Мұғалім: Қазіргі кезде барлық адамзат алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі, табиғатты қорғау, оның сан алуан байлықтарын ұқыпты пайдалану, яғни экологияны қатерден сақтау.
Сабақтың жоспары: Табиғат дегеніміз не?
Табиғатқа нелер жатады?
Экология сөзінің мағынасы.
Экология сөзіне түсініктеме беру.
Ауа, су, өсімдіктер, құстар, хайуанаттар
Тіршілік атауының бар арманы-ауа
Тіршілік көзі-су
Табиғат байлығы-өсімдіктер
Орман сәні - құстар
Табиғаттың сұлу мүсіні-жануарлар
1-оқушы Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атауларының өмір өзегі, аңсар арманы-таза ауа
Тіршілікке ең қымбат не? Тіршілікке адам қымбат, сен қымбатсын. Ал адамға ауа бәрінен қымбат, алатұғын дем қымбат.
2-оқушы Су деген-табиғаттың наны емеспе
Су деген-табиғаттың жаны емеспе.
Су жоқ жерде өмір жоқ ол ақиқат.
Күміс су жердің сәні емеспе
3-оқушы Табиғат байлығының бір тобы жер бетіндегі сәулетті,
еліміздің дәулеті—жасыл әлемі. Өсімдік өлкемезді
түрлендіріп, тұрған түкті кілем тәрізді.
4-оқушы Қалықтай ұшып, шарықтап биікке шығып әң салатың құс
біткен-табиғаттың әні мен сәні. Олардың әсемде әсерлі әні
бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді.
5-оқушы Табиғаттың сұлуда сымбатты мүсіні, көрікті келбеті бар.
Тамаша туындыларының бірі-хайуанаттар. Халқымыз
ежелден ақ көптеген жануарларды көзінің қарашығындай
аялап, қамқорлыққа алған.
6-оқушы Экология сөзі «тіршілік ету мекені» немесе «өмір сүрген
орта»
Мұғалім: Осы сөзді қай зерттеуші алғашқы ғылыми сөздік қорға
қосты?
Оқушы: Экология сөзін немістің атақты табиғат зерттеушісі Эрнест
Гекель тұңғыш рет 1869 жылы ғылыми сөздік қорға қосты.
Экология-қоршаған ортанын ластанбауын, адам өміріне
зиян тигізбей таза болуын қарайды.
Мұғалім: Ендеше балалар, табиғатты қорғау, оның барлық
байлықтарына аялы қамқорлық жасауға қандай мән беріліп
отыр. Мысалы, қызыл кітап туралы не білесіндер?
Оқушы: Қазір елімізде табиғатты қорғауға, оның байланыстарына
өте зор мәң беріліп отыр. Мысалы, 22 сәуір «Халықаралық
жер күні» деп есептеледі. 5 маусым «Қоршаған ортаны
қорғау күні» деп есептеледі.
Мұғалім: Табиғаттың көркін ажарландырып жер бетін саялы баққа
айналдыратын байлық көзі-су. Суға зиян келтіретін
экологиялық проблемаға айналған қандай жағдайларды
білеміз.
Оқушы: «Судың да сурауы бар» дейді халық. Қазақстан
Республикасында мол сулы өзендер, көлдер, теңіздер бар.
Осы мол суды өлшеусіз, есепсіз, мөлшерден тыс көп
жұмсау судын азаюына әкеп соғады. Мысалы: Арал теңізіне
Сырдария өзені мол су әкеп қоректендіріп отырады. Кешегі
уақытта осы өзен судың мөлшерден көп ауыл шаруашылық
үшін, күріш, мақта өсіруде пайдаланады. Өзеннің теңізге
апарар суы азайып көлемі кішіреюде. Тартылған су астынан
тұзы шығып, кеуіп, ұшып ауа құрамына кіруде.
Қорытынды
Мұғалім: Адамзат дүниеге келмес бұрын табиғат жаратылған. Табиғаттан нәр алсын деп, адамды жаратқан. Өзімізді анадай аялап туған жердің тұнық табиғатына сүйіспеншілік ілтипатымен қамқорлық жасап, қорғау арқайсымыздың, азаматтық абзал борышымыз және парасатты қорымыз.