Мұғалімнің кіріспе сөзі. Өмірде әр адам баласының ұзақ тарихында рухани, мәдени қазынасы, қымбатқа түскен тәжірибесі осының бәрі «көрегендік» қасиетпен ұрпақтан- ұрпаққа ұстаздық – шәкірттік үрдіс арқылы беріліп, жалғасын тауып жатыр.
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға,- деп, Абай атамыз да жырлаған. Баланың тұңғыш ұстазы мектеп табалдырығын алғаш аттағанда алдынан күтіп алып, әріп танытып, жазу жаздырып үйреткен мұғалім.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Адал еңбек алғысым, Ұстазыма!» Ұстаздық жолындағы еңбектеріңіз жансын.
(Сахнаға жүргізушілер шығады.)
1-жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар! Күрең күздің жанға жайлы, жаймашуақ сәттерінің бірінде, қазан айының қоңыр күндерімен ілесіп төл мерекелеріңіз- Ұстаздар күні де келіп жетті.
2-жүргізуші: Баршамыздың сауатын ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын!
1-жүргізуші: Ұстаз. Ұстаз сөзінің ұғымы кең. Оның негізгі мәні жақсылықта, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуді үйретуді тәрбиелейді. Ұстаздық ұғымының астары адамгершілікпен, әдеп- инабаттылықпен, ізет- құрметпен, білім- парасатпен байланысып жатыр.
2-жүргізуші: Демек, кең мағынада нәрестенің дүниеге келіп, толысқанша өнер, білім, әдеп, тәрбие, кәсіп үйренген адамы ұстазы болады да, сол үшін, меніңше, шәкірт ұстаз алдында қия өтпей, өмір бойы өзін, сөзін ардақтап өтуге тиіс.
1-жүргізуші: Өнерпаздар жарысып сан- салалы
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады.
«Ұстазым» әні.
2-жүргізуші: Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
Жақсылықтың шырағы боп жағылар.
Қадірлі ұстаз, гүлмен бірге жолдасын
Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.
Гүлия: Ұстаз деген қасиетті адам бар,
Біле білсең сенің екі анаң бар,
Бірі- сенің туған анаң болса егер,
Екінші анаң- ұстаз деген данаң бар.
Бақыт: Ұстаз ана- болашақтың анасы.
Ұстаз ана- ақыл- білім анасы
Жүзіндегі пәк мейірімді көргенде,
Әр шәкірттің оянады санасы.
Жансұлтан: Туған анаң болмаса, ойнамас ең, күлмес ең,
Мырзадаулет: Абай «Шәкіртсіз ұстаз- тұл» деу арқылы ұстаздардың шәкірт ұғымын бірінің екіншісіне үйретуі, екіншісінің ынта қойып, білім алатын яғни ғылымның ілімінде ие болатын мұрагер ғана емес, ілгері жалғастырып дамушы ретінде анықталған.
Жанель: Ұлы жазушы, ғұлама ғалым М. Әуезовтың «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген өте терең мәнді, әдемі нақылы бар. Ол елінің ертеңгі жас ұрпағын жақсылап өсір,- деген сөзі ғой.
Даулет: Ұстаз, шәкірт сөздері- біздің халқымызға өте қадірменді, қастерлі ұғым. Олар білімділік, әдептілік, көргендік, имандылық, кішіпейілділік, даналық, парасаттылық мағынасында түсіндіріліп, қабылданып келген.
Ержан: «Шәкірт ұстаздардан озса игі» деген сөз тегін айтылмаған.
Көтеріп жүктің салмағын,
Жолында өмір талмадың.
Мейірің қандай шуақты,
Ұстазым- асыл арманым!
Балғындарға баянды,
Сырын төккен ұстазым.
Шәкіртіне аяулы,
Нұрын төккен ұстазым!
Лаура: «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген мағынада оқушының бойына шынайы білім- білік дағдыларын дарытып, зердесіне ғылым негіздерін тоқыта алған, бүлдіршінді майталман бағбандай мәпелеп баулып, үйренген нәрселерін өмірде іс- жүзінде қолдана білуге жаттықтыра алған, сөйлеген сөзі, парасат пайымы, инабатты үлгі болған адам- Ұстаз.
2-жүргізуші: Ананың махаббатына, ананың тілегіне еш нәрсе жетпейді.Шырылдап жерге түскеннен- ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол- ана!
Сахнада Таимова Гүлия «Анашым» әні.
1-жүргізуші: Өмірімізде үлкен бетбұрыс жасайтын, білімнің нәрін себетін ақылшы дос, адам жан- дүниесінің таразысы- ұстаздар шәкірттерін ешқашан ұмытпайды.
2-жүргізуші: Ендеше, біздің де оларды ұмытуға қақымыз жоқ қой оқушылар! Әрине, олай болса, ұстаз туралы ән шырқайықшы.
Хор «Ұстазым».
1-жүргізуші: Тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, білім беру ісінде ұстаз басты, әрі шешуші тұлға дегім келеді. Себебі, ұлттың болашағы- ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі- ұстаз қолында.
Алтын бесік- отбасы,
Алтын ұя- мектеп!
Бұл екеуі де алтындай қастерлі, неліктен? Өйткені, отбасы адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып, жетілдірсе, мектеп ақылы мен білімі адамзаттық құндылықтармен толысқан, жан- жақты жетілген, өз бетімен өмір сүруге бейім, толыққанды адам етіп тәрбиелеп шығарады. Ал, мектептегі басты тұлға- Ұстаз! Ұстаздарға мың алғыс!