Қой. Қой - мә - мә маңырайды. -Түйе. Түйе - бө - бө боздайды. -Ешкі. Ешкі - бе - бе бақырады. -Сиыр. Сиыр - мө - мө мөңірейді. -Жылқы. Жылқы - е - е - е кісіней-ді. |