«Абайды о?ып, М?хтарша ?мір с?рейік» Ма?саты: Абай – хал?ымызды? ?лтты? ма?танышы, рухани ?азынасы,с?нбес жары? ж?лдызы. Сол себепті б?гінгі жас ?рпа?ты? Абай шы?армашылы?ына деген ?ызы?ушылы?ын арттыру, ?арас?здерін насихаттау. Абайды? ?арас?здерін тере?ірек о?и, зерттей отырып, ?лы классикті? ?мірдегі ??былыстарды сын к?збен ?арап, жан-жа?ты к?рсете білгенін, философиялы? ?арапайымдылы? ойларыны? поэзиямен ?ндесіп жат?анды?ын о?ушылар?а т?сіндіре білу. хал?ымызды? дана а?ыны, ??лама ойшылы, сазгер Абай ??нанбай?лыны? ?ле?дері мен ?ндеріні? таралуын насихаттау, б?гінгі ?рпа?тарыны? Абай м?расына ?ызы?ушылы?ын арттыру, о?ып – білуге, тани т?суге ынталандыру
1-ж?ргізуші:
?аза? жеріні? а?ыны, данышпаны к?п бол?анымен, Абай біреу-а?. Абайы бар ел ?ай халы?пен де терезесін те?естіре алады. Абайы бар елді? мерейі ?стем. Абай – ?аза?ты? бар жерінде туып, бар жеріні? туын ?стап т?р?ан кеме?гер. Абай – ?з заманыны? парасат иесі ?ана емес, б?гінгі заман ?айшылы?тарын шешуге де о? ба?ыт берген биік т?л?а. А?ын м?расы –хал?ымызды? сар?ылмас ?азынасы. Ол адамгершілікті? сан саласын ?амтып, б?гінгі мен болаша?ты ?штастыратын ?мірше?дігімен ?ымбат. Халы? тарихи дамуды? ?аншама асуларынан асып, ?андайлы? биігіне к?терілсе де, Абай аты мен Абай с?зі ?рдайым оны? аузында?ы жыры, санасында?ы ожданы болып ?ала береді.
?аза?стан Республикасыны? президенті Н. ?. Назарбаев: «Абайды таныту ар?ылы біз ?аза?станды ?лемге танытамыз, Абай бабаны? ?мірімен танысса?. Слайд к?рсету ар?ылы.
2-ж?ргізуші:
Хал?ымызды? сан ?асырлар бойы жина?тал?ан ауыз ?дебиеті мен жазба ?дебиетіні? арасында?ы «Алтын к?пір» саналатын Абай м?расы жан-жа?ты да сан-салалы. Абай шы?армалары – халы? ?неріні? ?шар биік шы?ы, інжу маржаны. Жылдар жылжы?ан сайын ?ле?дері ?уаттанып, ?айталап о?ы?ан сайын б?рын а??арма?ан тере? ой, телегей сырларын аша т?семіз. Абайдан ?ал?ан м?ра хал?ымызды? ба?а жетпес рухани асыл ?азынасына айналып отыр. Абайды? лирикасы, ?ара с?здері, поэмалары, аудармалары, ?ндері ?ркімді де білім н?рімен сусындатар шал?ып жат?ан телегей те?із. Б?гін «Абайды о?ып, М?хтарша ?мір с?рейік!»- атты т?рбиелік шарамыз барысында Абайды? те?десі жо?, тере? райлы, ?ажайып шы?армаларыны? ішінен ?ара с?здерін насихаттауды ма?сат т?тты?. Б?лама а?ын шы?армаларында о?у, білім алу – бірлікке, ел болу?а ж?мсалса ?ана н?тиже береді дейді. Адам ?з білімін еш уа?ытта к?псінбей, ?зіне-?зі сын к?зімен ?арау керектігін ескертеді. Абай ?ара с?здерді жазу?а зор дайынды?пен
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Абайды о?ып М?хтарша ?мір с?рейік »
Тақырыбы: «Абайды оқып, Мұхтарша өмір сүрейік» Мақсаты: Абай – халқымыздың ұлттық мақтанышы, рухани қазынасы,сөнбес жарық жұлдызы. Сол себепті бүгінгі жас ұрпақтың Абай шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру, қарасөздерін насихаттау. Абайдың қарасөздерін тереңірек оқи, зерттей отырып, ұлы классиктің өмірдегі құбылыстарды сын көзбен қарап, жан-жақты көрсете білгенін, философиялық қарапайымдылық ойларының поэзиямен үндесіп жатқандығын оқушыларға түсіндіре білу. халқымыздыңдана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.
Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен, Абай біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Абайы бар елдің мерейі үстем. Абай – қазақтың бар жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер. Абай – өз заманының парасат иесі ғана емес, бүгінгі заман қайшылықтарын шешуге де оң бағыт берген биік тұлға. Ақын мұрасы –халқымыздың сарқылмас қазынасы. Ол адамгершіліктің сан саласын қамтып, бүгінгі мен болашақты ұштастыратын өміршеңдігімен қымбат. Халық тарихи дамудың қаншама асуларынан асып, қандайлық биігіне көтерілсе де, Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры, санасындағы ожданы болып қала береді.
Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, Абай бабаның өмірімен таныссақ. Слайд көрсету арқылы.
2-жүргізуші:
Халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақталған ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасындағы «Алтын көпір» саналатын Абай мұрасы жан-жақты да сан-салалы. Абай шығармалары – халық өнерінің ұшар биік шыңы, інжу маржаны. Жылдар жылжыған сайын өлеңдері қуаттанып, қайталап оқыған сайын бұрын аңғармаған терең ой, телегей сырларын аша түсеміз. Абайдан қалған мұра халқымыздың баға жетпес рухани асыл қазынасына айналып отыр. Абайдың лирикасы, қара сөздері, поэмалары, аудармалары, әндері әркімді де білім нәрімен сусындатар шалқып жатқан телегей теңіз. Бүгін «Абайды оқып, Мұхтарша өмір сүрейік!»- атты тәрбиелік шарамыз барысында Абайдың теңдесі жоқ, терең райлы, ғажайып шығармаларының ішінен қара сөздерін насихаттауды мақсат тұттық. Бұлама ақын шығармаларында оқу, білім алу – бірлікке, ел болуға жұмсалса ғана нәтиже береді дейді. Адам өз білімін еш уақытта көпсінбей, өзіне-өзі сын көзімен қарау керектігін ескертеді. Абай қара сөздерді жазуға зор дайындықпен келген. Ол бұл еңбектерін діни сопылық-теологиялық ғылымды да, жаратылыстану заңдарын да, шығыстың ойшылдарының еңбектерін де оқып, ақыл-парасаты әбден толысқан шағында жазуға кіріскен. Ол қара сөздердегі келтірілген терминдік атаулар мен сілтемелерден немесе ой пікір үндестігінен байқалады.
1-жүргізуші:
Абайдың қара сөздерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең, ғибрат беруді көздей құрылған. Өзімен-өзі кеңесу, ой пікір білдіру үлгісінде жазылған. Бұл батыс, орыс ойшылдарының көп қолданған әдісі. Ғылым, көркем өнер, этика мәселелері туралы өз көзқарастарын білдіруге олар осы әдісті кеңінен қолданған. Абай қара сөздерін тақырып жағынан топсасақ, он он бір тақырыпқа бөлуге болады. Бірінші қара сөзінде Абай қара сөздерді жазуға кіріскендегі мақсатын айтады. Осы сөзінде ақынның айтпақ ойының өміршеңдігі мен бүгінгі заманмен үндестігіне таң қаласыз… Ендеше Абайдың 1-ші қара сөзін тыңдап көрелік. Оқитын сынып жетекшіміз Чорғанова Күләш Нұрсапақызы.
2-жүргізуші
Абай тек осы қара сөзінде ғана емес, барлық қара сөздерінде бейне бір оқушымен әңгімелесіп отырғандай. Ол өзіне-өзі сұрақ беріп, оған нақтылы жауап береді.
1-жүргізуші:
Қазақ мақалдарын сынай отыра Абай дүниеқоңыздық, ұятсыздық сияқты аздыратын қылықтардан жиренуді мақсат етеді. Жақсы-жаманның арасынан айырып, ақиқатын айтады. Абай оқу, өнер, білім мәселесі төңірегінде 31-ші қарасөзінде келелі ой қозғайды. 31-ші қара сөзін оқитын Нұрғали Нұрғазы, 29-қара сөзі оқитын Тоқтасын талшын.
Абайдың 6, 8, 9, 14, 23, 26 сөз сияқты қара сөздері тақырыбы жағынан бір-біріне жақын. Бұларда Абай халық атынан ой толғайды. Абай қара сөздеріндегі басты тақырыптардың бірі: мораль, тәрбие мәселері. Осы тақырыпқа жазған 24-ші қара сөзін оқитын Ахметбай Мейрамбек. 21-қара сөзі оқитын Қалиақбар Гүлзира. 16-қара сөзі оқитын Тұрсын Жұбаныш
1-жүргізуші:
Ақын өлеңдерінде көтерілген адамгершілік, гуманистік мәселелер қара сөздерінде де терең, дәлелді пікірлермен берілген. Абайдың қара сөздер арқылы адамтану мәселесіне айтылған ой-пікірлерінің бірі еңбек тақырыбы. Ақын:
«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын», — деп бір толғаса, енді бірде:
«Егіннің ебін, сауданың тегін,
Үйреніп, ойлап, мал ізде», — дейді. Осы ойларда ұлы ғалым халқының етектен тартып отырған қылықтарын тайға таңба басқандай айта отыра, халқының бетін жақсылыққа, адалдыққа бұрады. Осы мақсатта жазылған 44-ші қара сөзін оқитын оқитын Отарғали Бекжан. 18-қара сөзі оқитын Омарбек Алуа. 45-қара сөзі оқитын Әбимолда Инабат.
2-жүргізуші:
Абай адамның адам болу қағидасымен шектелмей, адамтану туралы ойын дамытып, тереңдете береді. Ойшыл ақынды көп толғандырған ендігі бір мәселе – адамның барлық жағынан жан-жақты жетіліп, «толық адам» болу мәселесі. Толық адам болу үшін адам бойындағы ең негізгі қасиеттер – қайрат, ақыл, жүрек тең болуы қажет деп тоқтамға келеді. Адам бойындағы басты қасиеттер: ақыл, қайрат, жүрекке сипаттама беріп, басын қосып «толық адам» туралы танымын негіздеген алғашқы шығармасы «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңі. Абай шығармасында негізделген адамның бойындағы «Үш қасиет» пен «Бес асыл іс» өзара байланысты, «Бес асыл іс», «Үш қасиеттен» шығады. Бұл – ыстық қайраттан шығатын талап пен еңбек, нұрлы ақылдан шығатын терең ой мен білім – бәрі де жылы жүректің әмірімен адамзаттың игілігі үшін қызмет ететін, рақымды, әділетті, шапағатты «Толық адамның» тұлғасын сипаттайды.
Ұлы ақын Абайды бүкіл әлемге танытқан Абайдың «17- қара сөзі» оқитын Рахымғали Гауһар
Слайд көрсету. (Абай қазақ даласының сұңқары)
1-жүргізуші:
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне-өзі орнатып ескерткішті
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
2-жүргізуші:
Ерте оянып, ойланып, ер жеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм, құла қырды,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Абай өлеңдеріне кезек берсек.
Абай мұражайына саяхаттап көрелік. (Слайд түрінде)
1-жүргізуші:
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе,
Ақындықты көздесең, жаттап тоқы көңілге,-деп С.Торайғыров айтқандай келешек ұрпаққа Абайды оқыту барысында берілетін өнегелі тәрбие ұшан теңіз. «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты оқушы шығармашылығына кезек берсек. Аудандық Абай оқуларында бас жүлдені иеленіп, облыстық Абай оқуына қатынасып келген Тоқтасын Талшын, Омарбек Алуа, Қалиақбар Гүлзира өз шығармашылығынан өлеңдерін оқиды қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші:
Үш-ақ нәрсе — адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.
Ән. «Көзімнің қарасы». Сынып оқушылары мен жетекшісі
2-жүргізуші:
Осымен, құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Ұлы классик ақын Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін насихаттау арқылы әдептілік, имандылық, кішіпейілділік, тапқырлық, шешендік, ойлылық секілді халқымыздың асыл қасиеттерін бүгінгі жас ұрпақ бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылып отырған тәрбие сағатымыз аяқталды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Абай Құнанбаев .Өлеңдер . Алматы «Мектеп»1987 ж.