Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Бәкір Уалишер
Мектеп психологтары – Ділдәбекова Беріккүл, Жарқынбай Динара
1 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермен қауым! Молшылыққа толы, берекелі «Алтын күз» мерекесі баршаңызға құтты болсын.
2 – жүргізуші: Армысыздар ағайын, құрбы - құрдас! Бармысыздар жанкүйер, әз - қауымдас! Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық Сайыста көңілменен қол соғайық. Біздерде ойын - сауық басталады, Тамаша күй тартылып, ән салады. Қошеметтеп, қол соғып отырайық Ұмыттырар күн бойғы шаршағанды.
1 – жүргізуші: Бүгінгі «Күзгі бал - 2014» байқауына қош келдіңіздер! Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз, Әр үйде ататұғын жаңа таңбыз. Жан мен тән сұлулығын тепе - тең ғып, Бар елді өзімізге қаратамыз. Ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз.
(музыканың сүйемелдеуімен ортаға қатысушы жұптар балдық би билеп шағады. Балдық би сайысымыздың бірінші кезеңі болып саналады. Билеген қимылдарына, киімдеріне баса назар аударылады)
2 – жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз 8 – 9 – 10 сыныптар арасында өткізілгелі отыр. Олай болса, сайыс бағдарламасымен назар аударыңыздар.
Сайыс бағдарламасы 9 кезеңнен тұрады. 1. Балдық би
2. «Кел, танысайық» (бірін - бірі таныстыру) 3. «Сиамдық егіздер»(қағаздан белгілі бір өрнекті қию) 4. «Мәдениет» (ұлдар берілген сөйлемді мимикамен көрсету) 5. Қолөнер бұйымдары
6. «Бояулар сыры»
7. «Өнерің өрге жүзсін»
8.. «Көңілді аспазшы» (кондитерлік тағам)
9. «Күзгі сән әлемі»
1 – жүргізуші: Енді осы сайысымыздың әділ – бағасын беретін, әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Директордың орынбасары – Сұлтанова Сұлушаш
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Бәкір Уалишер
Мектеп психологтары – Ділдәбекова Беріккүл, Жарқынбай Динара
2 – жүргізуші: «Алтын күз – 2014» сайысын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
«Алтын күз» мерекесімен құттықтап, күз ханзадалары мен күз ханшайымдарына сәттілік тілеу үшін сөз директордың орынбасары – Сұлтанова Сұлушаш апайға беріледі.
1 – жүргізуші: Жиналыппыз біз сәтті күні бәріміз де,
2 – жүргізуші: «Сиамдық егіздер» Шарты: екі жұптың біреуінің оң, екіншісінің сол қолы артқа қайырылады. Оң қолы бос оқушы қолына қайшы ұстайды, сол қолы бос оқушы қолына қағаз бетіне түсірілген өрнекті ұстайды. Екеуі бірігіп қағаздағы өрнекті қиып шығуы керек.
1 – жүргізуші:«Мәдениет» Шарты: әділ-қазылар алдындағы конверттегі тапсырмаларды жігіттер ыммен (мимикамен) көрермендерге айтып жеткізуі керек.
2 – жүргізуші: Келесі кезең «Қолөнер бұйымдарына» беріледі.
1 – жүргізуші:«Бояулар сыры» Шарты: Екі ойыншының көздері байланып, қолдарына қарындаш пен бояулар беріледі. Екеуі бірігіп жеміс - жидектердің суретін салуы керек.( алма, алмұрт, қарбыз, лимон, т. б.)
2 – жүргізуші: Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет, Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет, Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей, Жұптарға сөз берелік біз жекелеп, дей келе «Өнерің өрге жүзсін» сайысын бастаймыз! Әр жұп өзінің дайындап келген өнерін ортаға салады.
1 - жүргізуші: Ендігі кезекте «Көңілді аспазшылар» сайысы. Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек, сайыскерлеріміз күз байлығын көрсету мақсатында үйден түрлі күзгі тағамдар дайындап келуі тиіс.
2 – жүргізуші: Модельер болу оңай ма? Қиналып жатсаң мұңайма. Әр мамандық өзгеше, Өз мәнінде, шырайда, - деп келесі «Күзгі сән әлемі» байқауына көшейік. Бұл «Күзгі бал» сайысының ең соңғы қорытынды кезеңі.
1 – жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын, Өмір күрес, жеткізе ме мұратың. Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін, Қатысу да бір жеңіс, жаң болсаң сен оны ұғатын. «Күзгі бал» байқауын қорытындылау үшін әділ-қазылар алқасына аз ғана уақыт береміз! Сайыскерлерді ортаға шақырамыз.
2 – жүргізуші: Келешекте әрі талай сайыстар бар, Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар Өнерлілер көбейсін күннен –күнге Өмір күрес әлі талай жарыстырар - дей отырып, «Алтын күз -2014 » байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін ортаға әділ - қазылар алқасын ортаға шақырамыз.
Марапаттау рәсімі
1 – жүргізуші: Осылайша «Күзгі бал» сайысы өз мәресіне жетті. «Күзгі бал - 2014» байқауының жеңімпаздарына қошемет көрсетейік.
2 – жүргізуші: Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар, Басады кейде онсыз да қиын жалын бар. Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда, Ұстазым менің, достарым менің Бәріңде аман болыңдар!
1 - жүргізуші: Қымбатты көрермендер! Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз. 2 - жүргізуші: Осымен «Күзгі бал – 2014» атты кешіміз аяқталды! Көріскенше, қош - сау болыңыздар!
Бірге: Жеңісті күндерде кездескенше достар!
2 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермен қауым! Молшылыққа толы , берекелі «Алтын күз» мерекесі баршаңызға құтты болсын.
1 – жүргізуші: Армысыздар ағайын, құрбы - құрдас! Бармысыздар жанкүйер, әз - қауымдас! Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық Сайыста көңілменен қол соғайық. Біздерде ойын - сауық басталады, Тамаша күй тартылып, ән салады. Қошеметтеп, қол соғып отырайық Ұмыттырар күн бойғы шаршағанды.
2 – жүргізуші: Бүгінгі «Күзгі бал - 2014» байқауына қош келдіңіздер! Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз, Әр үйде ататұғын жаңа таңбыз. Жан мен тән сұлулығын тепе - тең ғып, Бар елді өзімізге қаратамыз. Ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз.(музыканың сүйемелдеуімен ортаға қатысушы жұптар балдық би билеп шағады)
1 – жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз 8 – 9 – 10 сыныптар арасында өткізілгелі отыр. Енді осы сайысымыздың әділ – бағасын беретін, әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1
2
3
4
5
1 – жүргізуші: «Алтын күз – 2014» сайысын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
«Алтын күз» мерекесімен құттықтап, күз ханзадалары мен күз ханшайымдарына сәттілік тілеу үшін сөз директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Бәкір Уалишер ағайға беріледі.
2 – жүргізуші: Жиналыппыз біз сәтті күні бәріміз де,
8 «А» сыныбынан Жүсінов Әлиасқар мен Серікқызы Сания
9 «А» сыныбынан Халық Ақерке мен Нұрлыбай Берікбол
10 «А» сыныбынан Серікұлы Дамир мен Нұртаева Мөлдір
10 «Ә» сыныбынан Құлтаева Нұрханым мен Орынбек Еркін
1 - жүргізуші: Құрметті көпшілік көрерменім, Жақсылыққа әрдайым артқан сенім. Ақжол тілеп үкілі үміттерге, Таныстыру шартына кезек бердім.
2- жүргізуші: Ендеше бірінші шартымыз «Кел, танысайық» үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы.
1 – жүргізуші: «Сиамдық егіздер» Шарты: екі жұптың біреуінің оң, екіншісінің сол қолы артқа қайырылады. Оң қолы бос оқушы қолына қайшы ұстайды, сол қолы бос оқушы қолына қағаз бетіне түсірілген өрнекті ұстайды. Екеуі бірігіп қағаздағы өрнекті қиып шығуы керек.
2 – жүргізуші:«Бояулар сыры» Шарты: Екі ойыншының көздері байланып, қолдарына қарындаш пен бояулар беріледі. Екеуі бірігіп жеміс - жидектердің суретін салуы керек.( алма, алмұрт, қарбыз, лимон, т. б.)
1 – жүргізуші: Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет, Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет, Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей, Жұптарға сөз берелік біз жекелеп, дей келе «Өнерің өрге жүзсін» сайысын бастаймыз! Әр жұп өзінің дайындап келген өнерін ортаға салады.
2 – жүргізуші:«Мәдениет» Шарты: әділ-қазылар алдындағы конверттегі тапсырмаларды жігіттер ыммен (мимикамен) көрермендерге айтып жеткізуі керек.
1 – жүргізуші: Келесі кезең «Қолөнер бұйымдарына» беріледі.
2 - жүргізуші: Ендігі кезекте «Көңілді аспазшылар» сайысы. Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек, сайыскерлеріміз күз байлығын көрсету мақсатында үйден түрлі күзгі тағамдар дайындап келуі тиіс.
1 – жүргізуші: Модельер болу оңай ма? Қиналып жатсаң мұңайма. Әр мамандық өзгеше, Өз мәнінде, шырайда, - деп келесі «Күзгі сән әлемі» байқауына көшейік. Бұл «Күзгі бал» сайысының ең соңғы қорытынды кезеңі.
2 – жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын, Өмір күрес, жеткізе ме мұратың. Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін, Қатысу да бір жеңіс, жаң болсаң сен оны ұғатын. «Күзгі бал» байқауын қорытындылау үшін әділ-қазылар алқасына аз ғана уақыт береміз! Сайыскерлерді ортаға шақырамыз.
1 – жүргізуші: Келешекте әрі талай сайыстар бар, Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар Өнерлілер көбейсін күннен –күнге Өмір күрес әлі талай жарыстырар - дей отырып, «Алтын күз -2014 » байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін ортаға әділ - қазылар алқасын ортаға шақырамыз.
Марапаттау рәсімі
2 – жүргізуші: Осылайша «Күзгі бал» сайысы өз мәресіне жетті. «Күзгі бал - 2014» байқауының жеңімпаздарына қошемет көрсетейік.
1 – жүргізуші: Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар, Басады кейде онсыз да қиын жалын бар. Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда, Ұстазым менің, достарым менің Бәріңде аман болыңдар!
2 - жүргізуші: Қымбатты көрермендер! Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз. 1 - жүргізуші: Жеңісті күндерде кездескенше достар!