Балалар мен сендерге өткен сабақтағы жаңа сөздерді орысша айтамын, ал сендер қазақша баламасын табасыңдар. Кім көп жауап берсе, сол «Жеңімпаз» аталады.
Грамматикалық тақырыптарды еске түсіру:
Қазақ тілінде неше тән дыбыс бар?
Жалғаудың неше түрі бар?
Неше септік бар?
Өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастыру:
Балалар ас, тағам туралы мақал- мәтелдер дайындадыңдар?
Нан туралы қандай тақпақ жаттадық?
Кім айтады? (бір оқушыдан нан туралы тақпақты сұрау)
Жаңа тақырыпқа көшу:
Ас атасы- нан бұл мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?........
Ендеше балалар, мені мұқият тыңдаңдар!
Мен сендерге тақпақ оқып берейін :
Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, дәмдісін,
Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?
«Рахмет!» сізге деу керек.
Балалар, ендеше біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз: «Жемістер мен көкөністер»
Жаңа сөздер: дәрумендер – витамины
өседі – растёт
жинаймыз- собираем
жемістер- фрукты
көкөністер- овощи
орамжапырақ- капуста
сәбіз- морковь
қызылша- свекла
пияз-лук
Жаңа сөздерді оқу, сөзтіркестерін, сөйлем құрастыру.
Мәтінмен жұмыс:
Алма, өрік, алмұрт жемістерге жатады. Өйткені олар ағашта өседі. Жемістер мен көкөністердің құрамында дәрумендер көп. Олар денсаулыққа пайдалы. Мен алманы жақсы көремін. Інім жүзім мен құлпынайды жақсы көреді. Анам көкөністерден дәмді тағам пісірді.
А )мәтінді түсініп оқу.
Ә)мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
Б) мәтін бойынша слайдтарды көрсету.
Ойын ойнау: табақшадағы жемістер мен көкөністерді оқушылар көздерін жауып пішініне қарап ажыратады.