?р мектепте алтын к?з балы д?ст?рлі т?рде ?тетіні белгілі н?рсе емес пе б?л сценарий жо?ар?ы сынып о?ушыларына к??ілді кеш ?йымдастыру?а к?мек болады деп ойлаймын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Бүгінгі сары алтын түске малынған, сары жапырақ жамылған «Алтын күз – 2015» балына барашаңыз да қош келдіңіздер!
Табиғаттың тылсым күшіне бағынышты жарықтық Жер-Ана да қаһарлы Қыстың қарсаңында тотыдай таранып, алуан-алуан түске еніп, бір бой түзеп қалғандай ма?!
Ия, жадыраған жарқын Жазды бір жыр етіп қалайын дегендей көктегі тырулаған тырналар да әсем әнімен жүректі тербейді. Күз тамашасын жүрегі жоқ жандар ғана түсінбес.
Аймағы – алқап, жағасы – жайлау, жаны – гүл,
Жүзінен нұры көрмеген тайып әлі бір.
Күз дейді ау мұны. Күз емес, тіпті жәй ғана.
Даламның терең ойланып қалған шағы бұл.
Адырлы қырлар сүйкімді-ең неткен, аяулы ең!
Төсіңді шарлап келемін тынбай жаяу мен.
Түйсіндім сонда: сары далам «Сарыжайлауды»
Ойнап тұр үнсіз тіл жетпес тылсым бояумен.
Күрең Күздің тамашасы таусылмас-ау, сіра! Қарашы айнала қандай ғажап, бейне бір Ертегілер елінде жүргендейсің!
Шынында да бүгінгі кеш, басқа кештерден өзгерек,
Бүгінгі ән басқа әндерден өзгерек.
Бүгінгі кешке ұйқасы әсем сөздер керек,
Бүгінгі сұлулықты тамашалайтын тұнық көздер керек.
Себебі бүгін «Алтын күз» балы!
Манадан «өзгерек, өзгерек» - деп қақсап жатырмыз, сол өзгешеліктің неде екенін айта кетпейміз бе?
Байқайсың ба, бүгін қыз біткен сұлуланып, танымастай өзгеріп кетіпті. Беттері алмадай алабұртып, гүл-гүл жайнайды. Бозбалалар да жүздерінен жалын атып, өзгеше бір күйге енген. Сөздері сырбаз, жүрістері маңғаз.
Себебі, бүгінгі кеш біздің ұл-қыздарымыздың алғашқы балы десек те болады. Мен білсем балды шырайлы вальспен ашқан дұрыс.
Ендеше «Алтын күз» балының ханшайымдары мен ханзадаларын зор құрметпен ортаға шақырайық. «Алтын Күз» вальсі. Қарсы алыңыздар!
(Вальс: 8 а, 9 б, 8 б, 10, 9 а)
Бүгінгі ерекше мерекенің әні де, сәні де ерекше болмақ деп айтып жатқан жоқпыз ба? Сондықтан бүгінгі кештің өту барысымен барлық көрерменді таныстырып өтсек.
Ия, бүгін мектебіміздің 8-10 сыныптарынан барлығы 18 жұп күзгі бал мерекесіне сайланып келіпті. Кеш барысында түрлі қызықты ойындарға қатысып, өз өнерлерін ортаға салмақ.
Кеш соңында ең белсенді, ең өнерлі жұп,
Ең епті, ең мықты жұп,
Ең көңілді, ең ұтқыр жұп марпатталатын болады.
Кеш соңында сыныптардың ұйымшлыдығы мен ауызбірлігін,
Жұптардың сахна мәдениеті мен жарасымдылығын да бағалайтын боламыз.
Ендеше іске сәт, ханзадалар мен ханшайымдар!
Ал, жеңімпаздарды анықтайтын қара қылды қақ жарған әділ қазы алқасы құрамы төмендегідей:
- Жунусова Анар Махсотовна
- Бигазиева Алия Махсотовна
- Нұрмұханбетова Зинегүл Шаяхметовна
- Мусина Алия
Сахнада 10 сыныптың музыкалық сәлемдемесі Қанатқали Айбар «Күзгі қайың» әнімен, қарсы алыңыздар.
Кезекті «Сиям егіздері» ойынына береміз. Әр сыныптан бір-бір жұптан ортаға шақырамыз.
Ойын шарты мынадай: ұл мен қыз «Сиям егіздері»кейпіне еніп, бір бірінің белдерінен құшақтап тұрады. Біреуінің оң қол, екнішісінің сол қолы ғана бос болу керек. Екеуі бірігіп шарды үрлеп, жіппен байлау тиіс. Шарды тез әрі ең үлкен етіп үрген жұп жеңімпаз атанады.
Сахнаға әсем әнімен Зинеденова Ақботаны шақырамыз. Баршаңызды Ақботамен бірге «Балалық шаққа саяхат» жасап қайтуға шақырамыз.
Ендеше не тұрыс, кеттік.
Келесі ойын «Алма теру» деп аталады. Ойынға тағы да төрт жұпты шақырамыз.
Ойын шарты. Мына арада табақта суда алмалар бар. Ұл баланың көзін байлаймыз. Ол табақтағы судан алманы аузымен тауып алып, қыздың қолындағы тәрелкеге апарып салу керек. 5 минут ішінде кім көп алма жинаса, сол жұп жеңімпаз атанады.
Сахнада 8 а сыныбының музыкалық сәлемдемесі. «Жаяу» әнімен 8 а сыныбының дебютанттарын қарсы алыңыздар.
Келесі ойын «10 сұрақ» деп аталады. Ортаға тағы да үш жұпты шақырамыз. Бір ойыншының көзі байланып, маңдайына стикер жапсырылады. Стикердегі сөзді табу үшін ойыншы жұбына 10 сұрақ қою керек. Жұбы тек қана «Ия, жоқ» - деп жауап беруге тиісті. Тез, дұрыс тапқан жұп жеңімпаз атанады.
Сахнаға 9 б сыныбының өнерлі ұл-қыздарын шақырамыз.
Бұлар қандай ән орындайды?
Өзім де білмей тұрмын, қазір көреміз?
Келесі ойын «Суретші жұптар» деп аталады. Ойынға үш жұпты шақырамыз. Жұптардың қолдары байланады. Қыз бен ұл бірігіп, тез әрі әдемі етіп Алтын күздің суретін салып шығу керек. Ең әдемі сурет иелері жеңімпаз атанады.
8 б сыныбынан Майтанова Назерке барша көреременге арнап музыкалық сәлемеме жолдайды. Қарсы алыңыздар.
Келесі ойын «Кім епті, кім мықты?» деп аталады. Ортаға тағы да үш жұпты шақырамыз. Ұл балалар гир тасын көтеріп, өз мықтылығын сынаса, қыз балалар қашықтықтан кәрзеңкеге боп лақтырады.
Мен көптен бері Нұржолдың даусын ести алмай жүрмін.
Ия, бәріміз де Нұржолдың ашық даусын сағыныппыз. Ендеше саханаға Бахош Нұржолды «» әнімен шақырамыз. Қарсы алыңыздар.
Келесі ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ортаға тағы да үш жұпты шақырамыз.
Әр жұп бір әріптен келетін сөздерден барынша ұзын сөйлем құрастыру керек. Үстел берілмейді. Ұлдардың жауырынын үстел етіп, қыздар сөйлемді жазып шығу тиіс.
Мына 9 а сыныбының оқушылары қандай өнерлі?! Шеттерінен әнші, шеттерінен биші.
Рас айтасың, әне тағы біреуі сахна сыртында кезек күтіп тұр.
Ендеше шақырайық бері, 9 а сыныбының сүйкімді әншісі Меренова Қаракөз «Ризамын» әнімен. Қарсы алыңыздар.
Келесі кезекті «Сұрақтар жәрмеңкесі» ойынына береміз. Ойынға барлық жұп қатыса алады. Қол көтермей жауап беруге болмайды. Әр дұрыс жауап үшін тәтті сыйлықтар бар.
Теңіз бейнесін суреттеген ұлы орыс пейзажисті? (Айвазовский)
Суретшінің өз кейпін салған шығармасы? (Автопортрет)
Кезекті бүгінгі кештің көрермендері 11 сынып оқушыларына бергім келіп тұр, олар да бір әу десін.
Әрине, 11 сыныптың мектеп қабырғасындағы соңғы Күзгі балдары емес пе. Орадың да айтары бар шығар.
(Баяу музыка ойнап тұрады)
Қашаннан бізге күздің сыры мәлім,
Ертеңнен еңістеп жүр тағы да күн.
Бұлыңғыр көкжиекті жатыр өртеп,
Ағаштар – маздап жанған сары жалын.
Жарықтық қайтқан қаздың тыңдашы үнін,
Әлі де тым бұйығы күз басы бұл.
Ертең-ақ төңіректі теп-тегіс қып,
Қаптатар боз тұманын қырға шұғыл.
Жылытпас енді күннің шырын нұры,
Байқайсың бәрінен де бұрын мұны.
Тек қана шапағатшыл от жүректер,
Жылытып жүрер күзде бірін-бірі.
Әрине жаз көркіне табынамын,
Күз келсе, жазды аңсаймын, жабығамын.
Ұқпадым не сиқыры бар екенін,
Ал жазда қоңыр күзді сағынамын.
Қымбатты да, қадірлі көрермендер. Міне бүгінгі «Алтын күз» балы да тамамдала келді. Бұл кештің негізгі мақсаты барынша жоғары көңіл-күй сыйлап, қарбаласта өткен аптаның соңында Сіздерге демалыс сәтін сыйлау болатын.
Ия, ойынымыз осылғанша ойнап, әсем әндерге елітіп билеп мәре-сәре боп қалдық емес пе?! Осындай көңілді кешті ұйымдастырған «Сымбат» эстетикалық пәндер бірлестігінің ұстаздарына көп-көп алғыс білдіреміз.
Бүгінгі кештің қорытындысын айту үшін, микрофонды әділ қазы алқасына ұсынамыз.