Просмотр содержимого документа
«5 сыныпқа қабылдау рәсімі»
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: 5- сыныпқа қабылдау рәсімі.
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ұжымда жұмыс істеуге дағдыландыру, білім алуға деген
қызығушылықтарын арттыру, мектепке деген сезімдерін нғайту.
Көрнекілігі: шарлар, суреттер, нақыл сөздер.
Мұғалімнің сөзі: Қайырлы күн қүрметті қонақтар! Бүгін біздің сыныпта –үлкен мереке. Кешегі бүлдіршіндер бүгін 5- сыныпқа қабылданғалы отыр.
Мектеп біздің өлеңіміз Мекен
Мектеп біздің әніміз
Тәртіпті боп үнемі біз Беске оқимыз бәріміз
Данагүл
Әлі есімде мектепке алғаш барғаным, Өз қолыммен «Әліппені» алғаным. Санай ашып «Әліппенің» парағын Әріптерге үнсіз қарадым. Сол сәтте оқушыға мейірі мол анадай Жұбатады жылы сөйлеп аялай Бастауышта оқытқан ұстазымыз апайымыз
қошеметпен қарсалайық!
Құттықтау сөзі бастауыш сынып ұстаздарына беріледі.
Мұғалімнің сөзі: Кеше ғана кішкентай бүлдіршіндер. Бірінші сыныпқа аналары қолдан жетекетеп әкеліп еді, бүгін қараңыздар есейіп, ақыл
кірген балалар! Бүгін олар өздерінің тапқырлығымен білімділігін көрсетеді.
Мұғалім: (1-кезең) Балалар сендер өз мектептеріңді жақсы білесіңдер ме?
Оқушылар жауабы (ия. хормен)
1. Біздің мектеп басшысының аты-жөні?
2. Мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушілерінің аты- жөні?
3. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының аты- жөні?
4. Бізге тиісілі сынып бөлмесінің нөмері? (4 қазақ тілі мен әдебиет )
Жарайсыңдар балалар!
Мұғалім: (2-кезең) Тапқырлар сайысы
1. Көліктің дауысы
2. Тауықтың дауысы
3. Сиырдың дауысы
4. Жедел жәрдем дауысы
5. Есікті ашқанда шығатын дыбыс
6. Мысықтың дауысы
Мұғалім: (3-кезең) « Ән –көңілдің ажары» Данагүл мен мекеннің орындауында «Мерекең» әні
Мұғалім: (4-кезең) « Білімдеріңді сынайық»
1. Оқушылар мен мұғалімдердің өміріндегі ең бақытты бірақ қысқа мерзім (демалыс)
2. Сауатсыздарды қабылдайтын мемлекеттік мекеме (мектеп)
3. Оқушалар өз қолымен күнде әзірлейді, бірақ жемейді (сабақ дайындау)
4. Игректың» туысы («икс»)
5. 31 ақпан қандай күн (ондай күн жоқ)
Жарайсыңдар балалар бұл сайыстанда сүрінбей өттіңдер.
Мұғалім: (5-кезең) Мың бұралып би билейміз- би билейміз енді біз.
Ендеше балалар сіздер бесінші сыныпқа қабылданғыларың келеме? Оқушылардың жауабы.(ия, хормен ) Олай болса ант қабылдау рәсіміне
көшейік.
мұғалім: Ауырмауға!
Сабақты босатпауға! АНТ ЕТЕМІЗ!
Жазу мен оқуды жақсы меңгеріп «4» пен «5» оқуға АНТ ЕТЕМІЗ! Жақсы дос болуға Достармен араздаспауға АНТ ЕТЕМІЗ! Мектепте жүгірмеуге Тәртіпті оқушы болуға АНТ ЕТЕМІЗ!
Балалар құттықтаймын сендер 5-ші сыныпқа қабылдандыңдар!
Енді қабылдаған антты бұзбауға уәде бересіңдер ме? Оқушылардың жауабы
Оқушыларға 5-ші сынып белгісі тағылады
Осы мен біздің мерекеміз аяқталды. Сау болыңыздар!