Просмотр содержимого документа
«"Абай - шебер, а?ын"»
Тақырыбы: Өлең - сөздің патшасы....
Мақсаты : Абай әндері мен өлеңдерін үйрету, поэзияны сүюге баулу, көркем сөз оқу шеберліктерін арттыру.
Түрі: Ән – поэзия кеші.
Көрнекілігі: Ақынның суреті (Зал қараңғыланып, сахнадағы Абай портретіне май шам жарығы түсіріледі, өмірбаяны, естеліктері бейнеленген слайдтар, қанатты сөздер, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс», көрме.
Қатысушылар: бастауыш сынып оқушылары, кітапханашы, әдебиет пән мұғалімі
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі, портретті слайд
2. Кіріспе. Мұғалімнің сөзі
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбайұлы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында Шыңғыс тауынын бауырында дүниеге келді. Ол кішкентай кезінен ақ зеректігімен көзге түседі
1- жүргізуші.
Абай, Абай ұлы Абай, дана Абай,
Дана Абайым - қасқайған нән қарағай.
Қазағымның бұйырыпты бағына
Ғасырда бір туылатын дарам – ай.
Көшелер қанша Абай атында біз өткен,
Ескерткіш аз ба қаланың сәнін түзеткен.
Мектептер қанша, ауылдар қанша, қала бар,
Ақын есімі құрметтелуде ізетпен.
«Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең», - деп
ұлы Абай айтқандай, қазақта ән – жырсыз өтетін мереке, қуанышты күндер жоқ. Өз халқын, оның салтын, тарихын сүю, халықтың даңқты ұл-қызын, азамат ерлерін мақтаныш ету, поэзиясын сүйіп, қадірлеу- әрбір жастың борышы - міндеті.
2 -жүргізуші:
Қош келіпсіздер, құрметті ән – поэзия сүйер қауым! «Өлең сөздің патшасы» атты Абай Құнанбаевқа арналған поэзиялық кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
1- жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген екен.
2 -жүргізуші:
Ұлы Абай есімі бәрімізге жақсы таныс. Ағартушы, ақын және сазгер Абай Құнанбаев өмірінің соңына дейін қазақ халқының жарқын болашағы үшін күресті. Артына қалдырып кеткен аса құнды мұраларында Абай адам бойында кездесетін жаман мінез – құлықтарды сынады және адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен қатар, басқа туысқан халықтардың мәдениеті мен өнерін білуге шақырады.
1 -жүргізуші:
Абай ақындық жолға бет бұрған кездегі алғашқы сөзі білім туралы болды. Оның 1885 жылғы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі осы тақырыптағы тұңғыш шығармасы болды. Ол өз өкінішін білдіре отырып, жастарға ғылым-білім үйренуге үндеді.
Өлең «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» Асылхан
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
2 - жүргізуші: Жастайынан ел билеуші болыс билердің, орыс шенеуніктерінің еңбекші халыққа жасап отырған зорлық зомбылығын, әділетсіздігін көріп өскен ұлы ақын Абай олардың озбырлығын мінеп – сынап, бірнеше өлеңдер шығарды.
Өлең: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» Даниял
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
1 - жүргізуші:
Абай жігіттің де жігіті бар, орынсыз мақтанға бой ұрған, арзан ойын-күлкіні қуып, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп күн кешкен, еңбек сүймес, көрсеқызар, әулекі жігіттерді өлтіре сынады.
Өлең: «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» - Ай0ын
Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік
Ер табылса жврайды, қылса сұхбат.
Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша,
Кейбіреу қояр көңіл ұққанынша.
Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар,
Абайлар әрбір сөзді өз халынша.
Өлең: «Сегіз аяқ»Айтуған
Болмасын кекшіл,
Болсайшы көпшіл.
Жан аямай кәсіп қыл.
Орынсыз ыржаң,
Болымсыз қылжаң
Бола дәулет, нәсіп бұл?
Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
2 - жүргізуші:
Табиғат бейнесін адам өмірімен байланыстыра бейнелеп беруде қазақ әдебиетінде Абай өз замандастарына көш ілгері тұрған, теңдесі жоқ шебер суреткер ақын.
Өлең: «Өлсе өлер табиғат адам өлмес». Аружан
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
Өлең: «Қыс» Дария
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үстібасы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып мазаңды алды.
Борандай бұрқ сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті қолы домбығып үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы,
Бет қарауға шыдамай, теріс айналды.
Өлең: «Жазғұтыры» Рамазан
Жазғұтыры қалмайды қыстың сызы,
Мастыдай құлпырар жердің жүзі.
Жанжануар адамзат анталаса,
Ата анадай елжірер күннің көзі.
Түйе боздап, қой қоздап қорада шу.
Көбелек пен құстар да сайда дуду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұрандап ағады су.
Өлең: «Жаз» Іңкәр
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көгорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып, өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл өонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоні қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап...
Арасында құлынтай
Айнала шауып бұлтылдап,
Жоғарытөменүйрек,қаз
Қшып тұрса сымпылдап...
Өлең: «Күз» Жансая
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.шш
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
1- жүргізуші:
Абай ақындық өнермен қоса әншілік, сазгерлік өнерді де аса жоғары бағаланған.Абайдың өзі шығарған жиырма шықты әндері бар.
Ән – көңілдің ажары. Жүректің мұң – шерін, қуаныш қайғысын ән әуені арқылы ғана тарқатуға болады. Мұндай ойды Абайдың
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй!
Дүние ойдан шығады,
Өзімді – өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып, - деген тебіренісінен көруге болады.
2 – жүргізуш:
Абай әндері өзінің терең сырлылығымен, әсемдігімен көптеген сазгерлердің шабытын оятып, қиялдарын ұштап келеді. Көптеген сахналарда Абай әндері орындалуда.
Ән: «Желсіз түнде жарық ай».Арсен
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді өзі,
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Ән: «Көзімнің қарасы»Айғаным
Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы,
Бітпейді ішімде
Ғашықтың жарасы.
Жылайын,жырлайын,
Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде
Айтуға сөз дайын.
1- жүргізуші:
Абай ақындықты ерекше жоғары бағалап, құдірет тұтқан. Ол өзінің өлеңдерін таза халық тілінде жазды. Өлеңге басқа тілдерден орынсыз сөздер еңгізуге, тіл шұбарлауға қарсы болды.« Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінде ақындық өнерге ерекше ден қойып, аса жоғары бағалағаны байқалады.
Өлең: « Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» Райымбек
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, ж,рекке жылы тиіп,
Теп тегіс жұмыр келсін айналасы.
Өлең: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» Нұржан
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Жоқ барды ертегіні термек үшін
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін
Бұл сөзді тақсыр ұқпас талантты ұғар
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін
2 -жүргізуші:
Абай ақындығының соңғы туындысы –
Өлең: «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» Ерхан
Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма?
Біреуге жай, біреуге тез болмай ма?
Асау жүрек аяғын шалыс басқан
Жерін тауып, артқыға сөз болмай ма?
1- жүргізуші:
Осындай сұрқия заманнан құтылудың бірден – бір жолы – ғылым, білім деп білген ақын әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы-ғылым болуы керектігін түсіндіреді.
Өлең: «Ғылым таппай мақтанба» Аяулым
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Өсек,өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз.
2- жүргізуші:
Жастардың оқу оқып, білім алып немесе белгілі бір өнер үйреніп, халыққа пайдасын тигізетін азамат болуын аңсаған. Абай «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінде,- жастарға өмірден өз орныңды таба біл деп өсиет айтады. Бұл – өмір шындығын дөп басып көре білген реалист ақынның елін сүйген шынай патриоттық сезімінен туған шығармалары еді.
Өлең: «Әсемпаз болма әрнеге» Шынар
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та,бар, қалан.
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңінде бас пайдасы үшін қандай да бір болмасын жексұрындық іс – әрекетке жақын тұратындардың мінез-құлқын, іс – әрекетін ақын ащы уытты тілмен сипаттайды.
Өлең: «Сабырсыз, арсыз, еріншек»Арман
Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Көрсеқызар, жалмауыз,
Сорлы қазақ сол үшін
Алты бақан ала ауыз.
Өзінөз күндейді,
Жақынын жалған міндейді,
Ол арсыздық белгісі.
1 -жүргізуші:
Абай-аудармашы. Пушкин, Крылов, Лермонтов, Гете шығармаларынан аударған.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,- деп төрелігін де өзі шешкен.
Абай ата жарқын бейнесімен де,жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді.
2 -жүргізуші:
Абай поэзиясы – сарқылмас бұлақ. Сөз шебері – Абай ата, сізге әрқашан борыштымыз, өсиетіңді нық ұстаймыз – деп «қазақ поэзиясының шам - шырағы»- Абай Құнанбаевқа арналған поэзия кешімізді аяқтаймыз.
Поэзия кешіне қатысқан оқушыларға рахмет айта отырып, қош айтысайық.