?аза?ты? бас а?ыны Абай ??нанбай?лыны? ?мірі мен шы?армашылы?ына байланысты ?йымдастырыл?ан сыныптан тыс шараны? сценарийі. Абайды? ?ндерін шыр?ата отырып, поэмаларынан к?ріністер ?ойылады. Сондай - а? ?ара с?здеріні? ??діреттілігі жайында сыр шертіп, батыс, орыс а?ындарымен байланысы жайында таныстырады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Абайды? ?деби кеші»
Абай кеші
Мақсаты:
Аты әлемге танылған әдебиет өкілінің өмірімен, шығармашылығымен танысу;
Оқушыларды әдеби сайыстарға дайындау;
Жүргізуші:
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә, қойма!
Бұл жерде жұмбақ адам кім? Әрине, Абай. Олай болса, бүгінгі әдеби кешіміз «Абай жұмбағын» шешуге арналады.
Хор. Ән: «Көзімнің қарасы»
«Ғылым таппай мақтанба» -Ақбота
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» -Айша
«Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап»- Айгүл
«Қарға мен түлкі» -Бақберген
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» -Ердос
«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін! Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда, маған «Абай» деген сөз, «Қазақ» деген сөзбен теңбе-тең түсетіндей кездері бар секілді».
Мұхтар Әуезов
Абай дананың 3 поэмасы бар екені бәрімізге мәлім. Олай болса,
«Ескендір»поэмасынан үзінді тамашалаңыздыр.
(Көрініс)
Еркебұлан:
Осы жұрт Ескендірді біле мекен
Мокодония шаһары оған мекен.
Филипп патша баласы, ер көңілді,
Мақтан сүйгіш, адам екен.
Филипп өлді, Ескендір патша болды,
Жасы әрең жирма бірге толды.
Өз жұрты аз көрініп, көршілерге
Көз алартып қарады оңды- солды.
Сұмдықпен әскер жиып қаруланды,
Жақын жерге жау болып, тұра аттанды.
Көп елді күтінбеген қырды, жойды,
Ханды өлтіріп, қаласын тартып алды.
Жазасыз жақын жердің бәрін шапты,
Дарияның суындай қан.дар ақты.
Шапқан жердің бәрінде бодан қылып,
Өкіметін өз қолына тартып апты.
Ескендір елді алмаған хан қоймады,
Алған сайын көңілі бір тоймады.
Араны барған сайын қатты ашылып,
Жердің жүзін алуға ой ойлады.
Қанішер қаһарлы хан ашуы көп,
Атағынан қорқады жұрт қайғы жеп.
Сол күнде қошеметші айтады екн,
Ханның ханы, патшаның патшасы деп.
Атағы талай жерге оның жетті,
Жердің жүзін алуға талап етті.
Есепсіз әскер, ертіп жарақтанып,
Есіткен елдеріне жүріп кетті.
Алдынан шыға алмады ешкім мұның,
Бәрінде алды, қорқытты жолдағының.
Жан шықпады алдынан, тоқтауы жоқ,
Жер жүзін жеке билеп ал мақшының.
Жүре-жүре бір елсіз шөлге түсті,
Алып жүрген суының бәрін ішті.
Адам хайуан бәрі де бірдей шөлдеп,
Басына құдай салды қиын істі.
Сандалды сар далада су таба алмай,
Шөлдеген жұрт қайтеді бос қ амалмай.
Қызметкердің бәрін өлтірмекші
Болыпты, шөлдегенге шыдай алмай.
Мысалы, астындағы ат о дағы ұшты,
Ескендірде атының жалын құшты.
Жалтырап сәуле берген бір нәрсеге
Патшаның ат үстінде көзі түсті.
Барса, бір сылдыр қаққан мөлдір бұлақ,
Таспадай бейне арықтаншықан құлап.
Түсе сала Ескендір басты қойды,
Ішсе суы өзгеше тәті тым-ақ.
Кепкен балық келтірітті сонда тұрып,
Солсуға балықты алды бір жудырып.
Исі дәмі өзгеше болып кетті,
Таң қалды мұның бәрін суға жорып.
Ескендір құлына айтты: «Бұл неткен су?
Бәрің де ішіп, бұл суға бетіңді жу!
Бір бай елден осы су шыққан шығар,
Өрлеп барып, үстіне тігелік ту.
Бұл салқын, тәтті суға қаныңыздар,
Шақ келер маған жан жоқ, наныңыздар.
Меннен қалмеа бұл суды шапшаң өрлеп,
Талқан қылып шаһарынын алыңыздар! »
Жарлық шашты, қол жүрді суды өрлей,
Шаһарына жеткенше дамыл көрмей.
Көкпеңбек темір киген өңкей батыр
Тарттырып жөнеледі сырнай- керней.
Сол әскер суды өрлеп талай жүрді,
Судың басы бір құзар шатқа кірді.
Шаттың аузын бекіткенг алтын қорған,
Қақпасы бекітулі, еөзі көрді.
Қақпаны ашайын деп хан ұмтылды,
Тұтқасын олай-бұлай қатты жұлды.
Аша алмады қақпаны, үміт үзді,
Ақылдасып тәуір-ақ амал қылды.
Ескендір тоқтау көрмей өскен жан ғой,
Келмейме тоқтаусыздың бәрі даңғой?
Дел-сал болып бәрі де қайта шықты,
Алысып әл келмесін байқаған ғой.
Долылықпен хан Ескендір ашуланды,
Ашуланып қақпаға жетіп барды.
Қақпаны дүбірлетіп қағып-қағып:
- Қақпаңды аш деп барынша айқай салды.
Қақпаның ар жағынан біреу келді,
Күзетші сол екен, дыбыс берді.
- Қақпаны саған ашар рұқсат жоқ,
Бұл- құдайға апаратын қақпа,- деді.
Бақдаулет:
-Білмесең мен Ескендір патша деген,
Жер жүзінің соғыста бәрін жеңген.
Қақпаңды аш, хабарыңды айт білдір маған,
Қорлығым өзім туып көз көрмеген.
- Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең,
Мықты болсаң өіңнің нәпсіңді жең!
Іші тар, көре алмастың біреуі- сен,
Ондай кісі бұл жерге келмейді тең.
Талпынған талаппенен мен де бір ер,
Көп жүрдім кездей келді көрмеген жер.
Ең болмаса , халқыма көрсетейін,
Сый қылып бір нәрдсе бер бер.
Қақпадан лақтырды бір орамал,
-Сыйым -осы есерім, мынаны ал.
Ішінде бір нәрсе бар ақыл берер,
Апардағы ойланып, көзіңді сал!
Орамалды қолына алыды,
Сый алдым деп халқына қайтак барды.
Қараса ішінденгі бір қу сүйек,
Бұл неткен мазағы деп аң таң –қалды.
Ашуланып сыйыны болды кекті,
-Ең болмаса боілмеді сый бермекті.
Осы менің теңім бе? -деп ақырып,
Лақтырып жібеюреді сол сүйекті.
Жолдасы Аристотель ақылы мол,
Ллақтырған сүйекті алады сол.
Ханға айтты: «Қасиетбар бұл сүйекте,
Ккөзіңе көрсетейін, хабардар бол».
Сол күнде Аристотель жеке-дара,
Ақыл сөзінтыңдамай бар ма шара:
-Таразыны әкел, де сүйекті сал,
Бір жағына алтынды сап өлшеп қара!
Бұл сөзге Ескендірде қарай қалды,
Таразыны құрдырып, ортаға алды.
Қанша алтынмен күмісті салса дағы,
Бір кішкентай сүйекті аудармады.
Мұны көріп Ескендір аң-таң қалды,
Бар қаруын алтынға қоса салды.
Енді қайтер екен деп қарап еді,
Бұрынғыдан қу сүйек ауырланды.
Аристотель хакімге патша келді:
-Мына сүйек қазынаның бәрін жеңді.
Бұлсүйекті басарлық нәрсе барма?
Ақылыңмен ойланып тапшы!- деді.
Хакім жерден топырақ алып барды,
Бір уыстап сүйекке шаша салды.
Ана басы сылқ етіп жерге түсіп,
Сүйек басы жоғары шығып қалды.
Ескендір мұны көріп аз тұрады,
Хакімді аулақ жерге шақырады.
-Таңқаларлық іс болды мұның өзі,
Мәнісін айтып берші, - деп сұрады.
-Бұл адам көз сүйегі, деді ханға,-
Тоя ма адам көзі мыңменен санға?
Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр, көзіне құм құйғанда.
Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,
Алған сайын дүниеге тоя ма екен?
Қанша тірі жүрсе де, өлген күні
Өзге көзбен бірдей-ақ боладыекен.
Ашуланба, ей, патшам, айтайын дат:
Алтын қақпа бермеді сізге рұқсат.
Сый сұрадың, бергені-бір қу сүйек,
Мұны көріп алыңыз сіз де ғибра!
Ойлап-ойлап патшаның мойны түсті,
Құдайым көрсетті деп бұл бір істі.
Бекерлік екен менің мұным деп,
Қолын алып жұртына қайта көшті.
Аз-ақ сөз айттым, бітті бұл әңгіме,
Мұны өзге сөздіңбірі деме.
Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін,
Тоймас кезің толар деп қайғы жеме.
Қу өмір жолдас болмас, әлі-ақ өтер,
Өз күлкіңе қарқ болма бекер.
Ұятың мен арыңды малға сатып,
Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер.
Мақтанасың біреуге мақтасындеп,
Шаужайымнан еш адам қақпасын деп.
Сен кеткен соң артыңнан күліп қалар,
Антұрғаннан құдайым сақтасын деп.
Ақылсыз өзін мақтап былжырайды,
Бойыңа өлшеп сөйлесең нең құрайды?
Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді,
Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?!
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ән салар,
Әнді сүйсең, менше сүй- деп Абай атамыз жырлап өткендей келесі кезекте
Адияның орындауында Абайдың әні:Айттым сәлем қаламқас .
Ұлы дана Абайға еліктеп өлең жазбаған ақын кемде- кем шығар. Тіпті ақиық ақын Мұғағалидың өзі де
Қуат алып, Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен
Абай болып таныссам бір кісімен,
Абай болып түңілем бір кісіге деп жырлап өткен болатын. Ендеше , Абай атамызға арнаумен сахна төріне Еркебұлан, Ердос, Еркежанды шақырамыз.
Жүргізуші:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ – барды ертеңгіні термек үшін.
Көкірегі сезімді тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін- Кезекті Абай қарасөздеріне берейік.
«Жиырма төртінші»(Жанболат)
«Отыз бірінші сөз»(Александр)
«Он алты» (Айгүл)
Он тоғыз (Адия)
Жүргізуші:
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар
Үннің тәтті орнаған мәні оятар
Кейі зауық,кейі мұң дертін қозғар
Жас балаша көңілді жақсы уатар .
Келесі кезекте Еркежанның орындауында Ән: Шәкәрімнің әні
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»
Жүргізуші:
Өлең сөздің патшасы сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ер данасы
Тілге жеңіл, жүрекке жеңіл тиіп
Теп- тегіс жұмыр келсін айналасы – деп Абайдың өзі жырлағандай келесі кезекті тағы да Абай өлеңдеріне ұсынамыз.
«Қалың елім, қазағым қайран жұртым»- Сұлтан
«Өлсем орным, қара жер сыз болмай ма?»- Еркебұлан
«Құлақтан кіріп бойды алар» сарасы - Адия
«Шегіртке мен Құмырсқа» аударма -Ботагөз
«Жігіт сөзі» -Жанбола
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауатпен майдандасқан
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?
Амалсыз тағдыр бір күн кез болма ма?
Біреуге жай, біреуге тез болмай ма?
Асау жүрек аяғын шалыс басқан
Жерін тауып, артқыға сөз болмай ма?
Сонда жауап бере алман мен бишара,
Сіздерге еркін тиер, байқап қара.
Екі күймек бір жанға әділет пе?
Қаны қара бір жанмын, жаны жара.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ,
Айлаға, ашуға да жақтым шырақ.
Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,
Етекбатсы көп көрдім елден бірақ.
Ой кіргелі тимеді ерік өзіме,
Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме.
Өзі ермей, ерік бермей, жұрт қор етті,
Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!
Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей.
Мен келмеске кетермін түк өндірмей.
Өлең шіркін өсекші жұртқа жаяр,
Сырымды тоқтатайын айта бермей.
Жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя, ма ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
Ия, Абай артына өлместей із қалдыра білген, әлем әдебиетінің атасы десек те артық айтқан емес. Олай болса, Абай біз үшін мәңгі жасайды, қазақ деген ұрпағың тұрғанда Абай аты еш ұмтылмайды.
Кешімізді мың бұралған қыздарымыздың «Қазақ биімен» қортындылаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!