Просмотр содержимого документа
«Аяулы к?з, алтын - к?з »
Бекітемін
мектеп директоры:
Б.Утебаев
Өткізілетін орны : Октябрь шаруа орта мектебі
Өткізілетін күні : 27.10.2012ж
Қатысатындар : 8-11 сыныптар
1-жүргізуші: Шөп сарғайып
Өңі тайып
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай
Денең мұздап тоңады.
Айтшы, Әсет,
Бұл қай кезде болады?
2- жүргізуші: Қазан болды молшылық,
Дәулет қорын қалады.
Заңғар көкке жол сызып,
Құстар қайтып барады.
Бұл құбылыс , Жанар,
Күзде ғана болады.
1-жүргізуші: Көк аспаным мөлдіреп,
Шуақты көзім елжіреп,
Асыр салып жүретін
Сары көйлегім желбіреп.
Айтшы , Әсет,
Бұл қай мезгілдің келгені?
2-жүргізуші: Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз , алтын күз.
Дәнге толы ен далам,
Дариядай шалқар күз.
Жанар, бұл Алтын күздің келгені.
1-жүргізуші: Жүрегімнен шуақты жыр естіріп,
Жазым өтті отты тіл үлес қылып.
Қарасам жан-жағыма күз келіпті,
Сұрша бұлтқа күрсініс ілестіріп.
2-жүргізуші:Күн де тұнжыр , ала бұлт аспанымда,
Көңілім пәс , десем де баспа мұңға.
Көктем-пейіл бәйшешек жыр іздесе
Жазда өтіп кетіпті-ау қас қағымда.
1-жүргізуші: Армысыздар , қымбатты ханымдар мен мырзалар!
2-жүргізуші: Қайырлы күн , ұлағатты ұстаздар, жалынды да жігерлі жас достарым.Берекелі де мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!
1-жүргізуші: Мінеки табиғаттың ерекше құбылып , айналамыз сары түске боялатын , қамбамыз астыққа толатын , бәріміз асыға күтетін , сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын , баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айы да келді.
2-жүргізуші: Күз айы – мерекелі ай.Қырман толып , халқымыздың ырысы артатын берекелі ай.Келесі күзге дейін жүрегімізде есте қалатындай арман сезімін себелейтін , үнемі асқақ мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай.Ендеше , халайық, келіп отырған Алтын күз мерекесі әрбір жанға құт пен береке , ырыс пен табыс әкелсін демекпіз.
1-жүргізуші : Олай болса бүгінгі «Аяулы күз, алтын күз» атты байқауымызға қатысатын үміткерлерді қошеметпен ортамызға шақырайық.
2-жүргізуші: Қарсы алыңыздар кешіміздің үміткер ханшайымдарын!
1-жүргізуші: «Аяулы күз, алтын күз» байқауының үміткерлеріне ақ жол деп қошемет көрсетейік , құрметті көпшілік.
2-жүргізуші : Әділ қазы ,ақ қазыға бір салем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда нешебір,
Сарапқа сал , әділдікпен шеше біл ...
Бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Сукенова А
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Қораласбаева Г
Бастауыш сынып мұғалімі : Кертаева А
Психолог: Ұзақбаев А
География пән мұғалімі : Сасықбаева Ш
1-жүргізуші: Ендеше бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар.
1. Таныстыру.
2. Өз өнері ( ән, би, т.б)
3. Білімді жастар (сұрақ-жауап) бөлім
4. Арулар фантазиясы
5. Сөздің көркі мақал
Сән үлгісі
Шаш сәндеу.
Дастархан мәзірі (салат жасау)
2-жүргізуші: Құрметті көпшілік көрерменім,
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.
Ақжол тілеп үкілі үміттерге
Таныстыру шартына кезек бердім.
1-жүргізуші: Ендеше бірінші шартымыз-үміткерлердің өздерін таныстыруы.
2-жүргізуші: Баршаға өнерсүйер жар саламыз,
Үкілі үміттерді қарсы аламыз.
Күйге енейік баршамыз ерекше бір,
Сіздер үшін би билеп , ән саламыз
1-жүргізуші:ІІ бөлім «Өз өнері»деп аталады. Құрметті көрермендер , ендігі кезекте үміткерлеріміздің дайындап келген өнерлерінің куәсі болуға шақырамыз...
2-жүргізуші: ІІІ бөлім «Білімді жастар» деп аталады.
5. Жақсы байқап сөйлейді... ( жаман шайқап сөйлейді)
6. Жердің сәні егін.... (ердің сәні білім)
7. Білімдіге дүние жарық...( Білімсіздің күні кәріп)
8. Білімді өлсе , қағазда аты қалар... (ұста өлсе, атында заты қалар)
9. Күш білімде ... (Білім кітапта)
10 Тіліңмен жүгірме ... ( біліммен жүгір)
11. Жеті жұрттың тілін біл... (Жеті түрлі білім біл)
12.Көп оқыған білмейді ... ( көп тоқыған біледі)
1-жүргізуші: Сәнімен күздің көркін көрікті етіп,
Бір қыз өтіп барады желіп кетіп.
Иығынан төгіліп қара шашы
Жан біткенді өзіне еліктетіп.
ҮІ бөлім«Сән үлгісі» деп аталады.
2-жүргізуші: Аруларымыз өзінің ұстамдылығымен , жарқын жүзді сыпайылығымен , сергек сезімталдығымен бірге сырт пішініне , киім сәніне немқұрайлы қарамаған.Ендігі кезекте аруларымыздың сән үлгісін тамашалаңыздар.
1-жүргізуші: Сән мен сымбат үйлескенде ,
Көкірегің керімсал күй кешкенде ,
Дүниені төңкеріп сұлулықты
Табылмайды көз тігіп , сүймес пенде.
VІІ-бөлім Шаш сәндеу.
2-жүргізуші:Көрсетеді өнер әр салада сайысып ,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.
Мерекелік ас мәзірін жасапты,
Қыздарымыз бармақтары майысып.
1-жүргізуші: ҮІІІ- бөлім «Мерекелік дастархан мәзірі» деп аталады.
2-жүргізуші: Жарыстың соңғы сәті таяп қалды
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Әділқазы сіздерге сөз береміз
Жеңімпаздар кім болып сарапталды?
1-жүргізуші : Ендігі кезекте «Аяулы күз,алтын күз» байқауының жүлдегерін анықтайық.
(Марапаттаулар)
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі
Әділқазы , көрермен сау тұрыңыз,
Күтеді бізді жарқын күндер әлі!-дей келе бүгінгі күзгі балл кешімізді жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.