Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Жеті қазына
Сабақтың мақсаты: Ертегі арқылы адамдар мен жануарлар арасындағы қарым-қатынасты тануға ұмтылу.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже:мәтін мазмұны арқылы оқушының шындыққа көзқарасын қалыптастыру.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: іздену,болжау,ойлану, пікірлесу арқылы шығармашылық дағдыларын дамыту.
Тұлғалық нәтиже: достық пен сенім,шындық пен жағымпаздық сияқты мінез-құлықтар аражігін ажырата білу,сезіну.
Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.
Әдісі: сұрақ-жауап, сөздік.
Түрі: аралас
Көрнекілігі: Мәтінге сәйкес суреттер, мақал-мәтелдер..
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Сабақтың басталғанын хабарлау.
Мақсатын түсіндіру.
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
Мүшел жас.
1. Бұрынғы кездегі туған күнді тойлау әдетін жазушы қалай түсіндіреді?
2. Өзіңнің және сыныптасыңның қай мүшелде екенін анықта.
3. Алғашқы мүшел жастағы бала нешеде?
4. Екінші мүшел жастағы балаға ата-анасы, елі қандай үміт артады?
5. Туған күнді бұрынғыша тойлауға келісер ме едің?
Сурет құрастыру арқылы топқа бөлу. (түлкі, ит, арыстан, қасқыр)
ІІІ. Жаңа сабақ.
«Болжау әдісі» арқылы топтарға сұрақ:
«Қазына» дегенде көз алдымызға не елестейді?
-Өмірдің бар қызығы байлықта ма?
-Өмірі таусылмайтын, мәңгілік сақталатын қазына не нәрсе деп ойлайсың?
-Ал халқымыз жеті қазынаға не жатқызады екен, мәтіннен оқып көрелік.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтіннің 1-2 абзацын оқып түсіндіру.
-Ертегідегі түлкінің сөзінен не байқадыңдар?
-Балалар, өмірде өздеріңді біреу мақтаса, қандай сезімде боласыңдар?
-Ертегінің осы бөліміне қандай тақырып қояр едіңдер? Тақтаға жаздыру.
Мыс. Аңдар жиналысы.
Әрі қарай ертегіні оқу. «Дереу арамыздан аластатыңдар!-депті күндей күркіреп» деген сөйлемнен кейін тоқтатылады.
Сұрақтар:
-Ит неліктен әңгімеге араласқысы келмеді?
-Қалай ойлайсың, Арыстан итті қалай жазалауы мүмкін?
-Олай болса, осы бөлімді қалай атауға болады? Мыс. Арыстанның қаһары.
Сөздікпен жұмыс:
Аластату деген не?
Ертегіні аяғына дейін оқу.
-Ит қайда кетті?
-Иттің кеткені дұрыс болды ма?
-Сендерге иттің қай сөзі ұнады?
-Ал адам итті қабылдады ма? Оны қалай дәлелдер едің?
Бөлімге ат қою. Ит-адамның досы.
-Сонымен итті адамдар неліктен қазына деп атайтынының себебін білдіңдер ме?
Ол адамға адал қызмет етеді. Шекара күзетіп, еліміздің тыныштығын сақтайды?
Ертегідегі ит пен түлкіні салыстыру.
IV.Сабақты бекіту.
Ит суретін көрсетіп , итке сипаттама беру.
Аты-Ит
Ит қандай? Төзімді, жүйрік, иесіне адал.
Жақсы көретіні-сүйек, сипағанды, ркелеткенді.
Қорқатыны-қасқырдан, өзінен үлкендерден.
Басынан өткізген сезімдері-рақаттанып ұйықтауы, аң қуғандағы қуанышы.
Болашақтан күтетіні- қарны тоқ, иесінің амандығы.
Мекнжайы-үйшігі.
Тегі-жабайы иттер.
Осындай тегіне қарап, адамдар оны жеті қазынаның біріне жатқызған.
-Бағалау.
Үйге тапсырма: интернеттен иттер туралы, олардың түрлері туралы қызықты материалдар алып келу.
Үй кітап
Қазына
Алтын