Көктемде жаңбыр қалың жауды, сондықтан көк қаулап өсті. (себеп-салдар салалас)
Тәңірберген бірер рет тіл қатып еді, бірақ Еламан үндемеді. (қарсылықты салалас)
Көргендерін өзі айтар, я болмаса қызымнан сұрармын. (талғаулы салалас)
Біресе жаңбыр себелейді, біресе қар ұшқындайды. (кезектес салалас)
Өмірдің өз заңы бар: қуаныш пен қайғы үнемі алмасып жатады. (түсіндірмелі салалас)
Құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнді қарым-қатынаста болуын ыңғайлас салалас дейміз.
Ыңғайластық мәнді жалғаулық шылаулардың қатысу-қатыспауына қарай ыңғайлас салалас жалғаулықты, жалғаулықсыз болып екіге бөлінеді.
1. Жалғаулықсыз ы.с.
А) Бір мезгілде қатар болған я болатын істерді білдіреді. Баяндауыштары көбінесе бір шақта тұрады. Мыс: Шай ішілді, тамақ желінді.
Ә) Әр мезгілде, яғни бірінен соң бірі болатын я болған істерді білдіреді.
Мыс: Тұмарбай ағамыз қонаққа шақырған еді, Гаухар екеуміз соған бардық.
2. Жалғаулықты ы.с. және, да, де, әрі жалғаулықтары арқылы жасалады.
Мыс: Дарын домбыраны қағып-қағып жіберді де, Әлмеш «Бозторғайды» бастап кетті.
Енді әрі ағаштар да шірімейді, әрі біраз жер үнемделеді.
Асқар онша әнші жігіт емес еді және оның даусы да қоңыраулы болмайтын.
Көмірдей қара мұртын ширатып қойыпты әрі жаңа шығып келе жатқан шоқша сақалы бар.
Ескерту. Және шылауы қайталанбай қолданылады, одан кейін және әрі шылауы қайталанбай қолданылғанды үтір қойылмайды, да, де, та, те және әрі жалғаулығы қайталанғанда үтір қойылады.
Жалғаулықты шылаулардың қайсысы жай сөйлемдерді, қайсысы бірыңғай мүшелерді байланыстырып тұр?
Дала да, егін де, тоғай да – бәрі де сап-сары. (да, де шылаулары бірыңғай мүшелерді байл-п тұр, үтір бірыңғай бастауышқа, сызықша жалпылауыш сөзге қойылған)
Кабинетке Нұржамал мен Баймұрат кірді де, ендігі назар соларға ауды. (де шылауы ыңғайлас салалас құрмаластың жай сөйл-н байл-п тұр, үтір екі жай сөйлем арасына қойылған)
228-жаттығу. Көп нүктенің орнына жай сөйлемдерді ойларыңнан қойып, ыңғайлас салалас
құрмалас жасаңдар.
Мыс: Ел орынға отырған кез еді, күздің қара суығы да басталып кетті.
5.Бекіту.
Карточкамен сөздер беріледі, әр топтан бір оқушы шығып, тақтаға сөйлемдер жазады немесе оқиды.
Мыс: Бір, салынып, үй, жатыр, үй, жатыр, бұзылып, бір.
Жігіт, алдымен, қыз, кетті, соңынан, кетті.
Келісілген, Бәкең де, жерге, жетті, ар жағынан, Шалабай да, келді, ертіп, Бөженейді.
Жұмысы, олардың, ауыр, күндері де, демалатын, және, аз.
Сұрақтар қою:
- Салалас құрмаластың түрлері?
- Ыңғайлас салалас? Жасалу жолы?
- Бірыңғай мүшелерден айырмашылығы қандай? Тыныс белгілері қандай?
Салыстыр:
Бірыңғай мүшелі жай сөйлем
Ұқсастықтары
Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
Бір сұраққа жауап береді, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.
Да, де, та, те, және жалғаулықтары арқылы жасалады
Күрделі ой айтылады, бір-біріне мезгілдес мәнді екі жай сөйлемнен құралады.