kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Айг?лек

Нажмите, чтобы узнать подробности

Халы? биі «АЙГ?ЛЕК»

Биді? негізгі ?имылдары:

І. Ыр?а?ты ж?ріс.

1-такт. «Бір» дегенде- о? ая?пен ал?а ша?ын бір ?адам жасалып, «екі» дегенде-?адамда?ан о? ая? серпілі?кіремей, с?л б?гіледі.

2-такт. «Бір» дегенде- сол ая?пен ал?а ?адам жасалады: осы кезде б?гілген о? ая?ты? тізесі серпіле жазылады. «Екі» дегенде-?адам жасал?ан сол ая?ты? тізесі серпілі?кіремей, аздап б?гіледі. Келесі тактіде о? ая?пен ?адам жасалып, б?гілген со? ая?ты? тізесі серпіле жазылады. С?йтіп, ыр?а?ты ж?ріс екі ая?пен кезек орындалады; тізені серпі?кіремей б?гіп-жазу ар?ылы, бос т?р?ан денені аздап сілкілді?кіреп, ыр?а?ты ?адаммен ж?ріп отыру керек. ыр?а?ты ж?ріс ?имылын ал?а, арт?а, екі жа??а, айналып ж?ріп те орындау?а болады.

ІІ. Сыр?най, секірмелі ж?ріс.

1-такт. «Бір» дегенде-тізені аздап б?гіп., ал?а о? ая?пен ?адам жасалады.

2-такт.«Екі» дегенде- ?адам жасал?ан ая?пен с?л ал?а ?арай сыр?анай (екпінді) секіреді.

3-такт. ?имыл сол ая?пен орындалады. Секірмелі ж?ріс бір орында т?рып та, екпіндей ал?а ж?ріп те, бір орында о??а немесе сол?а айналып та орындалады.

ІІІ. Ауыспалы ж?ріс.

1-такт. «Бір» дегенде- о? ая?пен ша?ын бір ?адам ал?а басылады, «Ж?не» дегенде сол ая?ты? ?шымен басып о? ая?ты? жанына ?ойылады.

«Екі» дегенде -о? ая?пен ал?а та?ы да ша?ын ?адам жасалады, «Ж?не» дегенде –кідіріс жасалады.

Келесі тактіде ?имыл сол ая?тан бастап орындалады.

Ая?тарды? ?имылы мен бірге ?олдарды? буындарын айналдыра ?имыл жасалады.

?р тактіге бір рет ?ол шала?тау

?олды? білегін айналдыру

Ал?аш?ы ?алпы: екі ?олды екі жа??а жая, иы?ты? т?сына к?тере ?ста

1-такт. «Бір» дегенде –о? ?олды? ала?анын жо?ары ?аратып, басынан асыра иы?ыны? ?стіне к?тереді, «ж?не» дегенде-?олды? білегін ?зіне ?арай б?гіп, шынаша? сауса?ына ?арай айналдырып, «екі» дегенде-ала?анды жо?ары ?аратып, ?олды? білегін айналдырумен бітіреді.

Келесі, 2-тактіде «?олды? білегін айналдыру» сол ?олмен орындалады. О? ?ол иы?ты? т?сына т?сіріледі. Биге 8,10,12 ?л ?ыздар ж?бы ?атысады.

Биді? ??рылысы:

Балалар ?ол ?стасып, ?ыздар ?лдарды? о? жа?ында т?рады.

І-б?лшек.

8-такт. ?атысушылар ше?бер жасап, бірінші ?имылмен о??а ?арай 8 ?адам (серпінді, ыр?а?ты ж?ріс) жасады ( 1-сурет)

ІІ-б?лшек.

8-такт. Балалар та?ы да ыр?а?ты ж?ріспен ше?бер жасап, сол?а ?арай ж?реді ( 2-сурет)

ІІІ-б?лшек.

8-такт. ?ыздар ауыспалы ж?рісті 8 рет орындап, ?лдарды айналып шы?ады. ?р ауыспалы ж?рісте ?олдарымен кезекпен-кезек бесінші ?имылды жасайды.

?лдар ?олдарымен ?олынан ?стап, бір орында т?рып, екінші (секірмелі) ж?рісті 8 рет орындайды ( 3-сурет)

ІV- б?лшек

4-такт. Балаларды? ?р?айсысы екі рет ?олдарымен шапала? жасап, екі жа?ында т?р?андармен екі рет ала?ан со?ыстырады.

5-такт. Ж?п болып т?р?ан жерлерінде 4 рет ауыспалы ж?ріспен о??а ?арай бір ше?бер жасап шы?ады да, ?айтадан ?ол ?стасып, ?лкен ше?бер ??рып т?рады. Одан ?рі би толы?ымен, сол?а ?арай ж?ріп орындалады. Тек ІІІ б?лшекте ?лдар секіртпелі ж?ріспен ?ыздарды айналып шы?ады. ?ыздар бір орнында т?рып, 4 ауыспалы ж?ріспен ше?берді айналып, 4 рет ?олдарын жо?ары к?теріп, білектерін айналдырады. Жетекшілер балаларды? ?абылдау м?мкіншіліктеріне ?арай биді ары ?арай дамытуы м?мкін.

3.?орытынды :

С?ра?тар:

1. Б?гін ?андай би ?имылымен танысты??

2. ?андай ж?ріс т?рлері болады?

3. Би ??рылысында неше б?лшек болады?

Со?ы: Биді музыкамен ?айталатып, мада?тап ба?алау ж?не ынталандыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Айг?лек»

Давлетьярова Г.Ж
Халық биі Айгөлек- ашық сабақ

Қазақтың ұлттық би өнері- ашық сабақ


Тақырыбы: Халық биі «Айгөлек»
Мақсаты:
Білімділік:
«Айгөлек» халық биінің сипатымен мазмұнын түсіндіру. Би қимылының таза орындалуының «Айгөлек» әнінің сөзін дұрыс тыңдап музыкаға еріп отыру би қимылын қалыптастыру
Тәрбиелік:
Оқушы бойына музыкалық тәрбие мен қатар би ерекшеліктерін өнер тілімен жеткізу
Дамытушылық:
Жаңа би қимылдарын есте сақтай отырып, жүріс тактілері арқылы би қимылдарын үйрету
Тип: Аралас сабақ
Көрнекі құралдар: магнитофон, буклеттер, тірек схема, шартты белгілер
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Сапқа тұрып би қимылымен амандасу. Саптық жаттығулар жасау. Өткен сабақтағы би қимылдарын қайталау
Негізгі бөлім:
1. Оқушыларға шартты белгілерді, тірек схеманы көрсетіп түсіндіремін. Ең алдымен би қимылын музыкасыз және музыкамен бірнеше рет көрсетемін де бидің негізгі қимылдарын үйрете бастаймын.
2. Халық биі «Айгөлек» (музыкалық мөлшері 2/4)

Халық биі «АЙГӨЛЕК»
Бидің негізгі қимылдары:
І. Ырғақты жүріс.
1-такт. «Бір» дегенде- оң аяқпен алға шағын бір қадам жасалып, «екі» дегенде-қадамдаған оң аяқ серпіліңкіремей, сәл бүгіледі.
2-такт. «Бір» дегенде- сол аяқпен алға қадам жасалады: осы кезде бүгілген оң аяқтың тізесі серпіле жазылады. «Екі» дегенде-қадам жасалған сол аяқтың тізесі серпіліңкіремей, аздап бүгіледі. Келесі тактіде оң аяқпен қадам жасалып, бүгілген соң аяқтың тізесі серпіле жазылады. Сөйтіп, ырғақты жүріс екі аяқпен кезек орындалады; тізені серпіңкіремей бүгіп-жазу арқылы, бос тұрған денені аздап сілкілдіңкіреп, ырғақты қадаммен жүріп отыру керек. ырғақты жүріс қимылын алға, артқа, екі жаққа, айналып жүріп те орындауға болады.
ІІ. Сырғнай, секірмелі жүріс.
1-такт. «Бір» дегенде-тізені аздап бүгіп., алға оң аяқпен қадам жасалады.
2-такт.«Екі» дегенде- қадам жасалған аяқпен сәл алға қарай сырғанай (екпінді) секіреді.
3-такт. Қимыл сол аяқпен орындалады. Секірмелі жүріс бір орында тұрып та, екпіндей алға жүріп те, бір орында оңға немесе солға айналып та орындалады.
ІІІ. Ауыспалы жүріс.
1-такт. «Бір» дегенде- оң аяқпен шағын бір қадам алға басылады, «Және» дегенде сол аяқтың ұшымен басып оң аяқтың жанына қойылады.
«Екі» дегенде -оң аяқпен алға тағы да шағын қадам жасалады, «Және» дегенде –кідіріс жасалады.
Келесі тактіде қимыл сол аяқтан бастап орындалады.
Аяқтардың қимылы мен бірге қолдардың буындарын айналдыра қимыл жасалады.
Әр тактіге бір рет қол шалақтау
Қолдың білегін айналдыру
Алғашқы қалпы: екі қолды екі жаққа жая, иықтың тұсына көтере ұста
1-такт. «Бір» дегенде –оң қолдың алақанын жоғары қаратып, басынан асыра иығының үстіне көтереді, «және» дегенде-қолдың білегін өзіне қарай бүгіп, шынашақ саусағына қарай айналдырып, «екі» дегенде-алақанды жоғары қаратып, қолдың білегін айналдырумен бітіреді.
Келесі, 2-тактіде «қолдың білегін айналдыру» сол қолмен орындалады. Оң қол иықтың тұсына түсіріледі. Биге 8,10,12 ұл қыздар жұбы қатысады.
Бидің құрылысы:
Балалар қол ұстасып, қыздар ұлдардың оң жағында тұрады.
І-бөлшек.
8-такт. Қатысушылар шеңбер жасап, бірінші қимылмен оңға қарай 8 қадам (серпінді, ырғақты жүріс) жасады ( 1-сурет)
ІІ-бөлшек.
8-такт. Балалар тағы да ырғақты жүріспен шеңбер жасап, солға қарай жүреді ( 2-сурет)
ІІІ-бөлшек.
8-такт. Қыздар ауыспалы жүрісті 8 рет орындап, ұлдарды айналып шығады. Әр ауыспалы жүрісте қолдарымен кезекпен-кезек бесінші қимылды жасайды.
Ұлдар қолдарымен қолынан ұстап, бір орында тұрып, екінші (секірмелі) жүрісті 8 рет орындайды ( 3-сурет)
ІV- бөлшек
4-такт. Балалардың әрқайсысы екі рет қолдарымен шапалақ жасап, екі жағында тұрғандармен екі рет алақан соғыстырады.
5-такт. Жұп болып тұрған жерлерінде 4 рет ауыспалы жүріспен оңға қарай бір шеңбер жасап шығады да, қайтадан қол ұстасып, үлкен шеңбер құрып тұрады. Одан әрі би толығымен, солға қарай жүріп орындалады. Тек ІІІ бөлшекте ұлдар секіртпелі жүріспен қыздарды айналып шығады. Қыздар бір орнында тұрып, 4 ауыспалы жүріспен шеңберді айналып, 4 рет қолдарын жоғары көтеріп, білектерін айналдырады. Жетекшілер балалардың қабылдау мүмкіншіліктеріне қарай биді ары қарай дамытуы мүмкін.

3.Қорытынды :
Сұрақтар:
1. Бүгін қандай би қимылымен таныстық?
2. Қандай жүріс түрлері болады?
3. Би құрылысында неше бөлшек болады?
Соңы: Биді музыкамен қайталатып, мадақтап бағалау және ынталандыру.























2сабак

«Би өнері – әлемнің рухани елшісі»

 

Негізгі мақсаты:

Балалардың би әлемін түсініп қабылдаудағы талғампаздығын тәрбиелеу, эстетикалық сезімталдығын қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етудің мектептегі би өнерінің ролі, би қажеттілігі жайында қоғамдық сананы нығайту.

Әдісі: Баяндама

Бөлімдері:

1. «Хореография» туралы түсінік.

2. Би өнерінің мәні неде?

3. Би қалай туады?

4. Мектептегі би өнері үйірмесінің оқыту әдісі.

5. Би өнерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру жолы.

6. «Тынымсыз – ізденіс, түбегейлі – нәтиже»

 

«Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» - деп Кеңес педагогы В.А.Сухомлинский айтып кеткендей, тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін атап көрсеткен болатын. Сол өнердің бірі – би өнері.

Би бір сәттік қана, билеу кезінде ғана өмір сүретін уақытша, өткінші өнер болғандықтан, би шығармашылығының тарихи қалыптасуын зерттеу өте күрделі. Өйткені ол өзінен кейін материалдық – заттай ескерткіш қалдырмайды. Биге қатысты сурет, жазба және ілеспелі музыка оның бір қырын ғана қамтып, біржақты түсінік берумен шектелсе, осы заманғы кино түсірілім ғана би өнері жайында толық түсінік бере алады. Ежелгі би шығармашылығы туралы тарихи деректер там-тұм болғандықтан, тым тапшы әрі оның өзі де болжамды.

Хореография (грек.choreia – би, grapho – жазамын)

1) Шартты белгілер жүйесі арқылы би қимылдарын жазу

2) Би және би спектакльдерін қою деген мағыналарды білдіреді.

Алғаш рет «Хореография»  терминін француз би үйретушісі Р.О. Фейе енгізді. Қазақстанда «Хореография» термині 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары қолданыла бастады.

Әр өнер адамзаттың қайғы-қасіретін, ойын, сезімін, неше түрлі бүгінгі, кешегі, тарихи немесе фантастикалық оқиғаларды адамдарға өзіне тән құралдармен, амал-тәсілдермен жеткізуге тырысады. Және әр өнер шартты болып келеді. Сол өнерлердің ішінде хореография өнері ерекше. Өйткені хореография ол – сөзсіз өнер. Оның негізі – би. Хореография – ой мен мазмұнды музыкалық-хореографиялық бейне арқылы ашатын сахналық өнердің бір түрі. Оның қайнар көзі – халық билерінде. Жалпы би – психиканың эмоциялық аясының жемісі.

 

   Аристотель биді «Адамдардың мінез-құлқын, ішкі жан дүниесін, әрекетін көрсететін таза ырғақтың көрінісі деді, себебі би қимылдары туар кезде ырғақтық сурет әдетте оны туғызған сезім күйіне сәйкес келеді» деген екен.

 

Би өнерінің мәні неде?

 

Би сөзсіз, тек бишінің дене қимылымен, бет-әлпетімен әңгімелейді. Әңгімені би тілімен жүргізу үшін бишінің ерекше табиғи қасиеті, дарындалығы болуы қажет және бұл өнер түрін көптеген жылдар бойы арнайы мектептер мен жоғары оқу орындарында оқуы қажет. Хореографиялық мектептердегі ең басты сабақ – ол классикалық би. Латын тілінен аударғанда «Үлгілі» деген мағынаны білдіреді. Классикалық биді біз балет деп атаймыз. Балет дегеніміз итальян тілінен аударғанда «Билеймін» деген мағынаны білдіреді. Балет, би, хореографиялық көріністердің авторын – балетмейстер деп атаймыз. Осылайша би өнерінің мәні – классикалық биде деп толығымен айта аламыз.

 

Би қалай туады?

 

Бидегі ырғақтықты сезіну қимылдың бір уақытта бірдей қайталануы, үзіліс пен екпін түсіруі әрі алмасуы нәтижесінде жетеді. Бидегі музыкалық,  ырғақтық үзілістер би үзілістерінің эмоциялық-динамикалық қалпына сәйкес келеді. Би билеу орындаушыға мамыражай, жан жадыратар рахат бір күй әкеледі. Оның биологиялық немесе табиғи бастаулары ежелгі би шығармашылығының дамуына жағдай жасады. Бидің негізі – адам бойындағы көркемдік талаптардың тууы секілді биге деген психологиялық қажеттілікті анықтайтын шығармашылықтың қоғамдық бастамасы. 

Күнделікті өмір-тұрмыстағы шабандозбен ат пластикасының әсемдігін айшықтайтын би қимыл-қозғалыстары мыңдаған жылдар өтсе де, көп өзгерістерге ұшырамай, қазақтар арасында тұрақты дәстүрге айналып, күні бүгінгн дейін сақталып жетті.

Мифтік тұлпардың бидегі бейнесі «Тұлпарша» тұлпар самғауы, «Құс қанат» қанатты секірістер, «Қамдама» қанатты бұрылыс сияқты халықтың дәстүрлі қимыл-қозғалыстарында сақталған. Ал қазақтың «Желдірме» ат желісі, «Шабыс» аттың еркін шабысы, «Тепең жорға» жорға жүріс, «Тебінгі» тебінгі және тағы басқа көптеген дәстүрлі би қимылдары ежелгі әскери бидің салттық жұрнағының бейнелі түрдегі жалғасы.

«Би өнері адам өмірінің эмоциялық табиғаты мен оны қоршаған табиғи ортаны бейнелеген көркемдік шығармашылық салаларында елеулі орын алды. Осының қалыптасуы қоғамның әр алуан талаптарына, ең алдымен жастарды ұжымдық қарым-қатынастарды талап ететін аңшылық, соғыс кездерінде физикалық, рухани тұрғыда шымырлыққа тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты болды». Тұтас алып қарағанда би шығармашылығын, оның ішінде қазақ биінің қалыптасуы барлық дүние бейнелі түрде қабылданып әрі оның бәрі бейнеге айналдырылған тарихи кезеңге жатады. Сезім де өзін қоршаған өмірлік ортаның суреті, адамның ішкі жан дүниесі ретінде бейнелі түрде түсіндірілді. Бұл қоғамның даму сатыларының ерте кезеңіндегі би шығармашылығына қуатты эмоциялық серпін берді.

 

«Мектептегі би өнері үйірмесінің оқыту әдісі»

 

Би өнерін дұрыс оқыту – бұл тарихымызды, салт-дәстүрімізді, ұлттық сазымызды таныта отырып тәрбиелеу. Сонымен қатар оқушының дене бітімін әдемі қалыптасуына үлесі зор, нағыз денсаулықты шыңдайтын пән. Би өнерінің сабақтары сапалы болуы үшін дидактиканың негізгі принциптеріне бағыну керек, бұлар саналы-эмоциялы тұжырымдамалық және сарамандық, бірізділік, көрнекілік, оқылатын материалдарға шығармашылық ықпал жасай білу.

Эмоциялық және логикалық ықпал ету – сабақ жүргізудің дайындық қойылым жұмыстарының негізгі алғы шарттары болып табылады.

Қимылды жаттап алу – ырықсыз рефлекстен сезіну мен түсінісу кезеңін өткен кезде осындайдан бұлшық еттің сезінуі арқылы меңгеріледі. Осындай жолмен жатталған қимыл әрекет естерінде ұзақ сақталады. 

Көрнекілік – бұл негізгі оқыту және би өнерінің қозғалыстарын жетілдіру, биге үйрету сабақтары негізінде белсенді ықпал жасайтын көрермендер. Бұлшық ет-есту анализаторлары түсіндіру қайталап көрсетулерді- би өнері сабақтарының педагогикалық процессін негізгі әдісі деп есептеуге болады.

Оқыту жүйелігі – балалармен жұыс жасаудағы әдістердің түрлі формадағы қолданылуы – педагогикалық процесстегі маңызды компаненті.

Оқытудағы сабақтар: классикалық, халықтық-сахналық, тарихи-тұрмыстық, сонымен қатар өзіміздің ұлттық биіміз – қазақ билері оқытылады. Және қосымша модерн, латын-американдық,аэробикалық, қазіргі заман билері оқытылады. Осылайша балаларды жан-жақты болып тәрбиелеуіне үлес қосамыз. Сабақтың логикасы, оның мақсаттылығы мен жүйелігі, машықтық сабақтардың жүргізілуі, қойылым жұмыстарымен дайындық, би өнері туралы қысқаша түсінік – тұтастай алғанда, тек шығармашылық ықпал ету, мүмкіндігі мен қызығушылығын ескерту.

 

Би өнерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру жолы.

 

Көп білетін және алған білімдерін жұмыста, үйде, демалыс кезінде қолдана алатын адам-рухани бай, мәдениеті жоғары адам. Адам өз халқына, еліне мүмкіндігінше пайдасын тигізу үшін – дені сау, күшті, епті, төзімді болуы тиіс. Ондай адам қандай жұмыстыда шаршамай шалдықпай істей алады. шаршасада оңай әл жинап, тез тыныға біледі. Ондай адамды өз денесін тәрбиелеген, шыныққан төзімді, қайратты адам дейміз. Бұған би пәні де негіз бола алады. Бұл пән оқушының салауатты өмір салтын қалыптастыруға бастар бірден-бір жол. Биде тәрбиеленген балалардың  жүріс-тұрысы, дауыс ырғағына дейін, ішкі-сезімінің дамуы ерекше келеді. Би – бұл өнер, әрі спорт, ал бимен әрдайым шұғылданатын болса, ол денсаулыққа, әрі өзін жақсы сезінуге пайдалы.

Бидің денсаулыққа пайдасы: 

1. Түрлі жаттығулар жасаған кезде денеден көп мөлшерде көмірқышқыл газы бөлінеді, бұл жүректегі қан айналымын жақсартады.

2. Қан айналымын қалыпты ұстауға әсер етеді.

3. Қан қысымының көтерілуін тежейді.

Би тек қана сырт келбетті емес, соныменқатар ішкі дүниенің, сана сезімін артады және түрлі зиянды заттардан аулақ болуға баулиды. Би өнері ішкі рухани әлемді ашады, адамды сұлулыққа тәрбиелейді, игі қасиеттерді оятады, адамгершілік идеяларды насихаттайды.

 

«Тынымсыз – ізденіс, түбегейлі – нәтиже»

 

Би адамның ішкі дүниесін байытып, жанын тазартатын құдіретті өнер. Оқушлардың өнерге сүйіспеншілігін, өмірге құштарлығын, еңбекке, іскерлікке ынтасын арттыруда жеке тұлғаның қалыптасуына би өнерінің әсері ерекше.

Енді өз тәжірибемнен жүргізілген жұмыстарыма тоқталсам: Кеңқияқ орта мектебінің «Би өнері» үйірмесінің оқушылары сабақтарда меңгерген жұптық, жеке, топтық жұмыстарының нәтижесінде мектепішілік мерекелерге, концерттерге, салтанатты жиындарға және аудан, облыс, республика көлеміндегі байқауларға қатысып, өз шеберліктерін шыңдап, жүлделі орындардан көрінуде. 










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Айг?лек

Автор: Давлетьярова Гулбаршин Жанатовна

Дата: 14.05.2016

Номер свидетельства: 326583


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства