kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А?паратты? технологияны ?олдану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен ?апанова Жібек ?айыргелді?ызы  1968 жылы  А?то?ай ауданы Рассвет совхозында  тудым. 1983 жылы  8 жылды? мектепті ая?тап 1983-1987 жылдар Павлодар пед училищесінде м??алімдік маманды? алдым. содан бері Абай бастауыш мектебінде ?ызмет жасап жатырмын. ?азіргі уа?ытта  екі балам бар, немере жиендеріммні? жолдасымны?  ар?асында  ба?ыттымын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А?паратты? технологияны ?олдану»

Ақпараттық- коммуникациялық технологияны қалай қолданамын.

Ақпараттық –коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы зор.Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында « Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі , айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне   мұқият қарайтын дәуір.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара. тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді

Заманымызға сай қазіргі   қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : « Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек »- деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын « Активті экран »  болып табылады.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы — оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық — құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік — ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды

қалыптастырудың бір жолы.

Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;

оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу — тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.

Қазіргі уақытта жаратылыстану - ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің , оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

Білім берудегі интерактивті технология  - мұндағы интерактивтісөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

Интерактивті тақта –дегеніміз не?

Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі :

-   Пән бойынша базалық білімді  меңгеру ;

-   Алған білімді жүйелеу ;

-   Өзін — өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

-   Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру

-   Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.

Оқушылардың  көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін  20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.

Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ  мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік – бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге « мұғалім – оқушы » жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына   мүмкіндік береді. Бірақ , мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.

Ғылым ғасырының табалдырығынан   аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің   барлық саласына кеңінен енуде.

Елбасы   атап көрсеткендей « Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте – мөте  қажет » — жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны   жан — жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.

Іс тәжірибемде интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс – шаралардың қолданудың маңызының зор екенін байқадым.

- Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру   арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану

- Оқытудың жаңа әдістері  мен формаларын ( проблемалық, ұйымдастырушылық іс — әрекетін компьютерлік ойындар және т. б.) сабақта жиі қолдану.

-   Проблемалық зерттеу , аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.

- Жаңа ақпараттық технология құралдарын ( жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедия – технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық – техникалық базасын жетілдіру.

Сабақ материалы  Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат  түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактівтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Мұғалім алдын – ала дайындаған сабақты оқушының білімін , біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді.  Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал – саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады.

Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге  мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс — әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.

Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала  дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, « Активті экран » кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.

Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.

Қазіргі уақытта « қоғамды ақпараттандыру », « білім беруді ақпараттандыру » деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не ?Қоғамдық ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс — әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан – жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты объективті процесс.

Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. XXI  ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр : компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

 

Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп   есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

Мысалға алатын болсақ, мектепте бір интербелсенді тақта болса, соған орай сабақ кестесін  уақытымен жүйелі түрде құрып кезектесіп өткіземіз.Тақта әсіресе бастауыш сыныптар үшін мысалы бейнелеу  пәні үшін өте қызықты  әрі тиімді деп ойлаймын.Себебі оқушы  суретті салады қате болса, өшіріп қайтадан дұрыс салуға мүмкіндігі бар..

 « Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет » деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

 







































Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

 

        ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан  тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.

         Баланың белгілі бір іс -әрекетке белсенділігі жас кезінен байқалады. «Дарындылық» термині «дарын» сөзінен шыққан, адамның ерекше қолайлы ішкі алғы шарты дегенді білдіреді. Дарындылық білім беру, тәрбиелеу жұмысының әсерінен ғана емес, балалардың өз қүштерін жүзеге асыру кезінде ғана дамиды.

          Мұғалім ретінде оқу мен тәрбие саласындағы аса маңызды міндет – талабы таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару. Ал мақсаты – тәрбие мен білім халықтық бола отырып, ұлттық дәстүрді ұстаушы, дені сау, адамгершілігі мол, қабілеті дамыған, жан-жақты, саяси сауатты, өресі биік азаматтарды тәрбиелеу.

Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарлығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі.

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты

1.Баланың шығармашылық қабілетін және өз  бетінше шығармашылық ізденісін дамыту.

2.Пәнге терең қызығушылығын арттыру.

3.Оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру.

4.Оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту.

5.Жалпы білім – білік дағдыларын дамыта оқыту.

6.Білімнің бағасын арттыру.

Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың міндеті

1.Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру.

2. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жан-жақты дамуына жеке адамдық ерекше көңіл бөлу.

3. Оқушыны қоршаған ортаны аялауға, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспар

Тереңдетілген бағдарлама бойынша оқыту.

1.    Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу.

2.     Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақ, ребус, шығарма, өлең шығару т.б), өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.

3.     Мектепішілік және аудандық, пәндік олимпиадаларға, конкурс- сайыстарға қатыстыру.

4.     Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып оқыту.

 

Оқу – тәрбие жұмысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың түрлері

1.     Оқушыларды мұражайға апару

2.     Өнер қайраткерлерімен, ақын – жазушылармен кездесу өткізу.

3.     Түрлі тақырыптарда әңгіме, пікірталас, кездесу өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу, ауызша және жазбаша түрде өз ойын еркін жеткізе білу.

4.     Ақпараттық құралдар жаңалықтармен таныс болу.

5.     Ғылым мен техниканың озық үлгілерін пайдалану.

6.     Күрделі тапсырмаларды орындау.

 

Осындай жұмыстардың үнемі жүргізілуі оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашуға, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Біреуі сурет салуға әуестенсе, екіншісі спортты, үшіншісі ән – күйді т.б. өнер салаларын таңдайды.  Мұндай жағдайда тәртібі нашар балалардың да жақсы қасиеттерін танып, оларды сынып ұжымымен байланыстыру да ұстаздың біліктілігінде.

         Баланың шығармашылық дарындылығының нәтижесінде мына ситапттамаларды атап айтуға болады:

-    зерттеу кезінде білімге ерекше құштарлық танытатын жоғары қажеттілік;

-    ақыл – ойдың жоғарғы қажеттілігі;

-    тек кешегі мен бүгінгі ғана емес, болашақ абстрактылы идеялар мен теорияларға қызығушылық;

-    белгілі бір іс — әрекетке, кәсіпке аса қызығушылық таныту, бір іспен шұғылдану;

-      өз бетімен белгілі бір мақсатқа жетуге табандылық көрсете білу;

-     тапсырмаларды өз бетімен ойлай және шеше білуге ұмтылу.

Дарындылыққа барар жолдың басты міндеті:

-    оқушының жеке ерекшелігімен қабілетін зерттеп- зерделеу;

-    шығармашылық ғылыми ізденіске өзіндік зердесінің дамуын назарда ұстау;

-     оқушының өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру.

Осы міндеттерді жүзеге асырудағы оқу – тәрбие үрдісін ғылыми зерттеу негізінде жүргізіп, оқушылардың дарындылығын дамытатын арнайы жоспармен жұмыс атқару керек. Осындай қабілетті, дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, ата –ана, мектеп, оқушы, ұстаз байланысын жоғары ұстап, шығармашылықпен жұмыс істеп оқушының білімге ынтасын арттыру керек.

         Табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра білейік!





Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. 
Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады. Көптеген ғылымдардың ойынша дарындылық, қабілеттілік және талант бір ұғымды білдіреді. Оларды бірдей негізде сәтті іс-әрекетте топтастыруға әрекет жасады.
Нышандардың іс-әрекеттік негізінде қабілеттілік қалыптасады;
Әдейленген дарындылық-сапалы өзіндік қабілеттердің бірлесуінде іс-әрекет сәттілігі құрылады;
Жалпы дарындылық – қабілеттілік кең шеңберіндегі іс-әрекеттер;
Іс-әрекет сәттілігін белгілейтін жеке адамның басқа адамдарынан айыратын ерекшеліктер
Ерекше қабілетті балаларға қамқорлық жасау – ежелден келек жатқан дәстүр. Республикамызда ашылған көптеген колледждер мен лицейлер – негізінен дарынды балалар үшін ашылған оқу орны. Мұндай оқушылар ел болашағына, оның интеллектік қуатына баға жетпес резерві. Сондықтан да жер-жерден бұларды іздеп табу - аса мәнді мейірбанды, гуманистік іс. Оларды мәпелеп, қамқорлық алу – баршамызға ортақ, бүкіл халықтық шара, өйткені таланттар қай кезде де қандай да іздесе таптырмайтын ұлттың рухани байлығы













Дарынды балалармен жұмыс жоспары

Іс-шаралар

Мерзімі


Жауаптылар

1

Дарынды бададарды дамыту және дайындау мақсатында пәндерден жеке және топтық сабақтарды, факультативтерді іріктеп дайындау

Тамыз- Қыркүйек

Сынып жетекшілер

2

Дарынды балаларды анықтау .оларды шығармашылыққа, ғылыми-зерттеу жұмысына,жоба қызметіне тарту.

Жыл бойы

Сынып жетекшілер

3

Қосымша білім және үйірмелер ұйымдастыру

Жыл бойы

Сынып жетекшілер

4

Оқушыларды ғылыми-зерттеу конференцияларға қатыстыру

Жыл бойы

Сынып жетекшілер

5

Пән апталықтарына қатыстыру

Жыл бойы


Сынып жетекшілер

6

Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен таныстыру, дайындау

Жыл бойы

Сынып жетекшілер

7

Облыстық, республикалық марафондарға қатыстыру

Жыл бойы

Сынып жетекшілер

8

Дарынды балаларға көмек көрсету

Жыл бойы


Сынып жетекшілер

9

Әр түрлі бағыттағы және деңгейдегі жобалармен байқауларға қатыстыру

Жыл бойы

Сынып жетекшілер

10

Мектептегі пән бойынша олимпиадаларға қатысу

Жыл бойы

Сынып жетекшілер

11

Аудандық пән олимпиадасына қатысу

Жыл бойы


Сынып жетекшілер

12

Жетістіктер қортындысы.Ғылыми және шығармашылық апталығына ұсынылған тақырыптық жұмыстар жинағын шығару

Жыл бойы

Сынып жетекшілер

13

Келесі оқу жылын жоспарлау

Жыл бойы


Сынып жетекшілер




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
А?паратты? технологияны ?олдану

Автор: Капанова Жибек Кайргельдиновна

Дата: 13.02.2016

Номер свидетельства: 292961

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "А?паратты? – коммуникативтік технологияны? м?мкіндіктерін  ?олдануды? тиімділігі "
    ["seo_title"] => string(85) "ak-parattyk-kommunikativtik-tiekhnologhiianyn-mumkindiktierin-k-oldanudyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "200416"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428833656"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства