Просмотр содержимого документа
«Жауапкершілік пен жауапсызды? »
Бекітілді
Тақырыбы: Жауапкершілік пен жауапсыздық 1 сынып
Сабақтың мақсаты: «Жауапкершілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу. Жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейту. Өз ісіне, сөзіне жауапкершілікке тәрбиелеу Көрнекі құралдар: Баспалдаққа көтеріліп бара жатқан баланың суреті салынған плакат және әрекетті білдіретін сөздер жазылған қанатты қағаздар, Ақботаның қоржыны, карточкалар, сюжетті суреттер Шаттық шеңбері: Балалар шеңберге тұрып бір-бірімен сәлемдеседі. Бірге өлең жолдарын қайталаймыз: Атқарамыз әр істі, Жақсыға біз лайық. Жауаптылық сезініп, Уәдеде тұрайық! Топқа бөлу, ұрандары, әндері. Оқулықпен жұмыс «Өкініш» әңгімесін оқып беремін, сұрақтар қоямын. 1топқа. Балалар, Қайырбекті ұятқа қалдырған қай әрекеті? 2 топқа. Қайырбектің атасы не үшін ұялды? Қайырбектің орнында болсаңдар, не істер едіңдер? Балалардың жауаптарын тыңдаймын. Дәйексөз «Уәде берсең – орында» деп тақтаға жазамын және осы мақалды бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіремін. - Әңгімеде айтылғандай, адам өзіне тапсырылған істі жауапкершілікпен орындамаса, өзін ғана емес, өзгені де ұятқа қалдырады екен. - Сендер «Уәде берсең – орында» деген мақалды қалай түсінесіңдер? - Сендердің уәде беріп, орындай алмай қалған кездерін болды ма? Болса естеріңе түсіріп айтып беріңдер. Жауаптар тыңдалып, өздеріне қорытындылауға мүмкіндік беремін: - Берген уәдені уақытында орындау үлкен жауапкершілікті білдіреді. Ата-бабамыз балаларының жауапкершілікті болып өсуін армандаған, сол үшін де «Уәде берсең – орында» мақалы ұрпақтан-ұрпаққа бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Балаларға дәптерлерінің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген осы бетке дәйексөздерін жаздырамын. Тыныштық сәті. Бұл әдістемелік тәсілде балалардың өзін- өзі толық тыныштықта іштей бақылауына мүмкіндік жасалады. - Балалар, денелеріңді тік ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Ө¬здеріңнің тыныс алуларыңды терең бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашпасаңдар да болады. Ойын-жаттығу. «Мен жауапкершілікті боламын, өйткені...» деп аталатын ойын-жаттығуда балалар өз білім-біліктерін қолданып, ой қорытындысын жасауға мүмкіндік алады. Плакатта баспалдақтармен көтерілгелі тұрған баланың суреті берілген. Жеке-жеке іс-әрекеттерді білдіретін сөздер жазылған қатты қағаздарды Ақботаның қоржынына саламын. Балалар кезегімен тақтаға шығып, қоржыннан қағазды алып, онда жазылған іс-әрекеттерді оқиды, бала осы іс-әрекетті жауапкершілікті болуға қатысты деп тапса, оған «Мен жауапкершілікті боламын, өйткені...» деген сөзді қосып айтады. Мысалы: «Мен жауапкершілікті боламын, өйткені уәдемде тұрамын». Сосын осы қағазды суреттегі баспалдаққа жапсырамын. Егер қржыннан шыққан қағазда жазылған іс-әрекет жауапсыздықты білдірсе, онда бала оны не үшін жауапсыздыққа жатқызатынын түсіндіріп айтып береді. Қағазға жазуға ұсынылатын іс-әрекет үлгілері: уәдемде тұрамын; өзіме сенімді боламын; жұмысты қызығып атқарамын; сабақтан кешікпеймін; аулада ұзақ ойнаймын; үлкендердің тапсырмасын ұмытып кетемін; айтқан сөзімді орындаймын және т.б. Жаттығу соңында балалармен бірге суреттегі баспалдаққа жапсырылған қағаздағы іс-әрекеттерді бірге оқып шығамыз. Қорытындылау. Қорытындылау кезінде оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгендерін өздеріне қорытынды жасату арқылы тексеремін. Шығармашық жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіремін. Дәптердегі суреттерге қарап, олардың мазмұны бойынша жауапкершілік, жауапсыздық сөздерін қатыстырып әңгіме құратамын. 1-суретте: Екі бала әкесімен бірге екі ағаш көшетін отырғызды. Әкесі балалардың ағаштың күтімі туралы кеңес беріп беріп тұр. 2-суретте: Бірінші бала ағашқа су құйып жатыр. Оның ағашы тіп-тік болып, жапырағы жайқалып өсіп тұр. 3-суретте: Екінші баланың ағашы қурап тұр. Ал баланың өзі алаңсыз доппен ойнап жүр. «Мен жауапкершілікті боламын, өйткені...» айдарымен берілген бос жолдарға жауапкершілікті білдіретін іс-әрекеттерді естеріне түсіріп жаздыртамын. Мысалы: Мен жауапкершілікті боламын, өйткені тапсырманы орындаймын. Жүректен жүрекке Балалармен бірге шеңберге тұрып А.Естеновтің «Таудай болып өсеміз» өлеңін оқимын. Таудай болып өсеміз А.Естенов «Таудай бол!» - деп атам да, «Таудай бол!» - деп апам да. Асқар таудай жігіттер Қажет дейді Отанға. Желкілдеген баудай көк, Балдырғандар балдай көп – Өсіп келе жатырмыз Бір-бір асқар таудай болып. Жаттап ертек, мол аңыз, Өсіп, өніп тола біз, Алатаудай айбынды Ел қорғаны боламыз