«Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы.
Ойын сауық
«Алтын күз»
(Күншуақ ортанғы топ)
Тәрбиеші:Темирбаева.М.Г.
Қараша. 2016жыл.
"Алтын күз"
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Күншуақ» ортанғы тобының «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жүп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Тақпақтар:
1. Нурсулу:Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі,
Сарғайып жапырақ
Саудырап түседі.
Мансур:Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой,алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Фатима:Көк майсалы көрікті.
Алқаптағы көп егін.
Бүл күндері киепті,
Сары жібек көйлегін.
2.Ән:Күз ырғағы».
3.Мерекеге саңырауқүлақ достарын іздеп келеді.
Жүргізушы:Салеметсің бе, саңырауқүлақ.Біздің мерекемізде кімді іздеп келдіңіз.
Саңырауқүлақ:.Мен кішкентай достарымды іздеп келдім.Қанекей достарым би билеп берейік.
4.Би: «Саңырауқүлақ».
Саңырауқүлақ:Балалар мерекелеріңізді біраз тамашаладым,енді мағанда орманға кету керек Мен кішкентай достарымды орманға алып кетейін.
Жүргізушы:Жоқ,жоқ кішкентай достарың күзгі мерекені тамашалағысы келіп отыр.
5.Саңырауқүлақ:Сау болыңдар балалар!
6.Жаңбырдың дауысы:
Жүргізушы:Балалар бүл ненің даусы?
Балалар:Жаңбырдың даусы.
Жүргізушы:Дүрыс айтасындар,бүл жаңбырдың дауысы екен.Балалар жаңбыр жауғанда біз ненің астына тығыламыз.
Балалар:Қолшатырдың астына.
Жүргізуші:Күзде жаңбыр жауады,
Ойнатпайды біздерді,
Қолымызда қолшатыр мен
Билеуге біз барамыз.
7.Би: «Қолшатыр биі».
Жүргізуші: Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?
Балалар: Ол күз.
8.Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!
Жүргізушы:Сәлеметсізбе Алтын күз,Біздің мерекемізге қош келдіңіз.
Күз: Береке бақ дарыған,
жомарт көңіл жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам. Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар: Жоқ.
Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап
Шақырады жарқын жүз
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл. Түссе –сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!
Жүргізуші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі.Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
9. Тақпақтар:
Инабат Аспанды сұғылт бұлт,
Жан-жақтан жабады.
Күн бірте суытып,
Жауын көп жауа
Аңсар:Көбейді қүт-береке,
Астық толы қоймамыз,
Құтты болсын мереке.
Алтын күзді тойлаймы.
Ажар:Жер берді жемісті,
Күз келді келісті,
Күз-байлық береке
Алтын күз- мереке.
10.Ән: «Күз жаңбыры».
11.Күз:Қане,балалар,осындай молшылық күз айында бір ойын
ойнап жіберейік.Ол ойын «Дәмінен ажырат».
Жүргізушы:Күзде өздері пісетін,
Тамақа кеп түсетін.
Мақтанбақшы сендерге
Көкөністер әр түрлі.
12.Тақпақтар:
Асылназ: Асханадан шықпаймын,
Атым –пияз,бұқпаймын
Көзден жасты шығарам,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Мирхат: Картоп-біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Інжу: Өсіретін бойыңды.
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.
Рауан: Астық жеміс жиылды.
Қамбамызға қүйылды.
Адақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйынды.
Жүргізушы:Алтын күз,балалардың өнерлері ұнады ма?
Күз:Рахмет,балалар маған мереке қатты ұнап жатыр.Менде сендерге би ала келдім.
13.Би:«Гүлдербиі»
14.Ән: «Жеміс жидек».
Күз: Өте тамаша, балалар!
Ал енді менің орманға баратын уақытым болды.
Берекелі бақ-дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болыңдар, балалар,
Келгенше жыл айналып.
Ал, тәрбиеші апай менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді.Мен соны сізге берейін балаларға таратып берінізші.
15.Би: «Жапырақтар».
Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!