kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Алтын ж?ректі Анамыз" ?зін-?зі тану п?нінен сыныптан тыс шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:

         «Б?бек» балалар ?айырымдылы? ?орыны? Президенті

 Сара Алпыс?ызы Назарбаеваны? ?мір жолы, жалпы адамзатты? рухани ??ндылы?тар?а бастайтын ?айырымдылы? іс-шаралары,еліміздегі адамгершілік-рухани білім беруіні? дамуына ?ос?ан ?лшеусіз ?лесі, жер бетінде ?мір с?рген барлы? халы?тарды? арманы - ?зара т?сіністік пен сыйласты?ты са?тауы деген ?а?идасын т?сіндіре отырып, «?зін-?зі тану» ?леміні? басты ма?саты – ?л –?ыздарымызды жеке ?зімен ж?не ?зін ?орша?ан ортамен ?йлесімділікпен ?мір с?руге баулу. Сара Алпыс?ызыны? ?ла?атты ?станымдары ар?ылы жас ?рпа?ты? ж?регіндегі ?мірге, ата-анасына, е? жа?ын адамдарына, жалпы адам  атаулы?а деген бауырмалды?, с?йіспеншілік,махаббат,досты? секілді ізгілік ?асиеттерге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Алтын ж?ректі Анамыз" ?зін-?зі тану п?нінен сыныптан тыс шара »

«Алтын жүректі ана»

( С.А.Назарбаеваның өмірі мен еңбек жолына арналған

сыныптан тыс шара)

« Мейірім мен махаббат жылуы

жүректен-жүрекке жетіп,әлемді

Махаббат пен Қайырымдылық

шуағына бөлесін»

Сара Назарбаева

Мақсаты:

«Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті

Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары,еліміздегі адамгершілік-рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардың арманы - өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіре отырып, «Өзін-өзі тану» әлемінің басты мақсаты – ұл –қыздарымызды жеке өзімен және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу. Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата-анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік,махаббат,достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

С.А.Назарбаеваның портреті, «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында

көрме, интерактивті тақта.

Барысы:

-Құрметті оқушылар!

Біз Қазақстан деген «үлкен отбасында» өмір сүреміз . Барлық отбасындағы сияқты осы үлкен мемлекетті басқаратын адам ол-Президент. Отбасының тірегі ең алдымен өз елінің гүлденуі, дамуын ойлайтын адам. Бірақ, әр отбасына балалардың қамын ойлайтын, жылылық беретін аялы алақан иесісі де бар. Сендер айта қойыңдаршы , ол кім?

- Әрине, дұрыс айтасыңдар, ол біздің аяулы аналарымыз. Ал енді біздің «үлкен отбасымыздың», яғни Қазақстанның анасы – ол Сара Алпысқызы Назарбаева. Біз ол кісіні Ел Анасы деп атаймыз. Бүгінгі біздің сабағымыз Сара Алпысқызы Назарбаеваның сан- салалы қайырымдылық қызметіне арналмақшы.

-Ендеше балалар, барлық жер бетіндегі аналарға арнап Ғафу Қайырбековтың сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқрвтың әні «Ана туралы жырды» 4 – сынып оқушысы Төлеубайқызы Айжанның орындауында тыңдайық.


Еркеназ : Жетімдердің анасы, жесірлердің панасы,

Алпыс аға бөбегі, Нұрағаның Сарасы.

Жанын салып жүр бүгін қарлығашы бақыттың,

Жақындаса түссін деп адамдардың арасы.

«Жақындықпен күресіп, жақсылықты жетелеп,

Қиындықсыз өмір жоқ, қиындықпен өт ептеп».

Дейді бізге Сарамыз,дегеніне нанамыз,

Өзі бастап барадай бір сәулетті бекетке.


Мадина: Бөбек сөзі түспейді сенің сөздік қорыңнан,

Баспана боп оларға, келе жатсың болып нан.

Сол балалар үшін бәйек болып күндіз – түн.

Аяп көрген, жоқсың сен келгеніңді қолыңнан.

Серікбол: Алда талай қиналу, алда талай толғаныс,

Жетсем екен дейтұғын арман да асыл, жол да алыс.

Шешек жару , гүл ату – Жер-Ананың төл ісі,

Жылағанды жұбату – Ел –Анадан қалған іс.


(Интерактивті тақтадан «Мейірімді жүрек» атты Сара Назарбаеваның өмірбаяны және еңбек жолына арналған слайд көрсетіліп тұрады.)

Ортаға 6-сынып оқушылары шығады.


Нұрым: «Бөбек – Cара Алпысқызы қоғамдық қоры» 1992 жылы

құрылған.Қызметінің басты бағыттары : ана мен баланы қорғау,

нәрестелер мен балаларға қолдау көрсету, балалар денсаулығын

сақтау ісіне жәрдемдесу.Осы қор ашылған жылы Қазақстанда

«Қуаныш пен Үміт үйі» аталатын тұңғыш халықаралық телемарафон

өткізді. Одан түскен қаржы Алматы қаласында «Бөбек» балалар

емдеу-сауықтыру орталығын салуға жұмсалды.


Диас: «Бөбектің анасы атанған Сара Алпысқызы көптеген игі істерге

ұйтқы болды. Көптеген қайырымдылық шараларды ұйымдастыруда

бір кісідей ат салысып келеді. Ерен еңбегі әлемдік қауымдастық

назарын аударып , 1999 жылы «SOS- Киндердорф» халықаралық

қорының Алтын медалімен , 2002 жылы БҰҰ балалар қорының

ескерткіш медалімен, І дәрежелі Достық орденімен марапатталған.

Алихан: 2006 жылы мамыр айында Мәскеу қаласында адамзаттың ізгі

мұраттарына қызмет атқарғаны үшін «Алтын жүрек» халықаралық

сыйлығы тапсырылды. Қазылар алқасының шешімімен жетім

балалардың мүдделеріне көп жылдар қалтқысыз қызмет көрсеткені

үшін «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры Президенті

С.А.Назарбаева «Алтын жүрек» халықаралық сыйлығының лауреаты

болды.


Балдырған: Сара Алпысқызы жалпы рухани-адамгершілік құндылықтарды

қалыптастырудың, қайта өрлеу «Өзін-өзі тану» бағдарламасының

авторы болып табылады. «Өзін-өзі танудың» философиясына

ұланғайыр үлес қосқаны үшін Шыңғыс Айтматов атындағы «Алтын

медальға ие болды.


Дильназ: 2010 жылы аналар мен балаларды қорғаудағы,Қазақстанның жас

ұрпағына рухани- тағылымдық білім берудегі еңбегі үшін

«Достастық жұлдызы» сыйлығы табыс етілді. Аталмыш марапат

білім және ғылым, әдебиет пен өнер, гуманитарлық салалар

бойынша берілетін болса, гуманитарлық бағыт тұңғыш рет бұл

марапатты Сара Алпысқызы иеленіп отыр.

Мұғалім:

  • Міне, балалар «алтын жүректі ананың» өз елінің балаларына

деген шексіз қамқорлығының көрінісі осындай.

Сара Алпысқызы сонымен қатар қоғамның,адамның рухани-адамгершілік дамуы бойынша бірнеше кітаптардың авторы: «Өзіңе жол»(1999ж.), «Өмір әдебі» (2001ж.), «Сүйіспеншілікпен» «2001ж.)

Ортаға бастауыш сынып оқушылары шығып Ел Анасына арнау өлеңдер оқиды. (Өлең жолдарының авторы С.Тыныбаев)

1-сынып оқушысы Қапият Зарует:

Өзі аялап мәпелеп,ғұмыр жайлы жыр еткен,

Үміт күткен Агамыз сол өсірген түлектен.

Ұғындырды өмірдің жақсы,жаман тұстарын,

Ұғындырды аналық және алтын жүрекпен.

2-сынып оқушысы Зайтын Аңсаған:

Жанарларды нұр ойнап,сенім орнап көңілге,

Талай сәби гүлденіп,құштарланды өмірге.

Әрбір әзә гүл-дастан, кең құшағы нұр шашқан,

Мың рахмет дүниеге Сізді әкелген тәңірге!

3-сынып оқушысы Досжанов Мейірлан:

Күлкісіне сәбидің толсын деп кең даламыз,

Шапағат пен мейірім дәнін сепкен панамыз.

Алдыңызда мәңгілік қарыздар боп қаламыз,

Құтты болсын туған күн,Алтын жүрек Анамыз!

4-сынып оқушысы Зарухан Шыңғыс:

Қиялменен кейде бір аспанға ұшқың келмей ме,

Әлі бала болсам да, таң қаламын мен кейде.

Сара апамыз бір өзі даңқын елден асырып,

«Бөбек» қорын көтерді халықаралық деңгейге.


Мұғалім:

-Құрметті оқушылар,қонақтар! Бүгінгі кешімізді Сара Алпысқызының айтқан ғибрат тілегімен қорытындылаймыз:

(Тілек слайд арқылы көрсетіліп тұрады)

«Қымбатты балалар, мен – Анамын, Әжемін,шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық балаларды өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата-анаңа, айналаңдағы адамдарға мейірімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда сенімділік,өмір сүруге деген құштардық,жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, ата-анаңа,ең жақын адамдарға деген бауырмалдық,сүйіспеншілік бүр жарып,махаббатқа,достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек ттілеймін».


( Кеш соңында оқушылар өздеріне берілген парақшаларға

құттықтауларын жазып тапсырады).




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Алтын ж?ректі Анамыз" ?зін-?зі тану п?нінен сыныптан тыс шара

Автор: Жумагулова Назым Ахтановна

Дата: 01.04.2015

Номер свидетельства: 195063


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства