Просмотр содержимого документа
«Айналайын, а? мамам!!!»
Ашық тәрбие сағаты 5 «А» сынып.
Сынып жетекші: Нұрғазина Меруерт Естайқызы.
Тақырыбы: «Айналайын, ақ мамам»
Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, аналарын сыйлап құрметтеуге тәрбиелеу. Сүйіспеншілікті артыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта,түрлі- түсті қағаздар, т.б.
Барысы:
Кіріспе сөз
Хор: «Ақ мамам».
Оқушылар тақпақ айтады.
Би: «Хейла»
Аналарған арналған тренинг:
Ойын: тез құрастыр!!!
Күй
ойын: «Анамның иісі».
Хор: «Анаға сәлем»
Қорытындыү.
Кіріспе сөз.
Құрметті ақ жаулықты аналар , ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі «Айналайын, ақ мамам» атты мерекелік ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Мұғалім:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық, арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.
Қадірлі аналар көңілі,
Көктемдей жайнап, гүл ашсын.
Бақытқа толы өмірі,
Шаттыққа, шаттық ұлассын.
Хор: «Айналайын, ақ мамам.»
Айша Наурыздың бүгін сегізі,
.Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі.
Анасыз бір жоқ күнің,
Әжесіз бір жоқ күнің.
Ұсынайық бүгін біз,
Сөздің сұлу шоқ гүлін.
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен тарайды.
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан тарайды.
Амир.Мамам мені «айым» -дейді,
Мен мұңайсам уайым жейді.
Мамам мені «күнім»- дейді,
Мен қуансам күлімдейді.
Бал бөбегін баптаған,
Мамам үшін мақтанам.
Айналатын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам.
Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз.
Кристина.Мамаларды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Әлпештеген баласын,
Ана бақыт, ана күн.
Әркім сүйіп өзінің,
Мақтан етер баласын.
Ана көркі көгімнің,
Ана нұры жерімнің.
Ана бағы баланың,
Мақтанышы елімні.ң
Қанаттанса балапан,
Қалайынша ұшпайды.
Әрбір қыз, әр балақан,
Анасына ұқсайды.
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелеген ақ мамамды,
Жүрсін деймін шаттандырып.
Мұғалім:
Саусағынан бал тамған,
Сан түрлі бүгін күйші бар.
Бұрала басып сөйлейтін,
Буынсыз сұлу биші бар.
Би: «Тоқтамай, биле»
Ойын: «Тез құрастыр»
Мұғалім: Анамызға деген біздің көңіліміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз.
Олай болса аналарымыз бен аруларымызға өз қолымыздан жасалған, шын жүректен шыққан сыйлықтарымызды табыстайық. (Аналар мен қыздарға сыйлықтар тарату.)
Мұғалім:Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу маржан шашайық
Аналады таң қалдырып,
Өнерден күмбез жасайық.
Күй: орындайтын Зағыпер айша. « »
Бәрі: Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз.
Құрметтейміз ананы,
Құттықтаймыз бүгін біз.
Ұландарды қуантып ,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Ойын: «Менің анамның иісі»
Аналарына қолын тигізбей, иіскеу арқылы тауып алу керек.
Хор: «Анаға сәлем».
Құрметті асыл жанды аналар, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып сіздерге тілерім
Зор денсаулық
Мол бақыт
Ашық аспан
Күндеріңіз сәнді де сәтті болсын дей отырып тәрбие сағатымызды аяқтаймыз, келгендеріңізге көп- көп рахмет!!!!!!!!!