kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ал?аш?ы ?стазбен кездесу сыр с?хбат

Нажмите, чтобы узнать подробности

?стаздарды? к?сіби мерекесіне орай 9 сынып о?ушыларыны? ?стазбен кездесу сыр с?хбаты. Б?л мы? с?хбатта ?стазды? ?лкен ба?ындыр?ан білім шы?ында?ы белестері туралы жа?сы пікірлер айтылады. ?стаз мектеп ж?регі демеуші ?арт ардагер ?стаздарды? білім саласында?ы е?бектерін болаша? ?рпа?тар?а насихаттау ?лгі ?неге, ?лкен т?рбие
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ал?аш?ы ?стазбен кездесу сыр с?хбат »



Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданы Қарағайлы кенті

ЖББ №17 орта мектебі

КММ-нің 9- сынып жетекшісі

Беспаева Кулжан Кабдуевна

Ұстаздардың кәсіби мерекесіне арналған «Алғашқы ұстазбен кездесу» сыр сұхбат сценарийі.

Тақырыбы: «Алғашқы ұстазбен кездесу»


Мақсаты:

Кездесуге шақырған адамның жаңа қырларын білу, оқушыларға үлкенді силауға, тапсырманы орындауға, басқалардың балалық шағымен өз өмірін салыстырып, өмірге, адамдар арасында болатын түрлі жағдайларға баса назар аударып, олар игерген мамандық түрлерін біліп, түсініп, өз бетінше ой қалыптастырып, жаңа өмірге, мамандыққа, бейімділікке тәрбиелеуге үйрету.
Кештің алғашқы беташар сөзі.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Біздің бүгінгі кешіміз ұстаздар мерекесіне орай ұйымдастырылған. Мерекенің барлығы жақсы, бірақ бұл ұстаздар мерекесінің орны басқалардан ерекше. Ортамызға ұстаздардың ұстазы, мектебімізді көп жылдардан бері басқарып, біздің балаларымыздың азамат болып, өз орындарын табуға үлесін қосқан апайымызды , қонақ еткелі отырмыз. Кештің қонағы: мектебіміздің директоры болған –Қарлығаш Хасеновна апайымыз. Апай ортаға келіңіз, төрге жайғасыңыз. Кешіміз сұхбат ретінде өтеді, арнайы сұрақтар дайындадық, тапсырмаларымыз орындалады деп ойлаймыз,
Қонақ арнайы дайындалған орынға отырады.
Ұстаздың оттай ыстық алақаны,
Әрқашан ойлайтыны бала қамы.
Баладан ұстазына мың - сан алғыс,
Орындалсын ұстазының ақ арманы.
Сыныптағы оқушылардың орындауында «Ұстазым» әні орындалады.
Ұстазды алып десе, сияды шың,
Басқаға қалай ғана қияды ішің.
Шәкірті бәйгелерден озып келсе,
Жар салар жасыра алмай қуанышын.

Сөк мейлі, сен оларды, сөкпе мейлі,
Лайық менің балам ерге дейді.
Ұстаздар: «бір сабақтан мұның не» деп,
Баладай бір - біріне өкпелейді.

Ол «менің ұлым, менің қызым»-, дейді,
Естісе олар жайлы елеңдейді.
Отырар тілекшің боп, есейсең де,
Қайырылып қалмасыншы «кемең» дейді.

Оқушылар кеш қонағына мынандай сұрақтар қойды.
Сұрақтар:
1. Балалық шақтан есіңізде не бар?
2. Туған жер сізге несімен ыстық?
3. Жас кезіңізде бұзық болдыңыз ба?
4. Алғашқы махаббат дегенге сенесіз бе?
5 Ұстаздық жолды таңдауыңыздың себебі жөнінде әңгімелеп берсеңіз;
6. Мектеп бітірген кезінде қандай сезімде болдыңыз;
7. Адамның арманы таусылмайды дейді. Алдағы армандарыңыз жайында айтыңызшы?
8. Химия пәнінің маманы болдыңыз Осы мамандықты өзіңіз таңдадыңыз ба?
9. Сыйласатын достарыңыз кімдер?
10. Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
11. Төбелесіп көрдіңіз бе?
12. Алғашқы ұстазыңыз кім еді, біз танимыз ба?
13. Сіздің көп жыл директор болғаныңызды білеміз, сол кездердегі бұзық балаларға қандай шаралар қолдандыңыздар?

14. Біз білмейтін тағы қандай қырыңыз бар?
15. Тамақ істеп кір жууға қалайсыз?

16. «Ұстаздан шәкірт озар» деген қандай шәкірттеріңіз өзіңізден озды?

17.Өмірден нені түйдіңіз?
Кеш қонағы осы сұрақтардың барлығына балалық шақтан бері қарай өмірі жайлы, басынан өткен оқиғалар жайлы, өмірден түйгендері жайлы әңгімелейді.
Қосымша тапсырмалар :
- Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінен үлгі көрсету.
«Ұстазым» әнін оқушылармен қосыла айту.
- Смайликтер арқылы кештен алған әсерін, көңіл - күйін көрсету
- Ұстазымен оқушылар болып ескерткішке суретке түсу.
- Өнеріңізді көрдік, балаларымызға әңгімеңізді айттыңыз, сізден ескерткіш болсын деп, қолтаңбаңызды қалдырыңыз .
Соңында мұғалімнің қорытынды сөзі.
Сонымен бүгінгі кештің қонақтары, ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Біздің ортамызда отырған апайымыздың көп қырын, өнерін үлкендер білгенмен оқушыларымыз біле бермейтін еді. Бүгін апамыздың да есіне көп нәрселер түсіп, бізге жақсы - жақсы әңгімелерін айтты. Жақсы бір сұхбаттың куәсі болдық, апай сізге рахмет.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ал?аш?ы ?стазбен кездесу сыр с?хбат

Автор: Беспаева Кулжан Кабдуевна

Дата: 13.10.2015

Номер свидетельства: 239394


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства