«Павлодар қаласының №43 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырып: Жеміс- жидектер
3 «Д» сынып
Мұғалім:
Сыздықпаева Б.В.
Павлодар 2013 ж.
Сабақтың тақырыбы : Жеміс-жидектер
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:өздері білетін жеміс-жидек атауларын пайдалана отырып,оны жаңа сөздермен толықтыру; ойын элементтерін пайдалана отырып,күнделікті тұрмыста қолдана білу.
2. Дамытушылық: ойландыру,тыңдау,сөйлесу,оқылым,тілдесім,жазылым іс-әрекеттері арқылы таным қабылеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: салауатты өмір салтына,әдептілікке,тазалыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Қолданылатын әдістер: түсіндіру,оқыту,сұрақ-жауап,ойнау
Мұғалім: Балалар,бүгін сабақта біз не істейміз? (оқимыз,тыңдаймыз,сауатты жазамыз,ойнаймыз)
Дұрыс балалар,бүгін сабақта біз дұрыс қазақша сөйлейміз,жауапты дұрыс айтамыз,сауатты,жазамыз.
(есікке біреу қағады-үнтаспадан қағатын дыбыс шығады)
Мұғалім: Бізге біреу келіпті.Барып қарап келейін. Ешкімде жоқ. Бірақ балалар,қараңдар, бізге біреу конверт пен осындай әдемі сандықты беріп жіберіпті.Бұл кімнен екен?
(Балаларға конвертті көрсетіп,оқу)
Бұл конверт кімнен?- Мақта қыздан.Кімге?-3Д сынып оқушыларына.
Балалар,білгілерің келеме бұл конверттің ішінде не бар екенін?(хат)
Мақта қыз балалар,бізге хат жазып жіберіпті.(Хат оқу)
Үй жұмысын тексеру
Мұғалім: Өткен сабақта,балалар, біз көкөніс деген тақырыпты өттік. Осы тақырыпқа қандай үй жұмысы болды?
Оқушы: Көкөністің суретін салып, оны әңгімелеу (оқушылар тақтаның алдына шығып, өз суретттерін әңгімелейді)
(Фишкаларды тарату)
Мұғалім: Балалар,Мақта қыз сендерге үнтаспа және мәтінді жіберіпті.
1тапсырмасы осындай:Балалар, мәтінді мұқиятты тыңдаңдар,содан кейін сұраққа жауап беріңдер.
Жеміс- жидектер- олар өсімдіктер. Жеміс-жидектер бақшада,бақта өседі. Адамдар жеміс жидектерді егеді, күтеді. Піскен кезде жеміс- жидектер шырынды, дәмді, тәтті болады.
Жеміс- жидектерде дәрумендер көп. Олар адамға пайдалы. Жеміс жидектерді жуып жеу керек.
Мұғалім:
Екінші тапсырмасы : Мәтінді іштей оқып шығыңдар. Содан кейін қарындашты алып бейтаныс сөздерді түртіп алыңдар,оқыңдар.
(Мұғалім мәтінді оқиды,оқушылар тізбектеп оқиды)
Мәтін бойынша сұраққа жауап беріңдер:
1)Жеміс-жидектер олар нелер?
2)Жеміс-жидектер қайда өседі?
3)Піскен кезде олар қандай болады?
4)Жеміс-жидектерде не көп?
5)Жеміс-жидектерді қалай жеу керек?
(Фишканы тарату)
Сөздік жұмысы:
Өсімдік-растение
Шырынды-сочный
Дәрумен-витамин
Жуу керек-нужно мыть
1)Мұғалім дауыстап оқиды
2)Оқушылар хормен оқиды
3) тізбектеп оқиды
4)Сөз тікестер құрайды
5)сөйлемдер құрайды
6)сөздік дәптерге сөздерді жазады
(сөздерді оқу, сөз тіркестер,сөйлемдер құрастыру,сөздік дәптерге жазу)
(Фишканы тарату)
Сегіту сәті:
Жеміс-жидек пісіп жатыр,
Түсіп жатыр бау-бақта.
Жапырақтар ұшып жатыр,
Ұшып жатыр жан-жаққа.
Келесі тапсырманы жұмыс дәптерге жазамыз.Дәптерді ашып,бүгінгі күнді жазайық. Қаламдарды қойыңдар,тыңдаңдар:
1)Берілген сөздерге нүктенің орнына сұраулық шылауларды қосып жазу.Қандай сұраулық шылауларды білесіңдер? Осы тапсырма қызыл парақта.Қызыл парақты алып, тапсырманы жазыңдар.Қазір белсенді тақта бойынша тексерейік (белсенді тақта)
(Фишканы тарату)
2) Мақта қыз «Себеттер» деген ойын ұсынады. (белсенді тақта бойынша)
-Сен бұл себетке не салдың?
Бұл себетке(алма,......)салдым
Ойынның шарты:Жемістер деген себетке тек қана жемістер жинаймыз.Жидектер деген себетке жидектер жинаймыз.
(Фишканы тарату)
3) Келесі «Шашылған сөздер» деген ойынды ұсынады.
Ойынның шарты:Шашылған сөздерден дұрыс сөйлем құру.Осы ойын сары парақтарда.Сары парақтарды алып,сөйлемдерді дұрыс жинап құрастырыңдар(жұппен жұмыс) Тексерейік(оқушылар оқиды)
(Фишканы тарату)
4-тапсырма Сурет бойынша диалог құру Тексеру.
(Фишка тарату)
5-тапсырма Өлеңді мәнерлеп оқу.Жасыл түсті парақты алып оқыңдар.
(Мұғалім оқиды,оқушылар оқиды)
(Фишканы тарату)
-Өлең не туралы?
Қорытындылау:
Сабақта не істедік?
Сабақ ұнады ма?
Ал қазір бағалаймыз, фишкаларыңды санаңдар.
Балалар кім қалай жұмыс істеген туралы Мақта қызға жазып жібереміз