Ана дегеніміз бар өмірдің бастауы, таусылмайтын жалғасы. Ұлы ақынды да, ойшыл данышпанды да, ел басқарған ел ағасын да, ғалымды да өмірге әкеліп, әлпештеп өсіріп, ақ сүтімен нәр берген – ана.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«8наурызға арналған сценарий»
1-жүргізуші:Құрметті ұстаздар, аяулы аналар мен ару қыздар!
Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Лейла:Ардақты анам, асыл анам, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды талай бөліп үн қаттың.
Әлпештедің, аяладың, өсірдің
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Гүлнұр:Адалдыққа баулыдың әуел бастан,
Сақтадың оттан, судан, тау мен тастан.
Ақ ботаңды демей көр, жан анашым
Үлкен өмір жолына аяқ басқан.
Айтуар:
Мен үшін орның бөлек бұл өмірде,
Анашым нұр шашасың жүрегіме.
Сен болмасаң осылай бақытты боп
Жарқылдап, шалқып, тасып жүремін бе?!
Күнсұлу:
Маған қымбат адам жоқ бір анадан,
Бар жақсылық аналардан жаралған.
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Аналарға борышты ғой бар адам.
Жаннұр:
Мен ананы шуағы толы күн деймін,
Анадан зор құдіретті білмеймін.
Анам аман сау жанымда жүрсе егер
Бақытым да әркез бірге жүр деймін.
Жәрия:
Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам мені мәпелеген жасымнан.
Мен қуансам, қуанады ол бірге
Мен қиналсам, табылады қасымнан.
Асия:
Аялаумен ер жеткізген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың.
Қажымашы, шаршамашы, анашым
Қарайлаймын кірбің шалса қабағың.
1-жүргізуші:Ана дегеніміз бар өмірдің бастауы, таусылмайтын жалғасы. Ұлы ақынды да, ойшыл данышпанды да, ел басқарған ел ағасын да, ғалымды да өмірге әкеліп, әлпештеп өсіріп, ақ сүтімен нәр берген – ана. Олай болса, құрметті аналар! 5 "а" сыныбының орындауындағы «Анаға сәлем» әнін қабыл алыңыздар.
5 "а" «Анаға сәлем» әні
Біздің бүгінгі 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кешіміз «Қыз өссе, елдің көркі» атты Көктем аруы сайысымен жалғасын табады.
Мың бұралған арулар жайлап басып,
Келеді ортамызға жайнап, басып,
Сахнаға аруларды шақырайық
Қошеметтеп, қол соғып, қарсы алайық.
Ал, құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділқазылар алқасы
Әділ баға беріңдер! – дей келе бүгінгі Көктем аруы байқауын бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1.
2.
3.
4.
Енді сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар.
І кезең: Өзін таныстыру
ІІ кезең: Өнер сайысы
ІІІ кезең: Қолөнер сайысы
ІҮ кезең: Киім және шаш үлгісі сайысы
Сайысымызды бастамас бұрын аруларымыздың реттік нөмірін анықтап алайық.
Өнер қуып қыздарымыз өтер деймін,
Бір басына өнерлері жетер деймін.
Сайысқа түскен қыздар кезектесіп
Таныстырып өздерін өтер деймін. Сайысымыздың бірінші кезеңі – таныстыру.
Әділқазылар «Таныстыру» кезеңі бойынша шешімдерін қабылдағанға дейін, қадірменді әйел қауымы, 7-8 «а» сыныптарының орындауындағы әнді қабыл алыңыздар.
Ән: 7-8 «а» сыныптары
ақын болар ұрпақпыз,
Өнер, білім, еңбекке жақын болар ұрпақпыз,
Он саусағы майысқан, шебер болар ұрпақпыз.
Тұла бойы толған бір өнер болар ұрпақпыз. дегендей,
Сайысымыздың екінші кезеңі – қолөнер сайысы.
Музыкалық нөмір: 8 «б»
Мың бұралып билеген, Мен жаспын деп қысылма,
Аруды кім сүймеген. Өнерің болса, қолыңда.
Күміс көмей аруға Өнерлі болсаң, ырысың
Кімдер басын имеген. Жарқырап тұрар бойыңда. дей келе,
сайысымыздың үшінші кезеңін бастайық. Бұл кезеңде ару қыздарымыз өз өнерлерін ортаға салады.
Музыкалық нөмір: 7 «б»
Ал халайық, ықыласпен демейік,
Киім менен шаш үлгісін көрейік,
Сыры менен сымбатына қарап біз
Әділдікпен бағаларын берейік. – деп, ендігі байқауымызда қыздар сән үлгісін көрсетсін. Музыка қою.