kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Алтын ұя - ақ ордам"

Нажмите, чтобы узнать подробности

конкурс с участием родителей "Алтын ұя - ақ ордам" 1 - 11 классы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Алтын ұя - ақ ордам"»

Тақырып: «Алтын ұя-ақ ордам» отбасылық сайыс.

Мақсаты: мектеп, оқушы, ата-ана арасында тығыз байланыс қалыптастыру және мектеп пен отбасының әрекеттестігі нәтижесінде жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Отбасының ынтымақтастығын арттыру арқылы шығармашылық қабілеттерін байыту.

Көрнекілігі: сахнаны мерекелік безендіру, «Отбасы» эмблемасы, шарлар.

Наурыз мерексіне арналған қабырға газеттері.

Барысы: музыка ойналады, ортаға екі жүргізуші шығады.


1-ж: О, жарандар, жарандар,

Бәрің мұнда қараңдар!

Наурыз тойы басталды,

Текке қарап тұрмаңдар.

2-ж: Әуелесін армандар,

Үміті от боп жанғандар.

Бақ дарып, Қызыр қарасын,

Мерекеден қалмаңдар.

1-ж: О, жарандар, жарандар,

Тамашадан қалмаңдар.

Құс қанатты көңілмен,

Жер әлемді шарлаңдар.

2-ж: Оятып шың мен асқарды,

Ерітіп мұз бен ақ қарды.

Нұрландырған даланы,

Наурыз көктем басталды. Наурыз мерекесі баршаңызға құт-береке әкелсін!

1-ж: Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар! Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын!

2-ж: «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын» десіп, өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, ақ көңіл, адал жүрекпен құшақтарын айқастырып табысатын қасиетті күн Наурыз мерекесі құтты болсын, ағайын!

1-ж: Мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры Секуов Әсет Жанжігірұлына береміз.

2-ж: Кел, балалар ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық.

Баянды боп мереке,

Қыр гүліндей жайнайық. Бүгінгі өткелі отырған: «Алтын ұя-ақ ордам» атты отбасылық сайысқа қош келдіңіздер!

1-ж: 5-сынып оқушысы Құрманбек Жақсылықтың орындауында:

«Қос бәйтерегім» әнін тамашалайық!

2-ж: «Алтын ұя»- бірлік пен ынтымақтың,

Татулық пен асқақ мейірімділіктің мекені.

«Алтын ұя»- ата-баба мұрасымен жалғанған,

Үзілмес мөлдір бұлақтың бастауы.

1-ж: Бақытты отбасы келешек кепілі,

Тәрбие- бұл жұмбақ шешімі.

Үйрету, үлгі ету, өнеге көрсету, Әрқашан ата-ана міндеті,- деп, «Алтын ұя-ақ ордам» сайысына қатысқалы отырған отбасыларды сахна төріне шақырамыз.

2-ж: №1- Базар әулеті 1-сынып Бақытбек Айым

№2 - Бақытбек әулеті 2- сынып Бақытбек Ақмарал

№3- Айдабуловтар әулеті 3-сынып Айтжан Мақсұтқан

№4- Қыздарбековтар әулеті 4-сынып Байбекова Мадина

№5- Лайық әулеті 6-сынып Лайық Әлия

№6- Сәулебек әулеті 7-сынып Сәулебек Ақжалын

№7- Ержан әулеті 8-сынып Ержан Сәңдігүл

№8- Кеңшілік әулеті 9-сынып Кеңшілік Ғизат, Байқалған Нұрдәулет

№9- Жарқын әулеті 11-сынып Жарқын Айсәуле

1-ж: Сайыскерлерімізге қошемет!

2-ж: Халқы бар ынтымақты шырақ еткен,

Тәрбиелі, үлгілі ауыл неткен.

Шағын орда отбасы аталады,

Сыйластық, жақсылықтың дәнін еккен,- демекші, бүгінгі отбасылардың өнерлерін бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.Секуов Әсет Жанжігітұлы- мектеп директоры

2. Абыкеева Бекзат Қонақбайқызы- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

3. Жаниев Қайролла Қайыргелдіұлы- музыка пәнінің мұғалімі

4. Жүнісова Мақпал Өмірзаққызы- ағылшын пәнінің мұғалімі

1-ж: Құрметті әділқазылар алқасы сіздерді сайыстың шарттарымен таныстырып кетейін:

  1. Таныстыру (менің отбасым, әр отбасы өздерін таныстырады)

  2. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» (іскерлік шеберік,

қолөнер байқауы, әр отбасы өздерінің қолөнерлерін көрсетеді және қорғайды)

  1. «Эрудиттер байқауы» (әр отбасыға 10 сұрақтан беріледі, 15 секунд ішінде жауап беру керек)

  2. «Жалғасын тап!» (мақал-мәтелдердің жалғасын табады)

  3. «Өнерлі отбасы» (әр отбасы өз өнерлерін көрсетеді)

2-ж: Бас қосты отбасылар бүгін кеште,

Жол салып асыл мұра ұлы іске.

Мыңның түсін білгенше, бірдің атын,

Білгеніміз ағайын жөн емес пе.

Ізгі салтын, бірлігін жариялар,

Отбасы алтын мұра дариялар.

Бөленіп көрерменнің пейіліне,

Таныстырсын кезеңмен жанұялар,- дей отырып, сайысымыздың бірінші бөліміне кезек береміз.

(отбасылар өздерін таныстырады, әділқазылар алқасы баға беріп отырады)

1-ж: Қыз ақылы ескермес,

Ана үлгісін көрмесе.

Ұл жарылқап ас бермес,

Әке үлгісін көрмесе,- дегендей, сайыстың «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» екінші бөліміне кезек береміз.

(әр отбасы өздерінің қолөнерлерін көрсетеді, қорғайды, әділ қазылар алқасы баға беріп отырады)

2-ж: Мына өмір, тосын жайдан, қызықтардан құралған.

Тар жолы бар тайғақ кешу, жол таптырмай бұралған.

Мына дүние қарап тұрсақ қым-қуыт, Тұрады екен мың сұрақ пен жауаптан,- демекші сайыстың «Эрудиттер» деп аталатын үшінші бөліміне кезек береміз.

(әр отбасыға 10 сұрақтан беріледі, 15 секунд ішінде жауап беру керек, әділ қазылар алқасы баға беріп отырады, уақытты әділқазылар айтып отырады)

1-ж: Сайысымыздың келесі бөлімі: «Жалғасын тап!» деп аталады. Әр отбасынан бір адам келіп, сандықшадан мақал- мәтелдер алады да, жалғасын тауып айтады. (сандықшадан мақал-мәтелдер алынады)

(әділқазылар алқасы баға береді)

2-ж: Куә болдық ата-ана шеберіне,

Ұрпағымыз жетсін әркез кемеліне.

Баршамызда көзімізді жеткізейік,

Бұл байқауда балалардың өнеріне, - дей келе сайысымыздың соңғы бөлімі

«Өнерлі отбасы» сайысына кезек те келіп жетті.

(әр отбасы өз өнерлерін көрсетеді, әділ қазылар алқасы баға беріп отырады)

1-ж: Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан үзілмес алтын көпірдің көрінісі, ұлттық болмысымызды ашар бірліктің бәйгесі, «алтын ұя-ақ ордам» сайысы өз мәресіне жетті.

2-ж: Әділқазылар алқасы қорытынды шығарғанша:

Мектеп оқушыларының өнерлерін тамашалайық! Қарсы алыңыздар!

1.7-сынып оқушысы Жанбек Темірланның орындауында бір ән тамашалайық

2. 4-сынып оқушысы Оспанов Ернұрдың орындауында «Байқоңырым» әні.

3. 7-сынып қыздарының орындауында қазақ биін тамашалаңыздар

1-ж: Сөз кезегі әділ қазылар алқасында. Сайыскерлерімізді марапаттау рәсіміне кезек берейік.

(марапаттау кезеңі)

2-ж: Қызық сәттер толқын уақыт өтті тағы,

Бәз біреуге ашылды Қадыр бағы.

Келесі кездескенше хош айтамыз,

Жайқалсын отбасылар жапырағы!

1-ж: Наурыз тойы асқақ әнмен шарықтасын,

Халқымыз той- думаннан жалықпасын.

Жер жүзі бейбітшілік заман болып,

Ұрпақтар әрқашанда аман болсын!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Алтын ұя - ақ ордам"

Автор: Сактаганова Рая Жандарбековна

Дата: 10.05.2017

Номер свидетельства: 414074

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "План урока "Алтын Орда" "
    ["seo_title"] => string(21) "plan-uroka-altyn-orda"
    ["file_id"] => string(6) "110056"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1405462858"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Алтын Орда, А? Орда, Мо?олстан мемлекеті"
    ["seo_title"] => string(42) "altyn-orda-ak-orda-mog-olstan-miemliekieti"
    ["file_id"] => string(6) "280012"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453308555"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Алтын Орда (ХІІІ ?. Ортасы – ХVІ ?. басы) "
    ["seo_title"] => string(37) "altyn-orda-khiii-g-ortasy-khvi-g-basy"
    ["file_id"] => string(6) "170901"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423592926"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Алтын Орда (ХІІІ ?. ортасы – ХVІ ?. басы)ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(40) "altynordakhiiigortasykhvigbasyashyksabak"
    ["file_id"] => string(6) "278553"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453108724"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "«Алтын Орда» мемлекетіні? ??рылуы"
    ["seo_title"] => string(31) "altynordamiemliekietininkuryluy"
    ["file_id"] => string(6) "278557"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453109857"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства