Еңбек | Балтабекова М.Б | | |
Сабақтың атауы | Тақтайшадан ыдыс қойғыш жасау |
Сілтеме | Еңбек оқулығының әдістемесі |
Сабақтың жабдығы | ағаштан жасалған ыдыс қойғыштар. |
Жалпы мақсаттар Оқыту нәтижесі | Ағаш материалынан әр түрлі ыдыс қойғыш жасау. Ой-өрісін дамыту.Адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың типі:аралас сабақ Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру Көрнекілігі:ағаштан жасалған ыдыс қойғыштар. |
Топқа бөлу | Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді. |
Ынтымақтастық атмосферасы | Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. | Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады |
Үй тапсырмасын сұрау | Токпен жұмыс істеу құралдарын ата. Олардың атқаратын қызметтері қандай?
|
Мағынаны тану | а) мұғалімнің түсіндірмесі. Ыдыс қойғыш – ас үй жабдықтарының бірі. Ыдыс қойғыш жасау үшін қалыңдығы 1-1,5 см тақтайша, бөтелкенің металл тығындары, майда шеге мен балға қажет. Ыдыс қойғышты төртбұрыштап, үшбұрыштап, көпбұрыштап жасай береді. Металл қалпақшаларды тақтайша бетіне әр түрлі тәсілмен орналастырады. Алдын ала тазалап, өңделген тақтайшаны бір пішінге келтіріп, бояп, лак жағып дайындап алады. Тақтайшаның шеге қағатын орнына қарындашпен белгі салып, белгі салынған жерге металл қалпақшаны қағып қояды. Қалпақшаның арақашықтықтарын бірдей етіп жиірек қағып бекітсе, ыдыс қозғалмай, орнықты тұратын болады. |
Сергіту сәті | Еңбек етсең терлеп оның аты – еңбек, Гүл өсірсең терлеп оның аты – еңбек, Кесте тіксең зерлеп оның аты – еңбек, Ағаш ексең терлеп оның аты – еңбек, Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек. | Оқушылар денелерін жатықтырады |
Ой толғаныс | 1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап 3.Практикалық жұмыс. Еңбек қауіпсіздік ережесін сақта. Бояу және лак жаққанда қылқаламды ұқыпты ұста, оны арнаулы қалам қойғышқа қоятын бол. Жұмыс орнына қағаз немесе газет төсе. Шегені қағарда саусақтарыңды абайла. Балға сабын мықтап ұста. Балға мықты сапталған болсын. Шегені, балғаны ойын құралына айналдырма. Құралдарды арнаулы орынға қой. Қосымша: Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан кейін үш аяқты ол не? Жауабы: Адам Король кімнің алдында тәжін шешеді? Жауабы: Шаштараздың Суды елекпен қалай тасуға болады? Жауабы: мұз қылып қатырып Аяқкіим жөндеушілердің ең жақсы көретін клиенті? Жауабы: Қырықаяқ |
Үй тапсырмасы | Тақтайшаның бетіне қалпақшаларды қалай орналастырдың? Ыдыс қойғышты тағы қандай пішінде жасауға болады? Тақтайшаға бояу жақпауға бола ма? Түсінгенін айту | Күнделіктеріне жазады |
Бағалау | Бағалау парақшаларын тарату | Парақшаларды толтырады |
Кері байланыс |