Алғыс айту күні - шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі
Алғыс айту күні - шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі
Мақсаты: Білім алушыларға «1 наурыз- Алғыс айту күні» мерекесінің мәні туралы түсінік беру және ризашылық пен алғыс,сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту,әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: слайд, бейнеролик, буклет
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Алғыс айту күні - шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі»
СЛАНБЕКОВА КАРЛЫГА БОРАНКУЛОВНА,
Бақанас аграрлы-индустриалдық
колледжінің тарих-
география пәндерінің оқытушысы.
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы
Сыныптан тыс жұмыстар
Тақырыбы: Алғыс айту күні - шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі
Мақсаты: Білім алушыларға «1 наурыз- Алғыс айту күні» мерекесінің мәні туралы түсінік беру және ризашылық пен алғыс ,сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту,әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: слайд, бейнеролик, буклет
Барысы:
І. Оқытушының кіріспе сөзі:
Қайырлы күн ! Құрметті білім алушылар мен оқытушылар! «Алғыс айту күні - шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі» атты «1 наурыз-Алғыс айту күні» мерекесіне арналған іс-шарамызға қош келдіңіздер!
Биыл мемлекетімізде ұлттар мен ұлыстардың татулығы мен бірлігін жаңа деңгейге көтеретін ерекше мереке пайда болды. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Елбасы Жарлығымен «1 наурыз-Алғыс айту күні» болып бекітілді. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс келген мереке қарсаңында ұлттар бірлігі нығая түспек. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жыл бір мүддеге біріккен халықтың ғана дамудың таңғажайып шыңдарына жете алатындығын көрсетті. Елбасы ұсынған бес реформаның төртіншісі «Біртектілік пен бірлік» деп аталады. Ол түрлі тарихи себептермен қазақ топырағына табан тіреген этностардың «Мәңгілік ел» идеясының төңірегіне топтасуын көздейді.
«1 наурыз – Алғыс айту күні» слайд, бейне ролик көрсету
ІІ. «Ой ашар»
Білім алушылар «Ризашылық», «Алғыс» , «Сыйластық» сөздері туралы өз ойларын ортаға салады.
Білім алушыларға қойылатын сұрақтар:
1.«Ризашылық», «Алғыс» , «Сыйластық» сөздерінің мәні неде деп білесіздер?
2. Өздерің кімге , қандай жағдайда алғыс білдірер едіңіздер?
ІІІ. Алғыс айту күні - шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі
Оқытушы: ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында Алғыс айту күніне арналған іс-шара барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Мен Алғыс айту күні игі дәстүрге айналып, халқымыздың ең сүйікті мерекелерінің бірі боларына сенемін», - деп атап өтті. Елбасы өз сөзінде қазіргі уақытта жер бетінде діни және ұлттық сипаттағы шиеленістер өршіп, соғыс болмаса да соғыс болғандай қан төгіліп жатқандығын, миллиондаған адамның босқынға айналғанын баса айтты. «Мұндай кезде адамдардың бір-біріне алғысын білдіріп, өздеріне жасаған жақсылықтарды еске алуы аса маңызды. Бұл жақсылықты бағалай білуге, оған жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Құндылықтардың қадіріне жете алған елдің келешегі кемел. Мен Алғыс айту күнін осындай мақсатпен белгіледім. Адамдар бүгінгі күні кемшіліктер болса, қатты сөздер айтылса, өкпесі болса кешіруі қажет», - деді Н.Назарбаев. Осыған орай «1 наурыз-Алғыс күні» мерекесіне байланысты ой-пікірлерді ортаға саламыз.
Айбол: Елбасы 2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында сөйлеген сөзінде: «Сталиндік режім кезіндегі әр жылдарда бүтіндей бір халықтар – 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері, 18,5 мың Қиыр Шығыстағы корей отбасылары қоныс аударды. Оларды вагондардан ашық далаға әкеліп түсірді. Ол кезде мұнда тек қазақтар ғана тұратын. Сондықтан қабылдаған да солар болды. Сөйтіп, өздері мұқтаждықта өмір сүріп жатқан қазақ отбасылары оларды өздерінің саман үйлерінде қабылдады. Біздің отбасымыз да үш баласы бар ерлі-зайыптыларды қабылдады», – деген болатын.
Сонымен қатар Президент: «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір -біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір- біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деп атап өтті.
Елдос: Заманында тағдырдың тәлкегіне ұшырап, озбыр саясаттан зобалаң көріп, жапа шеккен түрлі этностар Қазақ еліне, Қазақстанға осылайша жер аударылды. Халқымыз оларды жатсынбады. Бауырына тартты. Құшағына алды. Адамгершілік танытты. Бір үзім нанын бөлісіп жеді. «Көңіл сыйса, бәрі сыяды» деп төріне шығарды. Қолтығынан демеді. Шындығына келгенде, бұл кезде қазақтардың өздеріне оңай болмаған еді. Сөйтіп, бір шаңырақтың астына жиналған этностарды аман сақтап қалды.
Динара: Сұрлауыт соғыс жылдары өз еркінен тыс Қазақстанға депортацияланған этнос өкілдеріне құшағын жайып, жарты табасын бөліп берген қазақ халқы алағай да бұлағай кезеңдерді өткерді. Аталарының аяғының табаны тиіп, ұрпағы осы жерде туылған 130 ұлттың өкілі мемлекетті құрушы ұлтқа, яғни қазақтарға осы үшін де алғыс айтуы керек-ақ, еді әрине. Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқын мерекемен құттықтады. «Былтыр Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында айтылған менің ұсынысым жұртшылықтан кеңінен қолдау тапты. Сол іс-шарада елдегі түрлі этнос өкілдері бір-біріне және қазақ халқына алғыс тақырыбын қозғады. Биылғы қаңтарда мен тиісті Жарлыққа қол қойдым. Алғыс айту күні – енді ұлттық күнтізбедегі Еңбек күні, Отбасы күні сияқты өзге де мерекелердің қатарындағы жаңа дата. Мен бұл мереке қазіргі уақытта аса қажет біздің қоғамдағы сенімді, келісім мен достықты бұрынғыдан да нығайта түсетініне сенімдімін» деді Мемлекет басшысы. Абылай: Елбасы тарихымыздың көптеген беттері құндылықтардың бірі ретінде алғыспен байланысты екенін атап өтті. «Біздің бабаларымыз халықтың басына түскен ауыр сынақтарға төтеп беретін күш-қуат дарытқан туған жерге және тағдырына риза сезімде болған. Олар әскери шапқыншылық жылдарында, қуаңшылық немесе жұт кезінде көмекке келген жақындарына, туыстары мен көршілеріне әрдайым алғыс айтқан. ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін және жер аудару сияқты қайғы-қасірет жылдары миллиондаған адам бір-біріне көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін ризашылық танытты. Бұл барынан айырылған адамдарға тіршілік жасауға, үмітін қайта жалғауға, өмірді қайта бастауға күш берді» деп Нұрсұлтан Назарбаев қуғын-сүргін жылдарының куәгерлері мен олардың ұрпақтары Қазақ елінің қамқорлығын қазір айрықша жылылықпен еске алатынына назар аударды.«Олар кезінде өздеріне де оңай болмағанына қарамастан, қазақтардың қайырымдылығы үшін, сол кездегі тыйымдарға қарамастан, батыл әрі риясыз көмегі үшін алғыс айтады. Қазақтар да бауырластарға туған өлкеге деген сүйіспеншілігі үшін, жеріміздің түрленуіне қосқан үлесі үшін, ұлттық мәдениетке, тілге және дәстүрге деген құрметтері үшін алғыс білдіреді» -деді Қазақстан Президенті.
Сәулет: Нұрсұлтан Назарбаев сол кезеңнің тоталитарлық машинасынан барлығы жапа шеккенін атап өтті. «Біз жыл сайын Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнін атап өтеміз. Бүгінде біз – 100-ден аса этнос және 17 конфессия өкілдері татулық пен келісімде өмір сүріп жатқан бірегей елміз. Біз бірге қалалар мен кенттер салып, егін егіп, индустрияны дамытып, жол салып жатырмыз, отбасын құрып, бала тәрбиелеудеміз. Табыстарымызға бірге қуанып, ең қиын сәттерде бір-бірімізге қолдау көрсетіп келеміз. Менің тапсырмаммен Ассамблеяның бүкіл елдегі барлық қайырымдылық шаралардың үйлестірушісі ретіндегі рөлі Ұлт Жоспары аясында заңнамалық тұрғыдан бекітілді. Алғыс айту күні бізді бұрынғыдан да жақындастыра түсетініне сенімдімін» деді Мемлекет басшысы. Дамир: Елбасы татулық пен келісімде бірлесіп өмір сүру салты, әсіресе, жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында басталған, этносаралық және әлеуметтік қақтығыстар ушыққан бүгінгі таңда еліміздің ең қымбат тәжірибесі екеніне назар аударды. «Біздің бірегей этносаралық келісім тәжірибемізді неғұрлым көп ел пайдаланатын болса, соғұрлым әлем де қауіпсіз бола түсетініне сенімдімін. Біз – ынтымағы жарасқан керемет халық мекендейтін ғажайып елміз. Татулық пен келісімнің қазақстандық тәжірибесі негізінде біздің Болашағы Біртұтас Ұлт қалыптасуда. Сондықтан, біз Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған 1 наурызды Алғыс айту күні ретінде әділ таңдадық. Бұл күнді айрықша қайырымдылық акцияларымен, мұқтаж жандар мен жақындарға қолдау көрсету арқылы атап өту маңызды. Осыған байланысты Ассамблеяның арнаулы қорын құрып, сол арқылы қолдау көрсеткен жөн болар еді. Әрбір ауылда, ауданда, қала мен облыста әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған қоғамдық шаралар айрықша мәнге ие»- деді Нұрсұлтан Назарбаев.
ІҮ.Ассамблея тарихы – біздің достығымыз бен тұрақтылығымыздың тарихы
Оқытушы:Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитарлы мемлекет. Оларды ортақ құрылымның аясына біріктірудің сара жолы – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру болды. Ассамблеяны құру идеясына Қазақстан қоғамының тарихи бастаулары алғышарт болды. Жаңа әрі теңдесі жоқ құрылымды іске асыру жұмыстары аймақтарда Кіші Ассамблеялар құрудан басталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамды топтастырушы тетіктердің біріне айналды. Шын мәнінде, ол ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін жүзеге асырудың маңызды тетігі болатын.
Мекен:1995 жылы 16 ақпанда Президент Н.А. Назарбаев еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесу өткізді. Сонда, Елбасы республикадағы ұлтаралық келісімді сақтау және оны одан әрі нығайту үшін республикада жаңа қоғамдық институт – Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде Қазақстан халқын ортақ мүддеге біріктіретін Ассамблея құру қажеттілігі туындап отырғандығына назар аударды. Ассамблеяның басты мақсаты: Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жаңғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болатындығы айқындалды. Барлық облыстарда Кіші Ассамблеялар құрылып, олардан сессияға 260 делегат сайланды. Сессия 1995 жылы 24 наурызда Алматы қаласында өтті және оның құрамына 40 ұлттық-мәдени орталықтың өкілдері енді. Сессияда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев баяндама жасап, Ассамблеяның ұйымдастырушылық құрылымдары белгіленді.
Жандаулет: Ассамблея құру идеясы қоғамды топтастырушы күш ретіндегі тұжырымдама негізінде ұсынылған болатын. Ассамблея мемлекеттік басқару деңгейіндегі ұлттық саясатты жетілдіруге белсенді түрде атсалысады. Ассамблея Президент жанындағы ұжымдық орган ретіндегі, ал облыстық бөлімдері әкімшілік басшысы жанындағы орган ретіндегі мәртебеге ие. Ассамблея құрылған кезден бастап ұлттық саясаттың барлық бағыттары бойынша мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысып келеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктерді құрамына біріктіреді және олардың жетекшілері Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Кіші Ассамблея мүшесі болып табылады. Ал 2008 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды.
Ерназ: Ассамблея мен этномәдени орталықтар тарапынан көтерілетін бастамалар мемлекеттік деңгейдегі қолдауға ие болады. 1995 жылы сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясы республика тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттілігін 2000 жылы 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөніндегі жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтерді. Мұндай маңызды қоғамдық бастамадан кейін іс жүзінде Ассамблея көпұлтты Қазақстан халқын топтастыратын белсенді қоғамдық институтқа айналды. Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылғы Конституцияның қабылдануына да үлкен қолдау білдірді. Бұл тарихи оқиғалар еліміздегі қоғамдық саяси және құқықтық ахуалға оң өзгерістер әкелгені баршамызға аян.
Әсем: Қазақстан халқы Ассамблеясы сан алуан этностарды азаматтық тұрғыда топтастырудың қуатты құралдарының біріне айналды. Жалпы алғанда, өз қызметінің алғашқы күндерінен бастап Ассамблея еліміздегі этностардың мәдениетінің қайта жаңғыруы мен дамуына елеулі үлес қосып келеді. Наурыз мейрамы, корей, неміс мәдениетінің фестивальдері, татарлар мен башқұрттардың сабантойы жалпы халықтық сипатқа ие болды. Дүнгендер, курдтар сияқты, т.б. халықтардың мейрамдары мен түрлі форумдары республикалық деңгейде дәстүрлі түрде өткізіліп отырады.
Алмат: Ассамблеяның белсенді қызметінің нәтижесінде Қазақстандағы этностардың мәдени өмірі жандана бастады. Өйткені Ассамблея этникалық топтар арасындағы ұйымдастыру жұмыстарының орталығына айналды. Ассамблея органдарына мемлекеттік мәртебе берілуіне байланысты этномәдени орталықтардың мәселелері жедел шешімін тауып, кейбір өзекті мәселелер бойынша үкімет деңгейіндегі шешімдер қабылданады. Ассамблея Кеңесінің шешімімен этномәдени орталықтарға қаржылай және ұйымдастыру жұмыстары бойынша көмек көрсету мақсатында республикалық қор құрылған. Бұл қордың бөлімшелері әрбір облыстарда ашылды.
Заманбек: «Алғыс айту күні - бұл алдымен бейбітшілік пен келісім саясатының нәтижесінде еліміздің ырысы мен ынтымағы, бірлігі мен тірлігі жарасқан Қазақстан азаматтарының бір-біріне деген шынайы алғысы мен ыстық ықыласының белгісі» - деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Елбасы өз мәлімдемесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің 20 жылында қазіргі Қазақстанды мекендеген этностық топтардың ортақ тарихи тағдыры халықтың ділінде, өмірге деген көзқарастары мен ұмтылыстарында жағымды көріністер қалыптастыра отырып, сол арқылы барлық этностарға бірдей ортақ құндылықтар мен идеяларды кеңінен насихаттағандығын атап өтті.
Оқытушы:Бүгін біз Алғыс айту күнінде Қазақстанды қазіргі таңда дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, мойындайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Арман:
— Қара жер жаралғалы қазағымның,
Шын сүйіп, шын түсінген азабын кім?
Жүрекке қолды қойып ниет қылдым,
Жетті деп тарихымды жазатын күн.
Уақыттың диірмендей тасы айналад…
Ұл туса,бауырыңа бас аймалап.
Тағдырды Алла ғана нәсіп етіп,
Тарихты тұлға ғана жасай алмақ!
Жанардың жәудіретіп нұрын ала,
Бұл күнді қүтті қанша Ұлы Дала.
Ұл туды бір Анасы Алты Алаштың,
Күн шықты арай шашып құбылаға.
Күн шықты арай шашып аспаныма,
Дүние кілт айналды басқа ағымға.
Ол Ана ұл тумапты, нұр туыпты
Бүгінгі өзек болар дастаныма.
Ол ұлдың заты – Нұрдан, аты – Сұлтан!
Кеш туған зарықтырып уақытынан.
Жаралған жан әлемі Күлтегіндей,
Халықтың арман, тілек, бақытынан.
Ел үшін Жерді шарлап ұшқан ұлы,
Ұлт үшін аямаған күш-дарынын.
Қазақта Ер тумайды енді Сіздей,
Жарылып кетсе де өті дұшпанымның.
Бабалар армандаған ізгі үмітпен,
Арылды дана халық жүз күдіктен.
— Нұраға, о не дейсіз?Біз дайынбыз!!!
Тарих тұр сахнадан Сізді күткен…
Ермек: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. Қазақ жері – қонақжай төрдің жері, Қазақ елі – қассақтай ердің елі. Толқынында тарихтың қуғын көрген, Барша ұлтқа құт -мекен болған еді.
Айбол: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн, Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын. Татулығын жырға қосам ұлттардың, Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін. Тілі бөлек болғанменен тілек бір, Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл. Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ, Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр. Қазақ елі қашаннан да жыр елі Тарихында тұлғалар көп киелі. Қазақстан аясында бұрыннан Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді. Бір-бірімен тату-тәтті тұрады. Бәрінің де Қазақстан тұрағы.
«Менің Отаным –Қазақстан!» атты бейнеролик көрсету.
Ү. Сертігу: Ризашылық өлеңін оқу:
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын қазірге!
Ризамын қазірге!
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!
Ризашылық күні адамдар бір-біріне қуаныш, шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі, бір-біріне алғысын айтады. Білім алушылар тізбектеліп, бір - бірлеріне тілек білдіріп, өздерінің алғыстарын білдіреді.
ҮІ.Қорытынды: Тоталитарлық жүйенің қолдан жасаған ашаршылығы, кәнпескелеу, репрессия... осының бәрі ұлтымыздың басына нәубет әкелді. Қиындықтарға душар етті. Соған қарамастан қонақжай халқымыз қамкөңіл жандарға қол ұшын созды. Бар мейірімін төкті. Келімсектер деп кемсітпеді. Жатжұрттық мінез байқатпады. Туысындай, ағайынындай көрді. Достық ықыласын білдірді. Кеңдік танытты. Бүгінде солай. Жарасымды, берекелі, ынтымақты тіршілігіміз бар. Ақ көңіл, кең қолтық қазақ әлі де сол бауырмалдығынан таныған жоқ. Елбасының бастамасымен өмірге келген бұл мерекенің мәнісі де сол. Қиын-қыстау заман туғанда қанатының астына алып, пана болған елге алғыс айту. Бұл мереке бізге осы тұрғыдан қымбат болуы тиіс.